Кафедраның құрылу тарихы

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «Құқықтану» кафедрасының өзіндік тарихы мен дәстүрлері бар. Оның негізі 2001 жылы қаланды. Кафедра меңгерушісі - Ахмеджанова Гүлнар Бисенғазықызы. 2010 жылы «Қазақ әдет-ғұрып құқығы жүйесіндегі ант беру институты» тақырыбындағы докторлық диссертациясын қорғады. 2011 жылы оған С. Торайғыров атындағы ПМУ профессоры атағы берілді. Кафедра 3.07.020-2001 ж. ҚР МББС-на сәйкес және №0000038 білім беру қызметін жүзеге асыруға құқық беру лицензиясы негізінде 5В030100 «Құқықтану» мамандығы бойынша мамандарды даярлауды жүзеге асырады. Тағайындалатын біліктілік – заңгер, оқу мерзімі – 4 жыл.

Бүгінгі таңда кафедрада оқытушылық және ғылыми жұмыстарды келесі доценттер мен оқытушылар жүзеге асырады: з.ғ.д., профессор Бектасов О.К., з.ғ.к., доцент Олжабаев Б.Х., з.ғ.к., доцент Бастемиев С.К., с.ғ.к., доцент Воронова Т.Э.,с.ғ.к., доцент Бегімтаев А.И., т.ғ.к., доцент Қосынтаев К.Б., т.ғ.к., доцент Мұсабекова Н.М. және басқалары.

Кафедрадағы ұйымдастырушылық-техникалық жұмысты Шоқыбаева Лязат Машкенқызы и Балтабаева Бақыт Ескендірқызы жүзеге асырады.

 

Кафедра басшылығы

Ахмеджанова Гүлнар Бисенғазықызы - заң ғылымдарының докторы, профессор, ИХА академигі, кафедра меңгерушісі.

 

В 1997 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың диссертациялық Кеңесінде 12.00.06 «Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын қорғаудың құқықтық негіздері» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.

2000-2002 ж.ж. бастап ҚР БжҒМ жас талантты ғалымдарының Мемлекеттік Жүлдесінің Лауреаты, С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың «Өлкетану» журналы редакциясы алқасының мүшесі болған. 2005 жылдан бастап Астана қ. ҚазМЗУ-гі республикалық мамандық бойынша ОӘК-нің мүшесі болып табылады.

«СМК МС ИСО сериясы 9000:2000» бойынша сертификаты бар, 2006 жылдың қорытындалары бойынша «Жылдың ең үздік кафедра меңгерушісі», 2007 жылдың қорытындылары бойынша «Жылдың ең үздік доценті» болып табылады.

«Нұр Отан» ХДП Павлодар қалалық филиалының басқармасымен «Нұр Отан» ХДП бағдарламалық саясаты мен шараларын жүзеге асыру бойынша белсенді жұмысы үшін Құрмет қағазымен марапатталған.

Республикалық байқау қорытындылары бойынша 2008 жылы «Құқық саласындағы ең үздік оқытушы» болып танылған және медальмен марапатталған.

2010 жылы «Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы ант беру институты» тақырыбындағы докторлық диссертациясын қорғады. 2011 жылы оған профессор атағы берілді.

35 мақаласы, 3 оқу құралы, «Қазақтың әдет-ғұрып құқығындағы алқа билер соты мен ант беру институты» тақырыбындағы монографиясы бар.

 

Кафедраның орналасқан мекен-жайы: Павлодар қаласы, Ломов көшесі 64, кабинет № 425, тел (8-7182) 67-36-85 (іш. 11-68)

 

 

 

Мамандықтар мен білім беру бағдарламалары туралы

Профессор-оқытушылар құрамы

Оқу-зертханалық база 

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

Оқу-әдістемелік жұмыс

Тәрбие жұмысы

Үздік бітірушілер

Кафедрасының жетістіктері

Дипломдық жұмыстар/жобалар, магистрлік және докторлық диссертациялар тақырыбтары