КАФЕДРАНЫҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ

 

1991 жылы "Экономика" кафедрасы қалыптасты, университеттің ең алғашқы экономика кафедрасы болып саналады.

Кафедра қалыптасқаннан бері оқытушылар белсенді түрде әртүрлі сайыстарға, жобаларға, экономика және басқару саласындағы бағдарламаларға, экономика және басқару саласындағы ғылыми-практикалық жобалар қатарындағы әзірлемелерге қатысады, оқудың қазіргі заманға сай түрлерін және әдістерін оқиды және пайдаланады: кейстік және тесттік технологиялар, іскерлік және рөлдік ойындар, презентациялар және модернизациялар, пресс-конференциялар және диспуттар, және Интернет-технологиялар және басқалары.

"Экономика" кафедрасы келесі мамандықтар бойынша дайындайды:

- 5В050600 «Экономика».

- 5В051100 «Маркетинг».

- 6М050600 «Экономика».

- 6М051100 «Маркетинг».

- 6D050600 «Экономика»

"Экономика" кафедрасының түлектері бүгінгі таңда Павлодар облысының ең талап етушілерінің бірі болып есептелінеді. Кейбір түлектер өздерінің оқытушыларының дәстүрлерін және ғылыми деңгейлерін ұлғайта өздерінің оқуларын магистратурада және докторантурада жалғастыруда.

Кафедраны экономика ғылымының кандидаты, доценті Кунязова Сәуле Қайырбекқызы басқарады.

Қазіргі уақытта кафедрада 21 оқытушы жұмыс істейді, олардың ішінде, 4 экономика ғылымының кандидаты, 2 техника ғылымының кандидаты, 2 экономика ғылымының докторы, экономика доценті, 11 магистрант, 6D050600 «Экономика» мамандығының PhD докторантурасының 2 түлегі кафедра мүшесі болып табылады.

Кафедра С. Торайғыров атындағы ПМУ Қаржы-экономика факультетінің құрылымдық бөлімі болып саналады.

 

 

КАФЕДРА БАСШЫЛЫҒЫ

 

Кунязова Сәуле Қайырбекқызы

"Экономика" кафедрасының меңгерушісі.

ҚР ЖАК доценті, экономика ғылымының кандидаты. Диссертацияны 2003 жылы Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ ішіндегі ОК 53.39.05 диссертациялық кеңесінде қорғады. 1997 жылдан бастап ПМУ жұмыс істейді, ғылыми-педагогикалық тәжірибесі 16 жыл.

Кунязова С.К. келесі пәндер бойынша барлық оқу түрінің студенттері үшін тәжірибелік сабақ жүргізеді және дәріс оқиды: «Введение в специальность и техника выполнения научных работ», «Маркетинг-менеджмент», «Стратегический маркетинг», «Экономика предприятия».

Диплом жұмыстарымен жетекшілік жұмысын атқарады. Қазіргі уақытта оның жетекшілігімен «Экономика», «Менеджмент», «Маркетинг» мамандықтары бойынша 60-қа жуық дипломдық жұмыс табысты қорғалынды және орындалды. Оның жетекшілігімен 7 магистранттар магистрлік диссертацияларын қорғаған. Кафедра мамандықтарының оқу-әдістемелік кешенді әзірлеу және пәннің оқу-әдістемелік кешенді (ОӘК) әзірлемелеріне белсенді қатысады. «Введение в специальность и техника выполнения научных работ», «Маркетинг-менеджмент», «Стратегический маркетинг», «Экономика предприятия» пәндері бойынша толық ОӘК әзірледі.

Кафедра меңгерушісі Кунязова С.К. С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың «Ең үздік оқытушысы» атты 2008, 2010 жж. «Ең үздік кафедра меңгерушісі» сайысынның басты жүлдеcімен марапатталынды. 2010 жылы «С. Торайғыровтың Алтын медалімен» марапатталды. Білім берудің Құрметті қызметкері болып табылады.

Республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға бірнеше рет қатысты.Қазіргі таңда 56 астам жарияланымы, сонымен қатар 2 оқу-әдістемелік оқу құралы, 1 монографиясы бар.

Еңбек нарығының проблемаларын зерттеуіне, кәсіпорындағы маркетинг сұрақтарын енгізу бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысады. «Прометей» бағдарламасы бойынша студенттік жобаларды басқарды.

Жоғары оқу орындарындағы аттестациялар бойынша ҚР БҒМ комиссия жұмысында бірнеше рет қатысты.

 

Кафедраның орналасқан мекен-жайы

Павлодар қ, Ломов көш 64, С. Торағыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің "Экономика" кафедрасы

 

тел: 8(7182) 673643 (ішкі 1142)

 

Мамандықтар мен білім беру бағдарламалары туралы

Профессор-оқытушылар құрамы

Материалды база

Кафедра жетістіктері

Ғылыми-зерттеу жұмысы

Оқу-әдістемелік жұмыс

Тәрбие жұмысы

Үздік түлектер

Дипломдық жұмыстар/жобалар, магистрлік және докторлық диссертациялар тақырыбтары