- Қателік
-
- Error loading component: com_qualchar, 1
- Error loading component: com_qualchar, 1
- Error loading component: com_qualchar, 1
Біліктілік пен қызметтер тізімі
| Біліктілік пен қызметтер тізімі | Қазақстан Республикасының еңбек жəне тұрғындарды əлеуметтік қорғау ми- нис трінің 2002 жылдың 22-қарашадағы № 273-П бұйрығымен бекітілген «Біліктілік анық тамалығындағы жетекшілер, мамандар жəне басқа да қызметкерлердің қызме- тіне қойылатын біліктілік талаптарына» сəйкес бакалаврлар 1-категориялы техниктер- дің бастапқы қызметтеріне, кіші ғылыми қызметкерлердің, инженер-лаборанттар дың, ғылыми-зерттеу мекемелерінің, конструкторлық жəне жобалау ұйымдарының инже- нерлері, т.б қызметтеріне олардың еңбек стажына талап қойылмастан алынады. |
| Кәсіптік қызмет саласы | Кəсіптік қызмет саласы болып жылуды өндіру мен қолдану үшін, оның ағындарын басқару жəне энергияның басқа түрлерін жылуға айналдыру үшін құрылған адам қызметінің құралдарының бірлігінен, тəсілдері мен əдістерінен тұратын техниканың құраушы бөлігі ретіндегі Жылу энергетика жатады. |
| Кәсіптік қызмет нысандары | Бiтiрушiлердiң кəсiптiк қызметiнiң объектiлерi болып: - энергетикалық жүйелер мен кешендер; - шаруашылық салалары мен техника объектiлерiн энергиямен жабдықтау жүйелерi; - өнеркəсiптiк кəсiпорындарды энергиямен жабдықтау жүйелерi; - автономдық объектiлердi энергиямен жабдықтау жүйелерi; - энергетикалық қондырғылар; - дəстүрлі емес жəне қайталанатын энергия көздері негізіндегі энергетикалық қондырғылар жəне кешендер; - өндірістің жылутехнологиялық қондырғылары; - жылуды өндіруші, таратушы жəне қолданушы технологиялық қон дыр- ғылар; - əртүрлi мiндеттi бу жəне су қыздырғыш қазандықтар; атом элетро стан- цияларының бу өндiргiштері; - бу жəне газ турбиналар, электр блоктары; - аса қысымдалған жəне қоюландырылған газдары өндiру, қысымдағыш, салқындатқыш, қондырғылар, криоген қондырғылары, ауаны баптау жүйелері, жылулық сорғылар; - жоғары температуралы мен термоылғалды технологиялардың қондыр- ғылары, жүйелерi жəне кешендерi, химиялық реакторлар; - əртүрлi мiндеттегі көмекшi жылутехникалық жабдықтар; жылу жəне маңыз алмастырушы аппараттар; - жылу желiлерi; - технологиялық сұйықтар, газдар жəне булар; - балқымалар, қатты жəне сусымалы денелер энергетикалық жəне техно- логиялық құрылғылардың жұмыс заттары ретінде; -отын жəне майлар; - нормаланған сапалы суды қолдану жəне дайындау кешендерi мен жүйелерi, қондырғылары; - жылу жəне атом электростанцияларындағы суды қолдану жəне дайындау технологиялық қондырғылары: алдын ала өңдеу жабдықтары, иониттiк жəне мем- браналық қондырғылар, жылу желiлерiндегі суды қолдану жəне дайындаудағы технологиялық қондырғылар; - айналыстық сумен жабдықтау жүйелерi; - ағын су тазарту кешендерi мен жүйелерi, қондырғылары; - тамақ өнеркəсiбiндегi суды қолдану мен дайындау кешендерi мен жүйелерi, қондырғылары; - бутүрлендiргiш жəне буландырғыш қондырғыларында суды қолдану жəне дайындайтын технологиялық жабдықтар; - жылу жəне электртехнологиялық процестердi, қондырғыларды, жүйелерi мен кешендерiн автоматты бақылау мен басқару жүйелерi; - нормалық-техникалық құжаттамалар мен стандарттау жүйелерi, жi- берiлетiн өнiм сапасын бақылау мен жабдықты сынау құралдары табылады. |
| Кәсіптік қызмет пәні | 050717 – Жылу энергетикасы мамандығы бойынша бакалаврдың кəсiптiк қыз метіндегi орындары болып: - жылу электр станциялары; - өндiрiстiк жəне жылытулық қазандары; - жылу тəсiлдемелерi; - өнеркəсiп орындары мен ұйымдарды орталықтандырылған жəне дербес энергиямен жабдықтау; - энергиятасығыштарды өндіру жəне тарату; - жылыту жəне жылу желілері; - су жəне отын дайындау; - жылу тəсілдемелік жəне жылу энергетикалық нысаналарды автоматты түрде басқару жүйелерi, - сонымен қатар, жылутехнологиялық жəне Жылу энергетикалық ныса- наларды оңтайлау жəне үлгілеу құралдары мен тəсілдері, негізгі жəне көмекші жабдықтар, жылу технологиялық құралдар мен процесстері, электрлік машина- лар мен құралдары табылады. |
| Кәсіптік қызмет түрлері | 050717 – Жылу энергетикасы мамандығының бакалаврлары кəсіптік қыз- мет тердің төмендегі түрлерін орындай алады: - жобалық – құрылмалық; - өндірістік – технологиялық; - зерттеушілік; - пайдаланымдық; - жинау – жөндеулілік; - ұйымдастырушы – басқарулық. |
| Кәсіптік қызмет міндеттері | Бас инженердің, жауапты орындаушының немесе тақырып (тапсырма) бастығының басшылығымен бакалавр: - жылуэлектрлік станциялар мен қосалқы станциялар, жылулық жүйелер мен тораптар, қорғаныс және жылуэнергетикалық жүйелердің автоматтандырылуы, кәсіпорындардың әртүрлі өнеркәсіп салаларын жылумен жабдықтау, жылуландыру және ауылшаруашылық өндірісті автоматтандыру, дәстүрлі емес және жаңармалы энергия көзі, жылумеханика, жылуоқшауланған және кабельдік техника, жылутехнологиялық құрылғылар мен жүйелер, жарық техникасы және жарық көздері қызметін жүргізеді және жұмыс жасаудың сапасын, толық жетілдіруін, жаңартуын бақылайды және технико-экономикалық көрсеткіштерін жақсартады; - жылу электрлік станциялар мен қосалқы станциялар, жылулық жүйелер мен тораптар, қорғаныс және жылуэнергетикалық жүйелердің автоматтандырылуы, кәсіпорындардың әртүрлі өнеркәсіп салаларын жылумен жабдықтау, жылуландыру және ауылшаруашылық өндірісті автоматтандыру, дәстүрлі емес және жаңармалы энергия көзі, жылумеханика, жылуоқшауланған және кабельдік техника, жылутехнологиялық құрылғылар мен жүйелер, жарық техникасы және жарық көздері, технологиялық кешендерді автоматтандыру параметрлерінің негізгі өлшеу құралдарының метрологиялық тексеруін жүзеге асырады. |
| Кәсіптік қызметтің типтік мәселесі | Бас инженердің, жауапты орындаушының немесе тақырып (тапсырма) бастығының басшылығымен бакалавр жүзеге асырады: - жобалы-құрастыру қызметінде жылу электрлік станциялар мен қосалқы станциялар, жылулық жүйелер мен тораптар, қорғаныс және жылуэнергетикалық жүйелердің автоматтандырылуы, кәсіпорындардың әртүрлі өнеркәсіп салаларын жылумен жабдықтау, жылуландыру және ауылшаруашылық өндірісті автоматтандыру, дәстүрлі емес және жаңармалы энергия көзі, жылумеханика, жылуоқшауланған және кабельдік техника, жылутехнологиялық құрылғылар мен жүйелер, жарық техникасы және жарық көздері, технологиялық кешендерді автоматтандыру жобаларын өңдеуін; - жабдықтың үйлесімді жұмыс істеу параметрлерін тағайындауы; жылу жабдықтың құрамы мен оның параметрлерін, жылуэнергетикалық объектілердің сұлбаларын анықтауы; техникалық процестің және дағдыланатын өнім сапаларының барлық белгіленген параметрлерінің сақталуын қамтамасыз етуі; құрылғылар мен жүйелердің технико-экономикалық және экологиялық талдау жүргізуі өңдірістің техникалық қызметіне қатысты; - қызмет объектілерінің жағдайы мен динамикасын талдау; қызмет объектілерінің қасиеттері мен мінез-құлқын болжамдауға мүмкіндік беретін теориялық үлгілерін жасау; техникалық жүйелер мен электр жабдықтарды өңдеудің жоспары мен бағытын және теориялық зерттеулердің нәтижелерін өңдеуге арналған компьютерлік технологиялардың қолдануы; энергоэффективті жылутехнологиялық жабдықты, қондырғы мен кешенді өңдеу, зерттеу қызметіне қатысты; - монтаждық, жөндеу құжаттарын өңдеу; жабдықты эксплуатацияға еңгізу жұмыс жоспары; жылутехнологиялық жабдықтың монтажы, эксплуатациясы мен жөндеуі, нормативті құжаттарға сәйкес монтаждық-жөндеу жұмыстарға қатысты жабдықты қабылдау, тапсыру тәжірибиесінде, жабдықты эксплуатацияға қабылдау монтаждық-жөндеу қызметте жүзеге асырылады; - орындаушыларының ұжымдық жұмыстарын қадағалау; әртүрлі талаптарды қанағаттандыратын (құнын, сапасын, қауіпсіздігін және атқару мезгілдерін) ұзақ уақытқа да, қысқа мерзімге де жоспарлауда шешім таңдауы; белгіленгін деңгейдегі өнімнің сапасын қамтамасыз ететін өндірістік және өндірістік емес шығындарды бағалауы; өндіріс барысында техникалық бақылау, байқауы мен сапаның басқарылуын жүзеге асырылуы ұжымдық-басқарма қызметіне қатысты. |
| Кәсіптік қызметтің мақсаты | Кәсіпшілік қызмет жылутехникалық объектілерді жаңартуға, жобалауға, эксплуатациялауға бағытталған: жылуэлектрлік станциялар мен қосалқы станциялар, жылулық жүйелер мен тораптар, қорғаныс және жылуэнергетикалық жүйелердің автоматтандырылуы, кәсіпорындардың әртүрлі өнеркәсіп салаларын жылумен жабдықтау, жылуландыру және ауылшаруашылық өндірісті автоматтандыру, дәстүрлі емес және жаңармалы энергия көзі, жылумеханика, жылуоқшауланған және кабельдік техника, жылутехнологиялық құрылғылар мен жүйелер, жарық техникасы және жарық көздері, технологиялық кешендерді автоматтандыру. |
| Кәсіптік қызметтің құрамы | Бакалавр: - техникалық шарттарды, стандарттарды, жылуэнергетика жүйесіне қолданылатын техникалық суреттеу жобаларының өндеуіне қатысады; - жылуэнергетика кәсіпорынын жобалауымен байланысты техникалық ұсыныстардың, техникалық тапсырмалардың және де басқа құжаттарды эксперттік бағалаудан өткізеді; - әртүрлі пікірлерді есепке ала ұйымдық шешімдерді қабылдауға қатысады; - ғылыми зерттеулер мен бекітілген әдістемелерге сай тақырыптың жеке бөлімдерімен (кезеңдермен, тапсырмалармен) өткізуіне қатысады, тәжірибиелердің өткізілуіне қатысады, бақылаулар мен өлшеулер өткізеді, оларды суреттейді және шешімдерді тұжырымдайды. |













































