Кафедраның құрылу тарихы

Кафедра өзінің тарихын 1960 жылдан, Павлодар индустриялық институтының құрылуынан бастайды. Павлодар облысы үнемі дерлік энергетика саласында жоғары білікті мамандарды даярлауда қажеттілік тудырып, ірі зауыттар мен энергетикалық нысандар орналасқан өндірістік орталық болып табылады. Кафедра көп жылдардан бері Павлодардың Ертіс өңірі үшін энергетика саласында мақсатты бағыттағы дайындық пен мамандарды даярлауды жүргізеді.

 

Кафедра басшылығы

Марковский Вадим Павлович «Электроэнергеткиасы» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, ПМУ доценті.

В.П. Марковский 1967 жылы Павлодар обласының Железинка ауданың Михайловское сохвозында туған. В.П. Марковский 1991 жылы сол кездегі Павлодар индустрялық институтын бітірген соң, С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетінде құрылғаннан бері жұмыс істейді.

ЖОО-да В.П. Марковский Электромеханика және  электртарту кафедрасының инженерінен бастап Электр энергетикасы кафедрасының меңгерушісі, техникалық ғылымдар кандидаты болды.

В.П. Марковский көп жылдардан бері жоғары білікті маман-энергетиктерді дайындау ісіне көп үлес қосады. Ол оқу жүктемесінің барлық түрін: оқу және тәрбиелік жұмыстарды ғылыми қызметпен ұштастырады. 40 ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың авторы, өнертапқыштығы үшін алған авторлық куәліктері бар. Ғылыми жұмысы автоматтандырылған электртарту аймағындағы зерттеумен байланысты.

В.П. Марковский қоғамдық жұмыстарды жүргізіп, университеттің спорттық түріне белсенді қатысады.

 

 

Кафедра жетістіктері

1. Кафедрада электроэнергетика бойынша Ф. Бойко атындағы кешендік мамандандырылған зертхана және электромеханика мен электротехникалық жабдықтар бойынша жаңа мамандандырылған зертхана бар.

2. «Орысша - қазақша түсіндірме сөздік» оқу құралы шығарылды, Энергетика - бірінші бөлімі, автор – Ақаев А.М., бірлескен авторлар - Марковский В.П., Кургузова Л.И., Кургузов Н.Н., Кабдуалиева М.М., Талипов О.М., Леньков Ю.А.; «Электр станциялар мен қосалқы станциялардың таратушы құрылғыларының токөткізгіш бөліктері мен коммутациялық аппараттарын таңдау» электроэнергетика мамандығы бойынша орысша-қазақша сөздік, авторлары - Леньков Ю.А., Хожин Г.К. «Электр станцияларын жобалау» автор – Ақаев А.М., бірлескен авторлар – Кургузов Н.Н., Кургузова Л.И., Леньков Ю.А. «Электрмен қамтамасыз ету жүйелеріндегі электр энергиясының сенімділігі мен сапасы» автор – Волгин М.Е.

3. 2011-2012 оқу жылында республикалық баспаларда 8 ғылыми жұмыс және халықаралық баспаларда 17 ғылыми жұмыс жарияланды, өнертабысқа 1 патент алынды.

4. Профессор Өтеғұлов Б.Б., доцент Өтеғұлов А.Б., доцент Уахитова А.Б. – Англия мен Францияда біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

5. ҚР БҒМ жариялаған екі конкурсқа қатысты.

6. Профессор Өтеғұлов Б.Б. ЖОО «Үздік профессоры» атағын алды. Профессорлар – Леньков Ю.А., Волгин М.Е., Говорун В.Ф. және Захаров И.В. Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін медалдармен марапатталды. Профессор Захаров И.В. ҚР БҒМ ЖОО үздік оқытушысы атағын алды. Доценттер Өтеғұлов А.Б. және Уахитова А.Б. ҚР дарынды жас ғалымдарына арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның лауреаттары болып танылды.

 

Кафедраның орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64-үй, С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университеті, А корпусы, 223а кабинет, «Электр энергетикасы» кафедрасы, тел.8(7182) 673626.

 

Мамандықтар мен білім беру бағдарламалары туралы 

Профессор-оқытушылар құрамы 

Оқу-зертханалық база 

Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстар 

Электрэнергетика кафедрасының тәрбие жұмысы 

2013 – 2014 оқу жылындағы Электрэнергетика кафедрасының үздік студенттерінің тізімі 

Дипломдық жұмыстар/жобалар, магистрлік және докторлық диссертациялар тақырыбтары