КАФЕДРАНЫҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ

 

Биылғы жылы 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 5М050700 «Менеджмент» және 6M050200 «Саясаттану» кафедраларының қосылуына байланысты «Басқару және саясаттану» кафедрасы құрылды. Кафедра жетекшісі саясаттану ғылымдарының кандидаты, профессор Калиев Ильдар Абужанұлы. 

Кафедра төмендегi мамандықтар бойынша студенттерді дайындайды: 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» (бакалавриат), 5В050700 «Менеджмент» (бакалавриат), 6М050700 «Менеджмент» (магистратура), 6M050200 «Саясаттану» (бакалавриат күндізгі, екінші жоғары білім, қашықтықтан оқыту), 6М050200 «Саясаттану» (магистратура). «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын даярлау 2001 жылдан бастап жүргізілуде, «Менеджмент» 2012 жылдан бастап, «Саясаттану» мамандары 2005 жылдан бастап даярлауда. Білім және Ғылым министрлігінің 2015 жылы тексерісінен кейін «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент» және «Саясаттану» мамандықтарын даярлауға 5 жылға лицензия берілді.

 

КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ

 

Т.А.Ә: Калиев Ильдар Абужанович

Лауазымы: кафедрасының меңгерушісі, ПМУ профессоры

Ғылыми, академиялық дәрежесі: саясаттану ғылымдарының кандидаты

Ғылыми, академиялық атағы: доцент

Білімі: С.Торайғыров атындағы ПМУ, мамандығы – «Тарих» 

Оқытатын пәндері: "Саясаттану", "Әлеуметтану" (меж.фак.), "Саяси технологиялар", "Саяси жүйелер және режимдер", "ҚР Ұлттық қауіпсіздігі", "Саяси билік", "Стратегиялық талдау", "Заманауи халықаралық қатынастар мен жаһандық даму".

Жұмыс өтілі: 15 жыл.

Ғылыми еңбектер тізімі: 34 мақала, 2 монография, 5 оқу-әдістемелік құралы, 4 электрондық оқулық ("Саяси жүйелер және режимдер", "Заманауи халықаралық қатынастар мен жаһанды даму", "Саяси институттар мен саясат субъектілері", "Саяси билік").

Ғылыми зерттеу саласы: Ұлттық (халықаралық) қауіпсіздік, Халықаралық қатынастар, Саяси технологиялар.

Кәсіби жетістіктері (марапат, дипломдар, куәліктер): курсы бойынша сертификаты «Оқу үрдісінде тестілік нысандарды қолдану»; оқыту семинары «білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін университетішілік дамыту» қатысушысы; курстар «Сот сөз Риторикалық принциптері»; семинар «Қазіргі философияның өзекті мәселелері» қатысу сертификаты; «Қашықтықтан оқыту технологиялар оқыту» курсы бойынша сертификаты; ғылыми зерттеулер үшін Thomson Reuters ресурстары бойынша қатысу семинар сертификаты.

 

Кафедраның орналасқан мекен-жайы

Павлодар қ, Ломов көш 64, С. Торағыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті, БОК, № 517 ауд.
тел: 8(7182) 673687 (ішкі 1124)

 

Мамандықтар мен білім беру бағдарламалары туралы

Профессор-оқытушылар құрамы

 Үздік түлектер

Материалды-техникалық базасы

Кафедрасының жетістіктері

Ғылыми-зерттеу жұмысы

Тәрбие жұмысы

Оқу-әдістемелік жұмыс

Дипломдық жұмыстар/жобалар, магистрлік және докторлық диссертациялар тақырыбтары