- Қателік
-
- Error loading component: com_qualchar, 1
- Error loading component: com_qualchar, 1
- Error loading component: com_qualchar, 1
Біліктілік пен қызметтер тізімі
| Біліктілік пен қызметтер тізімі | 050729-Құрылыс мамандығы бойынша бітірген түлекке құрылыс бакалавры академиялық дәреже беріледі. Түлектердiң бiлiктiлiгi және қызметтерi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 21.11.2002ж. №273-П бұйрығымен бекiтiлген "Жетекшiлердiң, мамандардың және басқа да қызметкерлердiң бiлiктiлiк анықтамасына" сәйкес анықталады. 050729-Құрылыс мамандығы бойынша бiтiрген түлекке төменде көрсетілген қызметтерді істеуге рұқсат етіледі: - жетекші қызметі: учаске шебері, цех (учаске) бастығы, жұмыс өндіруші,цех шебері, ауысым бастығы, шаруашылық бөлімінің бастығы, жөндеу цехының бастығы, бастық (шеберхана меңгерушісі); - мамандар қызметі: ІІІ дәрежелі инженер-конструктор, ІІ дәрежелі инженер-лаборант, өндірістік процестерді механикаландыру және автоматтандыру бойынша инженер, сапа бойынша инженер, қондырғыларды жинақтау бойынша инженер, құрылыс жұмыстарын қадағалау инженері, сынау және жөнге келтіру бойынша инженер, ғылыми-техникалық ақпарат бойынша инженер, еңбекті мөлшерлеу бойынша инженер, еңбекті ұйымдастыру бойынша инженер, өн-дірісті басқаруды ұйымдастыру бойынша инженер,еңбекті қорғау және техни-ка қауіпсіздігі бойынша инженер, жөндеу бойынша инженер, ІІІ дәрежелі инже-нер-технолог, механик, техник, техник-конструктор, техник-лаборант, еңбек бойынша техник, техник-технолог; - жетекші, ғылыми және техникалық қызметкерлердің ғылыми-зерттеу,конструкторлық, технологиялық, жобалау және іздестіру ұжымдары үшін ортақ қызметтері: техник, лаборант, ІІІ дәрежелі инженер жобалаушы |
| Кәсіптік қызмет саласы | Кәсіби қызметінің саласы ретінде: құрылыс, машина жасау құрылысы, химиялық, таукен ісі, мұнай және газ өнеркәсіптері, металлургия саласы қолданылады |
| Кәсіптік қызмет нысандары | Бітірушілердің кәсіптік қызмет нысаны құрылыс-жинақтау басқармалары мен ұжымдары, құрылыс бұйымдарын өндіретін зауыттар, коммуналды шаруашылық мекемесі, құрылыс техникасы мен қондырғыларын жөндеу және пайдалану мекемелері, құрылыс бойынша акционерлік бірлестік бола алады |
| Кәсіптік қызмет пәні | Мамандардың жігері құрылыс-жинақтау жұмыстарын жүргізуге және ұйымдастыруға, техникалық қондырғыларды және ғимараттарды пайдалану жұмыстарын жүргізуге және ұйымдастыруға, ғылыми-зерттеу ұжымдарында жетекші мамандардың жетекшілігімен жұмыстар жүргізуге бағытталған |
| Кәсіптік қызмет түрлері | 050729-Құрылыс мамандығы бойынша бакалаврлар мынандай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады: – өндірістік-басқарушылық – ғимараттарды, имараттарды инженерлік жүйелер мен жабдықтарды тұрғызу, жаңғырту бойынша құрылыс-жинақтау жұмыстарын атқаратын; құрылыс машиналарын, механикалық, электрлік жабдықтарын және автоматтау құралдарын пайдаланатын және жөндейтін ұжымдарды басқару; – жобалық-конструкторлық – ғимараттар мен имараттарды, инженерлік жүйелерін, механикалық және электрлік жабдықтары мен механизациялау құралдарын тұрғызу және жаңғырту бойынша жобалық-конструкторлық жұмыстарын орындау; – ұйымдастыру-технологиялық - муниципалдық ұйымдар мен кәсіпорындарының құрылыстық жұмыстарын ұйымдастыру; – ғылыми–педагогикалық - жалпы білім беру мекемелерінде және зерттеу орталықтарында ғылыми-педагогикалық қызметті жүргізуге, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға қатысу |
| Кәсіптік қызмет міндеттері | Құрылысты жүргізу және дайындау процестерін, сондай-ақ, жобалау-іздестіру жұмыстарын басқару және ұйымдастыру |
| Кәсіптік қызметтің типтік мәселесі | Құрылыс-жинақтау, арнайы, жобалық-конструкторлық және ғылыми-педагогикалық жұмыстары |
| Кәсіптік қызметтің мақсаты | Азаматтық, өнеркәсіптік, көліктік, коммуналдық тағайындаудағы нысандарды жобалау, құрылысты салу және пайдалану |
| Кәсіптік қызметтің құрамы | Ғимарат пен имараттың есептерін білікті жүргізу, техникалық шешімдерді сапалы безендіру, экология мен тіршілік қауіпсіздігі талаптарын ескере отырып, құрылыста техникалық ғимараттарды жаңғырту, құрылыс-жинақтау жұмыстарын жүргізу |













































