loading
 
 

Сізді С.Торайғыров атындағы ПМУ-де қандай факторлар қызықтырады?










Нәтижелер
 

Жүйеге кіру үшін тіркеліңіз

Қазіргі уақытта порталда 542 қонақтар 
 
 

ҚР мемлекеттік рәміздерді білуге байланысты «Қыран елім» конкурсының ережесі



1. Жалпы ереже

1.1. Жыл сайын, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде ҚР мемлекеттік рәміздерді білуге байланысты «Қыран елім» конкурсы өткізіледі.
1.2. Конкурсқа қатысушылары: Павлодар қаласының жоғары және орта оқу орындарының студенттері.
1.3. Конкурстың мақсаты мен міндеттері:
1.3.1. Қазақ патриотизмін қалыптастыру;
1.3.2.Қазақ халқының тарихи мұрасына,мемлекеттік рәміздерге деген құрмет және жоғарғы азаматтыққа тәрбиелеу.
1.3.3.Қоғам өмірінде мемлекеттік рәміздердің жалпыға көңіл аударту.

2. Конкурстың ұйымдастырылуы

2.1.Қатысушыларды тіркеу қазанның 1 мен 3 аралығында сағат 9.00 мен 10.00 аралығында университеттің веб-порталы мен бас ғимараттың фойесінде орналасқан терминалдарда жүргізеді.
2.2.Конкурс 2 кезеңнен тұрады.
2.3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің тарихы» атты 1 кезең 4 қазанда болады. Веб-порталды бір тәулік, ал компьютерлік сынаптарды сағат 11.00 мен 12.00 аралығында өтеді. Тестілеу оқу процесіндегі сапа мониторингі бөлімімен комплекстік әдіспен өткізіледі.Тестілеу 30 сұрақтан құралады.
Бір тест сұрағына жауап беру уақыты – 1,5 минут. Әрбір тест жауабы 2 балмен есептелінеді.
4 қазан күні әділқазы алқасы 1 кезең бойынша қорытынды шығарады. Келесі кезеңге өткен қатысушылар тізімі порталда жарияланады. Келесі кезеңге бірінші турдан 50 балдан жоғарғы алған қатысушы жіберіледі.
2.4. 5 қыркүйек күні «Қазақстан: кеше және бүгін» атты 2 кезең болады. Бұл кезең Жаңа Қазақстан тарихы бойынша сұрақтардан құралады. Тестілеу 20 сұрақтан тұрады. Бір тест сұрағына жауап беру уақыты – 1,5 минут.
Конкурсқа қатысушылар университеттегі компьютерлік кластарда тестілеуден өтеді. Жеңімпаз конкурста ең көп ұпай жинаған қатысушы бола алады.Жеңімпаздар тізімі университет порталында жарияланады.

Конкурстың өткізілу уақыты: 1 кезең – 4 қазан, 2 кезең – 5 қазан. Конкурстың қорытындысы мен марапаттау рәсімі 2012 жылдың 5 қазанында өтеді.

3. Конкурс жеңімпазын марапаттау

3.1. Жеңімпазын әділқазылардың шешімімен марапаттайды. Жеңімпаздар естелік сыйлықтар, бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталады.
1 орын – 30 000 теңге
2 орын – 20 000 теңге
3 орын – 10 000 теңге

3.2. Жеңімпазды марапаттау университетіміздің мәжіліс залында өткізіледі.
3.3 Конкурстың қорытындысы БАҚ жарияланады.
3.4. Әділқазылар алқасының шешімі кесімді және қайта қаралмайды

Ұйымдастыру комитеті:

1. С.Торайғыров атындағы ПМУ тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер департаментінің директоры Қ.Е. Ашенов (ж.т. 673 627)
2. С.Торайғыров атындағы ПМУ мұражай кешенінің директоры
Г.Х. Рахымжанова (ж.т. 673 684, ішкі 1146)
3. Оқу процессіндегі сапа мониторингі бөлімінің офис-регистраторы
С.С. Мустафина (ж.т.673 632, ішкі 1273)
4. университетті басқаруды ақпараттандыру бөлімінің бастығы П.Ю.Шеломенецев (ж.т. 673 687, ішкі 1297)

Тіркеу

 
 
 

Портал бойынша іздеу


Бізбен болыңыздар: Twitter Facebook Youtube
 

Жаңалықтар, хабарландырулар

 

Іс-шаралар күнтізбесі

 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
 

Культурное наследие

 
                                       
С.Торайғыров Павлодар мемлекеттік университеті, 2009-2012, E-mail: