Кафедраның құрылу тарихы

«Биотехнология» кафедрасы С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры – э.ғ.д., профессор Е.М.Арынның ұсынысы бойынша 2009 жылы шілдеде құрылды және Агротехнологиялық факультет құрамына кірді.

Биотехнология кафедрасы 5В070100 - «Биотехнология» мен 5В072700 - «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандары бойынша бакалаврларды және 6М072700 - «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», 6М070100 – «Биотехнология» мамандығы бойынша магистратура мамандарын дайындау жүргізуде.

 

Кафедра басшылығы

Исаева Құралай Сметқанқызы техника ғылымдарының кандидаты, С.Торайғыров атындағы ПМУ доценті.

1994 ж. Семей ет және сүт өнеркәсібінің технологиялық институтын (СЕжСӨТИ) «Ет және ет өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша (инженер-технолог) бітірді. 2005 ж. 05.18.04 «Ет, сүт, балық өнімдері технологиясы және тоңазыту өндірістері» мамандығы бойынша «Өнген бидайды қолданып ет паштетін өндіру технологиясын жасау» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады. 2005–2007 ж. - Шәкәрім ат. Семей мемлекеттік университетінің «Ет, сүт және тамақ өнімдерінің технологиясы» кафедра оқытушысы, 2007–2009 жж. - ИнЕУ «Қолданбалы биотехнология» кафедрасының доценті. 2009 ж. қыркүйегінен бастап - С. Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетінде «Биотехнология» кафедрасында доцент. 2012 жылдан бастап - аталған кафедраның меңгерушісі. Ғылыми–зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша жиырмадан аса ғылыми еңбегі бар. Ет шикізатынан функционалды тамақ өнімдерін өндірудің жаңа технологияларын жасау мәселелері ғылыми қызығушылығын тудырады.

 

 

 

Кафедраның орналасқан мекен-жайы: Павлодар қаласы, Ломов көшесі 64 үй. Биотехнология кафедрасы. А1 ғимарат, 109-кабинет.

Телефон: 8(7182) 67-36-41, ішкі байланыс нөмірі 1294.

 

 

 

Мамандықтар мен білім беру бағдарламалары туралы

Профессор-оқытушылар құрамы

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

«Биотехнология» кафедрасының студенттері

Кафедраның жетістіктері

Әдістемелік жұмыс

 Тәрбие жұмысы

Материалдық техникалық жабдықталған базасы

Дипломдық жұмыстар/жобалар, магистрлік және докторлық диссертациялар тақырыбтары