Факультеттің құрылу тарихы

1960 жылы ашылған Павлодар индустриалдық институтының ең бірінші факультеттерінің бірі – энергетика факультеті. Қазіргі уақытта С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетінде энергетика факультетінің құрамында төрт мамандық дайындайтын кафедра бар: Электроэнергетика, Жылуэнергетика, Автоматтандыру мен басқару және Электротехника, электроника және телекоммуникациялар.

Энергетика факультетінде 8 ғылым докторы, 15 ғылым кандидаты қызмет атқарады, дәрежелік пайыз 50% асады.

Факультет құрамында 3 кафедра бар:

Электр энергетикасы;

Жылуэнергетикасы;

Электротехника және автоматтандыру.

Мамандық бойынша бакалаврларды даярлау жүргізіледі:

5B071800 — Электр энергетикасы;

5B070200 — Автоматтандыру және басқару;

5B071700 — Жылу энергетикасы;

5B071900 — Радиотехника, электроника и телекоммуникация.

Мамандықтар бойынша магистрлерді даярлау жүргізіледі:

6М071800 — Электр энергетикасы;

6М070200 — Автоматтандыру және басқару;

6М071700 — Жылуэнергетикасы.

PhD докторларың келесі мамамандық бойынша даярлау жүргізіледі:

6D071800 – Электрэнергетикасы.

 

Факультет басшылығы

Энергетика факультетінің деканы — техника ғылымының кандидаты, профессор Кислов Александр Петрович.

1987 жылы Мәскеу энергетика институтында кандидаттық диссертациясын қорғады. 1992 жылы доцент ғылыми лауазымы берілді. Жалпы ғылыми-педагогикалық өтілі 25 жылдан асады А.П. Кислов 1999 жылдан бері энергетика факультетінің деканы. 100-ден астам ғылыми мақаласы шыққан, олардың 18 ҚР патенті.

А.П. Кислов — қоғамдық қызмет салаларына есептеуіш техниканың енгізілуінің халықаралық академиясының корреспондент-мүшесі, РФ электр техникалық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі.

А.П. Кисловқа 2007 жылдың 16 қарашасындағы РФ Электр техникалық ғылым академиясы Президиумының шешімімен электр техникасының құрметті докторы атағы мен ғылым докторы дипломы берілді.

Байланыс жұмыс телефоны: 673629 (1321)

Мекенжайы: С.Торайғыров ат. ПМУ, Ломов көшесі, 64 үй, №322 кабинет, Энергетика факультетінің деканаты

 

Т.А.Ә.: Уразалимова Дария Сансызбайқызы

Қызметі: Энергетика факультетінің оқу жұмысы бойынша деканның орынбасары

Оқу, академиялық атағы:

Оқу, академиялық дәрежесі: техника ғылымдарының магистрі

Білімі: жоғары, С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің машина жасау факультетінің «Машина жасау» мамандығын бітірді. С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің «Машина жасау» мамандығы бойынша магистратураны бітірді. 

Жұмыс мерзімі: 2009 жылдан бастап 2011 жылға дейін С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің оқу процесін ұйымдастыру бөлімнің жоғары біліктілікті деңгейлі маманы, 2011 жылдан бастап 2012 жылға дейін «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының жоғары біліктілікті деңгейлі лаборант қызметкері, 2012 жылдан бастап 2013 жылға дейін Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің деканатында хатшы қызметкері, 2013 жылдан бастап 2014 жылға дейін Тіркеу кеңсесінің жоғары біліктілікті деңгейлі маманы, 2015 жылдан бастап С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің «Электротехника және автоматтандыру» кафедрасының оқытушысы. 

Берілетін пәндері: Электротехника негіздері. Электротехника. Электротехника және электроника негіздері. Электротехника и электроника. Электр тізбектерінің теориясы.

Ғылыми еңбектер тізімі: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіндегі Вестник конференциясында баяндамасымен қатысып жариялады және де «XIII Сатпаев оқулықтары» студенттер мен магистраттарға арналған жас ғалымдар халықаралық конференциясына қатысты.

Марапаттар, сертификаттар, дипломдар: Біліктілікті арттыру курстары: ҚФ "Консалтинг – центр "Лекс" әріптестігімен КФ "Ақпараттық бастама" ұйымдастырылған Алматы қ. «Азаматтық сектор мекемелеріне арналған интернет қоры» атты біліктілікті арттыру курсы, for the partisipation  in Science Direct and Scopus Training 2012 held on the of  Desember at «Pavlodar State University after Toraygyrov» атты курсы, 190600 Көліктік-технологиялық машиналары мен кешендерін пайдалану бойынша магистрлік бағдарлама оқыту шеңберінде "Тоңазытқыштар және көлік-технологиялық машиналар мен кешендерін пайдалану" тоңазытқыш жүйелердегі құрылымдарын талдау пәннің меңгеру негізгі білім беру бағдарламасының бағыты бойынша дайындау курсы.

Ғылыми зерттеу облысы: өнеркәсіптік өнімнің сапасын зерттеу, термиялық қолайлы сұрып илемнің сапасын басқару әдісін зерттеу 

 

Т.А.Ә.: Оразова Гаухар Отегеновна 

Қызметі: Энергетика факультетінің тәрбие жұмысы бойынша деканның орынбасары

Оқу, академиялық атағы:

Оқу, академиялық дәрежесі: -

Білімі: жоғары, С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің энергетика факульетінің «Электротехникалық құрылғылар және жүйелері» мамандығын бітірді. 

Жұмыс мерзімі: С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің Энергетикалық факультетінің «Электротехниканың теориялық негіздері» кафедрасында оқытушы және «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасында аға оқытушы болып қызмет атқарды.

Берілетін пәндері: Электротехникалық теория негіздері 1,2. Электр тізбектерінің теориясы. Электромагниттік толқындарды тарату теориясы. Электрлік байланыс теориясы. Телекоммуникациялық жүйелерді үлгілеу. 

Ғылыми еңбектер тізімі: «XII Сатпаев оқулықтары» студенттер мен магистраттарға арналған жас ғалымдар халықаралық конференциясына қатысу, 1 оқу құралы және 9 оқу-әдістемелік құралының авторы.  

Марапаттар, сертификаттар, дипломдар: «Білім сапасының мониторингі» атты методологиялық семинарын бітіруі туралы сертификат, «Оқу процесіндегі тестік формаларды қолдануы» курстары бойынша оқу жүктемесін бітіруі туралы сертификат, «Қашықтықтан оқытуға арналған педагогикалық және ақпаратты-комуникациялы технологиялар» курстары бойынша оқу жүктемесін бітіруі туралы сертификат, Ғылыми зерттеулерге арналған «Оқу процесіндегі ақпаратты-коммуникациялы технологияларды қолдану арқылы профессорлық-оқытушылық құрамының квалификациясын жоғарылату» Thomson Reuters курстары бойынша семинар сертификаты. 

Ғылыми зерттеу облысы: - 

 

Т.А.Ә.: Антонцев Александр Витальевич

Қызметі: Энергетика факультетінің ғылыми іс-жұмыстары бойынша деканның орынбасары

Оқу, академиялық дәрежесі: магистр

Оқу, академиялық атағы: жоғары, 2013 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Автоматтандыру және басқару» - 5В070200 мамандығы бойынша бакалавриатын бітірді, 2015 жылы Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің «Радиотехника, электроника және теллекоммуникациялар» - 6M071900 мамандығы бойынша магистр дипломын алды. 

Берілетін пәндері: «Электр тізбктерінің теориясы», «Дабылдарды өңдеудің теориялық негіздері», «Таратудың оптикалық жүйелері мен көліктік торлар», «Сандық жүйелер және микропроцессорлар», «Теллекоммуникацциялық жүйелердің модельдеу кешені», «Электромагниттік толқындарды тарату теориясы», «Электрлік байланыс теориясы», «Электртүрлендіргіш құрылғылар», «Радиоэлектронды жүйелердің автоматтық құрылғылары», «Электротехника және электроника негіздері».

Жұмыс мерзімі: 2015 жылдан бастап кафедра оқытушысы.

Ғылыми еңбектер тізімі: 10 жариялымдардың авторы (оның ішінде 1 Scopus базасында жарияланған), Робототехника және релелі қорғау бойынша 2 патент.

Ғылыми зерттеу облысы: Автоматтандыру жүйесі және байланыс жүйелерінің математикалық модельдеу кешендері, электромагнитті үйлесімділігі.

Байланыс жұмыс телефоны: 673629 (1323)

Мекенжайы: С.Торайғыров ат. ПМУ, Ломов көшесі, 64 үй, №322 кабинет, Энергетика факультетінің деканаты

 

Энергетика факультеті түрлі электротехника және жылутехника жабдықтарды, радиобайланыс, мобильдық байланыс, телекоммуникация жүйелерін пайдалану және жөндеу, жобалау және құрастыру міндеттерін шығармашылықпен шешуге қабілетті жоғары білікті мамандар дайындауды қамтамасыз етеді.

Энергетика факультеті жас буындардан техникалық білімдері бар мамандар дайындау жолымен әлеуметті интеллектуалды және кәсіби дамытуға өз үлесін қосады.

Біз жетекші акредиттеу Агентстволармен белсенді жұмыс жүргіземіз: бұл ASSIN (Германия) Агентствосы және Ресей инженерлік білім беру Ассоциацияларының Аккредиттеу орталығы. 2013-2014 жылдары 5В071900-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, дайындау бағыты (Телекоммуникация) мамандығы халықаралық таккредиттеуден сәтті өтті және мамандыққа сәйкес сертификат алды, бұл біздің факультет мамандықтарының сапасын халықаралық эксперттер мен агентстволардың мойындағынын көрсетеді және білім беру қызметінің әлемдік нарықтағы жетістігіне кепіл береді. Аккредиттеуден сәтті өткен соң үнемі аккредиттеу агенстволарының талаптарына сай болып отыру керек. Сондақтан аккреттеу мамандарды даярлаудың жоғары сапасын жүйелі түрде ұстап тұру және оны үнемі арттыру стимулы болып табылады.

Электрэнергетика кафедрасы 5В071800-«Электрэнергетика» мамандығы бойынша студенттерді жинауды және дайындауды жүзеге асырып, «Электрэнергетика бакалавры» академикалық дәрежесін береді. Дайындау бағыттары: электрлік станциялар, электрэнергетикалық жүйелер мен тораптар, электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша), электр жетек және технологиялық кешендерді автоматтандыру, релелік қорғаныс және электрэнергетикалық жүйелерді автоматтандыру. Электрэнергетика кафедрасында 6М071800-Электрэнергетика мамандығы бойынша магистратура жұмыс істейді. Энергетика факультетінің магистратурасын бітірушілер университетте 6D071800-Электрэнергетика мамандығы бойынша докторантурада оқуға болады.

Бүгінгі күні «Жылуэнергетика» кафедрасы 5В071700 – Жылуэнергетика мамандығы бойынша жылуэнергетика бакалаврларын дайындайды. «Өнеркәсіптік жылуэнергетика» мен «Жылу электр станцияларының» түлектері Жылуэнергетика кафедрасында 6М071700 мамандығы бойынша магистратурада оқуын жалғастыра алады.

«Электртехника және автоматтандыру» кафедрасы 5В070200-Автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша екі бағытта бакалаврлар дайындайды: «Басқару жүйелерінде автоматтандыру және ақпараттандыру», «Технологиялық үрдістердіавтоматтандыру» және 5В071900-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, дайындау бағыты – «Телекоммуникациялар». Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде магистратура мен докторантурада оқұға мүмкіндік беріледі. Кафедрада 6М070200-Автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша магистратура жұмыс істейді.

 

Энергетика факультетінің басты ғылыми қызметінің негізгі бағытттары:

- жоғары білікті кадрлар әлеуметін дайындау (PhD докторантурасы мен магистратурада оқу, халықаралық бағдарламалар бойынша оқу, жақын және алыс шет елдердің университеттерінде квалификацияларын жоғарылату және т.б.);

- оқытушылар мен студенттердің шаруашылық шарт және мемлекеттік бюджеттік ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауы;

- профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің патенттік өнертапқыштық қызметі, түрлі дәрежелі конференцияларда профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің ғылыми зерттеулерін сынақтан өткізу;

- Новосібір көлік академиясымен, Новосібір Мемлекеттік Техникалық Университетімен, Мәскеу энергетика институтымен (Техникалық университет), Томск Ұлттық-зерттеу политехникалық университетімен, энергетика Қазақ Ғылыми Зерттеу Институтымен бірлесіп жұмыс істеу;

- Энергетика факультетінің студенттері ішкі (ұлттық) және сыртқы (халықаралық) академиялық ұтқырлық бағдарламасына белсенді қатысады. Осы бағдарлама бойынша студенттер бір семестрге немесе бір оқу жылына ҚР алдыңғы қатарлы жоғары білім беру орындарына және жақын және алыс шетел ЖОО оқуға барады.

Энергетика факультетінде бакалаврлардың сапалы дайындығы мен біліктілік бағасын жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы: академиктер, техника ғылымының докторлары мен кандидаттары, магистрлер жүзеге асырады, сонымен қатар факультетте сабақ өткізуге ҚР мен жақын және алыс шетел ғалымдары шақырылады. Факультетте зертханалық база жаңартылған, жаңа зертханалық қондырғылар алынды, білім берудің инновациялық әдістері енгізілген.

Факультет қызметкерлері студенттермен бірге мемлекеттік бюджеттік және шаруашылық шарттық ғылыми-зерттеу жұмыстарының шеңберінде ғылыми-зерттеулер жүргізіп, ҚР-ның өнеркәсібімен байланыс жасайды, әр-түрлі халықаралық және республикалық конкурстарға, ҚР БҒМ гранттарына және басқа да айтулы сайыстарға қатысады.

Жұмыс беруші өкілдері тек факультет ұжымымен кәсіптік компетенцияларды анықтап қана қоймай, сонымен бірге өздері де оларды даярлауға қатысады. Біздің студенттер дуальды оқу жүйесі бойынша аптасына бір рет облыстағы алдыңғы қатарлы кәсіпорындарда тікелей білім алады.

Бакалавриаттың аккредиттелген білім беру бағдарламасының тізімі:

1. 5В071800 - Радиотехника, электроника және телекомуникациялар (2014 ж.)

 

Оқу-әдістемелік жұмысы

Тәрбие жұмысы

Факультетінің жетістіктері

Материалдық-техникалық базасы

Зертханалар техникалық жабдықталған