Факультеттің тарихы

Соғыс жылдарынан кейінгі өнеркәсіптік және азаматтық құрылымның айтарлықтай қарқын алуы кадрлық мәселелерді шешуді талап етті. 20.09.1960 жылғы СССР Министрлер Кеңсінің Қаулысы негізінде Павлодарда Совет Одағы үшін машина жасаушылардың, құрылысшылардың және энергетиктердің ордасына айналған Индустриалды иниститут құрылды.

1962 жылдың қарашасында факульетет құрамынан 0501 «Машина жасау технологиясы және метал кесуші станоктар мен құралдар» мамандығы механика-технологиялық факультетіне бөлініп шықты.

1962 жылдан 1987 жылдың қыркүйегіне дейін машина жасау саласының мамандарын екі факультет даярлады. Олар: машина жасау және механика-технологиялық факультеттері. Машина жасау факультетінде инженерлерді даярлау екі мамандық бойынша жүзеге асырылды: 0509 «Ауылшаруашылық машиналарын жасау», 0523 «Іштен жанатын қозғалтқыштар», 0529 «Тоңазытқыш машиналары және сораптық құрылғылар». 1966 жылы Павлодар қаласында трактор зауытының пайда болуына байланысты факультетте 0513 «Автомобиль және трактор жасау» мамандығы ашылды.

1987 жылдың қыркүйегінде КССРО талаптарына сәйкес жоғары білімді қайта құру бойынша машина жасау және механика-технологиялық факультеттерін біріктіріп машина жасау факультеті деп атады.

2001 жылы машина жасау және инженерлік-құрылыс факультеттерінің базасында құрылыс, көлік және машина жасау иниституты құрылды.

Мамандықтар мен студенттер контингенттері санының артуына байланысты құрылыс, көлік және машина жасау иниституты өз алдына жеке екі иниститут болып қалыптасты. Машина жасау, металлургия және көлік бағытындағы мамандықтар металлургия, машинажасау және көлік саласындағы иниститутқа біріктірілді.

2005 жылдың мамырынан бастап металлургия, машинажасау және көлік иниституты металлургия, машина жасау және көлік факультеті болып қайта құрылды.

 

Факультет басшылығы


АЖТАбишев Кайратолла Кайроллинович

Лауазымы: факультет деканы, көліктік техника және логистика кафедрасының  қауымдастырылған профессоры (доцент)

Ғылыми, академиялық дәрежесі: техника ғылымдарының кандидаты

Ғылыми, академиялық атағы: ПМУ доценті

Білімі: 

1. Жоғары, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, мамандығы: 2801 - «Автомобиль және трактор жасау», 1999 ж.

2. Магистратура, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, мамандығы: 6N0713 - «Көлік, көлік техникасы және технологиялары», 2007 ж.

3. Техника ғылымдарының кандидаты, ғылыми мамандығы: 05.05.04-«Жол, құрылыс және көтерме-тасымалдау машиналары», 2010 ж.

Оқытатын пәндері: Көлік құралдарды сынау және диагностикалау. Интеллектуалды көлік жүйелері. Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері. Темір жол жылжымалы құрамының даму перспективалары.

Жұмыс өтілі: 17 жыл

Ғылыми басылымдар тізімі: барлығы – 100 ден астам.

1. Абишев К.К. и др. К вопросу повышения надежности трансмиссий транспортной техники. / Вестник КБТУ. – №4(31) – 2014. – С. 65-70.

2. Абишев К.К. К вопросу надежности водителя автотранспортного средства. / Вестник государственного университета имени Шакарима города Семей – № 2(70) – 2015. – С. 3-6.

3. Abishev K.K. and others. Dynamic Human-Machine Interface for Electrical Vehicle design guidelines / Smart Cities Symposium Prague (SCSP) (June 24-25, 2015). Czech technical university in Prague, 2015. – с. 58-62.

4. Абишев К.К. және басқалар. Электромобильдің техникалық көрсеткіштерін жоғарылатудың кейбір мәселелері. / Вестник КазАТК – №2(97) – 2016. – С. 38-43.

5. Абишев К.К. и др. К вопросу совершенствования топливной системы газобаллонных автомобилей. / Журнал «Международный журнал прикладных и фундаментальных исследований» (Российская Федерация – РИНЦ 0,764) – №5. Часть 5, Москва: ИД «Академия естествознания», 2016 – с. 700-703.

Ғылыми зерттеу аясы: Көлік машиналырының динамикасы, көлік телематикасы.

Кәсіби жетістіктері: 

1. 2008-2010 жылдары жас талантты ғалымдарға арналған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік стипендиясы иегері.

2. «Еңбек жолындағы тиімділігі үшін» медалі (18 қаңтар 2013 ж.)

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық машина жасау және көлік ғылым академиясының корреспондент-мүшесі (11.04.2013 ж.)

4. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған С.Торайғыров атындағы ПМУ ректорының алғыс хаты (16 желтоқсан 2013 ж.) 

5. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасының қоры грантының иегері (қазан 2014 ж.)

 

Түсіпбекова Марал Жанболатқызы

Қызметі: оқу ісі жөніндегі деканның орынбасары, металлургия кафедрасының аға оқытушысы

Ғылыми, академиялық дәрежесі: техника ғылымдарының магистрі

Ғылыми атағы: -

Білімі: Мамандығы – Құю өндірісінің машиналары мен технологиясы

Сабақ өткізетін пәндері: Кристаллография және минералогия, технологиялық машиналардың АЖЖ

Еңбек өтілі: 14 жыл

Ғылыми еңбектерінің тізімі: Басылып шыққан ғылыми мақалалары, әдістемелік құралдары 20-дан асады

Ғылыми зерттеу саласы: Қалайыны үздіксіз құю

Кәсіби жетістіктері: ректордың алғыс хаты

Касенов Асылбек Жұмабекұлы

Қызметі: оқу ісі жөніндегі деканның орынбасары, машина жасау және стандарттау кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент)

Ғылыми, академиялық дәрежесі: техника ғылымдарының кандидаты

Ғылыми атағы: С. Торайгыров атындағы ПМУ доценті

Білімі: мамандық – машина жасау технологиясы, 05.03.01 – Механикалық және физика-техникалық өңдеу құралдары мен машиналары мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты

Сабақ өткізетін пәндері: Өзара ауыстырымдылық негіздері, Стандарттау, сертификаттау және метрология, Метрологиялық қамтамасыз етудің техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етілуі, Метрологияныі қазіргі кездегі мәселелері, Машина жасауды конструкторлы-технологиялық қамтамасыз ету

Еңбек өтілі: 13 жыл

Ғылыми еңбектерінің тізімі: өнертапқыштық патенттер алған, басып шығарған ғылыми мақалалары, оқу құралдары, әдістемелік нұсқауларының саны 40-тан асады

Ғылыми зерттеу саласы: металдарды кесу арқылы өңдеу және метал кесуші құралдарды жобалау

Кәсіби жетістігі: Ректордың алғыс хаты, ҚР БҒМ құрмет грамотасы

Т.А.Ә.: Богомолов Алексей Витальевич

Лауазымы: ғылыми жөніндегі деканның орынбасары, металлургия кафедрасының қауымд.профессоры (доцент)

Ғылыми, академиялық дәрежесі: техника ғылымдарының кандидаты

Ғылыми, академиялық атағы: ПМУ доценті

Білімі: жоғары, 1993 жылы Қазақ мемлекеттік техникалық университетінің машинажасау факультетін, «Машиналар және металдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандығын үздік тамамдаған. 05.16.01- Материалтану және термиялық өңдеу мамандығы бойынша, техника ғылымдарының кандидаты (Ж. Абишева атындағы химия-металлургиялық институты, Караганда, 2010г.)

Оқытатын пәндері: «Материаловедение», «Механические характеристики материалов», «Структурный анализ металлов и сплавов», «Исследование технологических машин для получения металлов».

Жұмыс өтілі: 23 жыл

Ғылыми еңбектер тізімі: барлығы 150-ден астам ғылыми басылымдар жарияланған, соның ішінде 22 авторлық куәлік және өнертабысқа патентер, 12 оқу-әдістемелік құралдар, 2 монография.

Негізгі мақалалар мен басылымдар:

1. Богомолов А.В., Канаев А.Т., Кусаинова К.Т. Исследование структурообразования в гребнях колесных пар, упрочненных плазменной закалкой Известия вузов. Черная металлургия. М.:- 2012. - № 12. - С. 48-51

2. А.Т. Канаев, А.В. Богомолов. Структурообразование в плазменно-упрочненных металлических материалах. – Астана: Мастер-ПО, 2015, 185 с.

3. A.V. Bogomolov, A. T. Kanaev, T. E. Sarsembaeva Improving the Wear Resistance of Wheel-Pair Rims by Plasma Quenching Steel in Translation, 2012, Vol. 42, No. 6, pp. 544 -548 © Allerton Press, Inc., 2012.

4. A.V. Bogomolov, A. T. Kanaev, E. N. Reshotkina Defects and Thermal Hardening of Reinforcement Rolled from Continuous_Cast Billet Steel in Translation, 2010, Vol. 40, No. 6, pp. 586–589. © Allerton Press, Inc., 2010.

5. Сержанов Р.И., Богомолов А.В. и др. Повышение качества непрерывнолитых заготовок и термоупрочненного сортового проката. Монография - Павлодар: Кереку, 2011 - 254 с.

Ғылыми зерттеу саласы: металдық материалдарды беріктендіру үрдісін кешенді зерттеу, металдарды термиялық өңдеу және металтану, металдарды қысыммен өңдеу.

Кәсіби жетістіктері:

Халықаралық ақпараттандыру академиясының корреспондент - мүшесі (МАИН) (диплом №1472 РК).

Ресей жаратылыстану академиясының профессоры (РЖА) (диплом №6949). РЖА ғылымы мен біліміне еңбегі сіңген қызметкері.

Өнертабысты дамытуға қосқан үлесі үшін им. А.Нобель медальімен, ғылымды дамыту жетістіктері үшін им. В.И. Вернадский медалімен марапатталған. «Ресей және ТМД ғалымдары» (Х том) энциклопедиясына , «Қазақстан ғалымдары» (1 том) энциклопедиясына енген.

Европалық ғылыми-өнеркәсіптік консорцумының марапаты - «PRIMUS INTER PARES (ТЕҢДЕСТЕРДІҢ ІШІНДЕГІ ҮЗДІГІ)» ордені, техника ғылымдарын дамытуға үлес қосқаны үшін М.В. Ломоносов атындағы (2015г.) және «Wilhelm Leibniz» медалімен (2014 г.) медальдарымен марапаталды.

Халықаралық жаратылыстану академиясының құрметті ғылым докторына сайланды – Doctor of Science, Honoris Causa. (диплом №0544).

Қазақстан Республикасының экспертиза жасау Ұлттық ғылыми-техникалық орталығының ғалым-эксперті, сонымен қатар білімдегі сапаны қамтамассыздандыру бойынша Қазақстанның тәуелсіз агенствасының эксперті (НКАОКО) болып табылады. Халықаралық аккредитациялау агенствасының ACQUIN (Германия) Қазақстан бойынша ұлттық эксперті.

2014 ж. технологияны коммерциализациялау орталығының эксперттік кеңесінің мүшесі.

С.Торайғыров атындағы ПМУ ректорынан және Павлодар облысының білім департаментінің бастығынан, ҚР БжҒМ (Астана, 2011) бірыңғай тестілеу Ұлттық орталығынан құрмет грамотасын алғыс хаттар алған. ҰБТ өткізуде БжҒМ ресми өкілі, 2011 ж.

2009 жылы университетте ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметтің нәтижесі бойынша «Жылдың үздік ғалым» дипломымен марапаталды. 2011 жылы техникалық бағыт бойынша «Үздік доцент ПМУ».

«Проблемы науки» баспасының «Наука, техника, образование» журналының редакция алқасының мүшесі (Рессей, Мәскеу қ.,)

Университетке қажырлы еңбегі үшін С.Торайғыров атындағы ПМУ медалімен марапаталған (Желтоқсан, 2014 ж.).

Жоғары білім берудегі көсбашылардың Еуразиялық форумына қатысқан (Астана, 2015 ж.).

2015 жылы маусымда Ұлттық білім беру институтының Наньянг технологиялық университетінде (Сингапур) біліктілігін жоғарлатты, сертификат табысталды.

Т.А.Ә. Маздубай Асылхан Владимирович

Қызметі: тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары, металлургия кафедрасының аға оқытушысы  

Ғылыми, академиялық дәрежесі: магистр

Ғылыми, академиялық атағы: -

Білімі: жоғары, С. Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, мамандығы – Металлургиялық машиналар мен жабдықтар, 2006 ж., С. Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің магистратурасы, мамандығы – Металлургия, 2008 ж., Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің докторантурасы, мамандығы – Машинажасау, 2014 ж.

Оқылатын пәндер: Илемдеу өндірісінің технологиясы, Технология прокатного производства, проектирование прокатных и трубных цехов, Монтаж и ремонт оборудования нефтегазопереработки 

Еңбек өтілі: 10 жыл.

Ғылыми еңбектер тізімі: Thompson Reuters базасындағы журналда 2 статьялар, ККСОН журналдарында 6 статья, 3 патент.

Ғылыми зерттеулер аймағы: Металдарды термофрикциялық кесу технологиясы.

 

Факультеттің орналасқан жері: Павлодар қ., Ак. Шөкин көшесі,139, Б-204 кабинеті

Телефон: 8(7182) 67-36-30, ішкі 12-21

E-mail:

 

Факультеттің мамандықтары

Қазіргі таңда факультет жеті мамандық бойынша бакалаврларды, бес мамандық бойынша магистранттарды және бір мамандық бойынша докторантты даярлайды:

  • 5В070800 – Мұнай газ ісі
  • 5В070900 – Металлургия
  • 5В071200 – Машина жасау
  • 5В071300 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары
  • 5В072400 – Технологиялық машианалар және жабдықтар
  • 5В073200 – Стандарттау, метрология және сертификаттау
  • 5В090100 – Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
  • 6М070900 – Металлургия
  • 6М071200 – Машина жасау
  • 6М071300 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары
  • 6М072400 – Технологиялық машианалар және жабдықтар
  • 6М075000 – Метрология
  • 6D071300 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары

 

Факультеттің кафедралары

Факультетте 60-тан аса жоғары біліктілікті оқытушылар мен мамандар қызмет істейді, олардың 54 % ғылыми атақ пен дәрежеге ие.

Металлургия, машина жасау және көлік факультетінде бітірушілерді даярлайтын 4 кафедра бар:

«Машина жасау және стандарттау» кафедрасы

«Металлургия» кафедрасы

«Механика және мұнай газ ісі» кафедрасы

«Көліктік техника және логистика» кафедрасы

 

Аккредитациядан өткен мамандықтар

Ұлттық білім сапасын бақылау жүйесі бойынша (ҰБСБЖ) тәлімгерлердің оқу жетістіктерін, білім беру сапасын ішкі және сыртқы бағалау іс шаралары қарастырылған. Осы мақсатта білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша Қазақстанндық Тәуелсіз агенттік (2013 ж. желтоқсанында) мамандандырылған акредитацияны өткізді және 31.01.2014 жылдан бастап тіркеу номері SA № 0005/2, SA № 0005/3, SA № 0005/4, SA № 0005/5, SA № 0005/6 мамандандырылған аккредитация туралы куәлік берді.

Білім беру бағдарламасы аккредитациядан өткен бакалавриаттың тізімі:

1. 5В070800 Мұнай газ ісі;

2. 5В071200 Машина жасау;

3. 5В071300 Көлік, көлік техникасы және технологиялары (сала бойынша);

4. 5В072400 Технологиялық машианалар және жабдықтар (сала бойынша);

Білім беру бағдарламасы аккредитациядан өткен магистратураның тізімі

1. 6М071200 Машина жасау;

2. 6М071300 Көлік, көлік техникасы және технологиялары;

3. 6М072400 Технологиялық машианалар және жабдықтар.

 

 

Факультеттің жетістіктері

Материалдық-техникалық база

Ғылыми-зерттеу жұмысы

Оқу-әдістемелік жұмыс

Тәрбие жұмысы