1. Қазақстан халқы үшін Тұңғыш Президент күнінің маңызы қандай?
2.Астананың ЕХРО-2017 көрме иесі атану тарихи жағдай болып
табылады. Бұл халықаралық көрме Қазақстанға не береді?
Құрметті оқырмандар, аталмыш сұрақтарға өз ой-пікірлеріңізді адресіне жолдай аласыздар, үздік авторларды «Білік» газетіне жариялап, Елбасының«Стратегия
Независимости», «На пороге XXI века» атты кітаптарын сыйға тартамыз.
Сонымен қатар, «Білік» газетінде қандай мақалалар оқығыңыз келетіні
жайлы ойыңызбен бөліссеңіз болады.
2013 жылдың 23 шілдесінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік
университетінің ғалымдары G-global коммуникативтік алаңында өткен
«Қазақстан Республикасында тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары
және тауар шығарылған жерлердiң атауларын қорғау» атты халықаралық
конференцияға қатысты.
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті жанындағы Технологиялық трансферті және инновациялар Аймақтық орталығының негізінде «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары: инновациялық гранттар, технологиялық бизнес-инкубациялау және технологиялар коммерциялау» атты семинар кәсіпорындар басшылығы, кәсіпкерлер және ғалымдар қатысуымен өтті.
2013 жылдың Ұлттық (басты) рейтингі бойынша С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Қазақстанның көп салалы жоғары мектептері арасынан көшбасшылар қатарынан көрініп, бесінші орыннан көрінді.