- Қателік
-
- Error loading component: com_qualchar, 1
- Error loading component: com_qualchar, 1
- Error loading component: com_qualchar, 1
Біліктілік пен қызметтер тізімі
| Біліктілік пен қызметтер тізімі | 050704 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша бітірген түлекке есептеу техникасы және бағдарламалық қамта- ма бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Түлектердің біліктілігі мен лауазымдары Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеументтік қорғау Министрлігінің 21.11.2002 ж. №273-П бұй- рығымен бекітілген “Жетекшілердің, мамандардың және басқа да қызметкерлердің біліктілік анықтамасына” сәйкес анықталады. 050704 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығын бітірушілер мынадай қызметтерде жұмыс істей алатын болады: - санатсыз жоғары деңгейлі біліктілікті маман; - екінші санатты жоғары деңгейлі біліктілікті маман; бірінші санатты жоғары біліктілікті маман. |
| Кәсіптік қызмет саласы | Бітірушілердің кәсіби қызметінің саласы есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданатын және іске қосатын, өңдейтін мемлекет- тік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдар болып табылады, нақтылап айтсақ: машина жасау, металургия, көлік, телекоммуникация, ғылым және білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық саласы, қызмет көрсету саласы, әкімшілік басқару, экономика, бизнес, әр түрлі техникалармен басқару, яғни адамға қызмет етудің барлық саласында. |
| Кәсіптік қызмет нысандары | Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша бітірушілердің кәсіби қызмет объектісі болып келесі объектілер саналады: - есептеу машиналары, кешендері, жүйелері және желілері; - ақпарат өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелері; - автоматтандырылған жобалау жүйелері; - есептеу техникасы құралдарының және ақпараттық жүйелердің бағдарламалық қамтамасыз етілуі (бағдарламалар, бағдарламалық кешендер мен жүйелер). |
| Кәсіптік қызмет пәні | 050704 - Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша бітірушілердің кәсіптік қызмет пәндері: - жоғарыда аталған жүйелердің математикалық, ақпараттық, техникалық,эргономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық қамтамасыз етілуі. |
| Кәсіптік қызмет түрлері | - жобалаушы-құрастырушылық; - өндірістік-технологиялық; - эксперименталды-зерттеушілік; - ұйымдастыру-басқарушылық; - эксплуатациялық. |
| Кәсіптік қызмет міндеттері | 050704 - Есептеу техниикасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша бакалавр іргелі және арнаулы дайындығына сәйкес кәсіптік қызметтің объектілері бойынша келесі функцияларды атқара алады: - есептеу техникаларын жобалау; - есептеу және ақпараттық жүйелерді эксплуатациялау; - жүйелер мен желілірді әкімшілік ету; - есептеу жүйелері мен желілірді сүйемелдеу; - жүйелерді тестілеу; - бағдарламалық-аппараттық қорғалуын қамтамасыз ету |
| Кәсіптік қызметтің типтік мәселесі | - аппаратты-бағдарламалық кешендер компоненттерінің сәулетін және оған сәйкес адам-машиналық интерфейстерін жобалау; - ақпаратты өңдеудің және басқарудың компьютерлік жүйесін жүзеге асыру үшін бағдарламалау құралдарын, есептеу техникасы құралдарын қолдану; - кәсіби қызмет объектілерінің бағдарламалық қамтамасыз етілуі, ақпараттық және математикалық элементтерін жобалау; - кәсіби қызмет объектілерінің жұмыс істеуімен байланыстағы ақпараттық және есептеу үрдістерінің бағдарламалық және математикалық модельдерін зерттеу және құру; - есептеу техникасы жабдықтары мен жүйелерінің, процестердің, құбылыстардың математикалық модельдерін жүзеге асыру және таңдау; - кәсіби қызмет объектілерін зерттеу және өңдеу процесін ұйымдастыруда инструментальды бағдарламалық жабдықтарды және есептеу техникасы жабдықтары технологиясын таңдау; - ақпаратты басқарудың және өңдеудің компьютерлік жүйесін, есептеу техникасын, жүйелік, инструменталды және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етілуін қалыпқа келтіру және орнату; - ақпаратты басқарудың және өңдеудің компьютерлік жүйесін, бағдарламалық өнімдерін сүйемелдеу. |
| Кәсіптік қызметтің мақсаты | Кәсіптік қызмет бағыттары математикалық, ақпараттық, техникалық, эргономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық қамтамасыз етілуі әзірлеу мен жүзеге асыру болып табылады, оған: - есептеу машиналары, кешендері, жүйелері және желілерінің; - ақпаратты өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелерінің; - автоматтандырылған жобалау жүйелерінің; - есептеу техникасы құралдарының және ақпаратты өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелерінің бағдарламалық қамтамасыз етілуі (бағдарлама- лар, бағдарламалық кешендер және жүйелер) қызметтері кіреді. |
| Кәсіптік қызметтің құрамы | Жобалау-құрастырушылық қызметі бойынша: - пәндік аймақ моделіне және техникалық жабдықтар мүмкіндігіне негізделген кәсіптік қызметтің жеке объектісі компоненттерінің талаптарын және ерекшелігін әзірлеу; - аппараттық-бағдарламалық кешендер компоненттерінің сәулетін жобалау; - аппараттық-бағдарламалық кешендердің адам-машина интерфейсін жобалау; - аппараттық-бағдарламалық кешендерді тиімді түрде іске асыру үшін есептеу техника құралдарын бағдарламалау жабдықтарын қолдану; - қазіргі замандық әдістерге, құралдарға және жобалау технологиясына негізделе отырып ақпаратты өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелерінің математикалық, лингвистикалық, ақпараттық және бағдарламалық қамтамаз етілуі элементтерін жобалау; Өндірістік-технологиялық қызмет бойынша: - талап етілген сапа бойынша ақпаратты өңдеу және басқарудың компьютерлік жүйелерінің, бағдарлама және бағдарламалық кешендер өндірісінің компоненттерін жасау; - аппараттық-бағдарламалық кешендерді тестілеу және жөндеу; - сынау бағдарламаларын және әдістемелерін әзірлеу; кәсіптік қызмет объектілеріне сынақ жүргізу; - аппараттық және бағдарламалық құралдарды кешендеу, есептеу жүйелерін, кешендерін және тораптарын жинақтау; - кәсіптік қызмет объектілерін сертификациялау. Эксперименттік-зерттемелік қызмет бойынша: - адам қызметінің ғылыми зерттеулердегі, жобалау-құрастырушылық қызметтеріндегі технологиялық, экономикалық, әлеуметтік жүйелерді басқарудағы және гуманитарлық аймақтардағы мәселелерді шешуді жеңілдету үшін математикалық модельдерді, әдістерді, компьютерлік технологиялар мен жүйе- лерді таңдау; - әдістерді, алгоритмдерді, бағдарламаларды, аппараттық-бағдарламалық кешендер және жүйелерді теориялық және сараптық түрде зерттеу, талдау; - кәсіптік қызмет объектілерінің жұмысына байланысты есептік және ақпараттық үрдістердің математикалық және бағдарламалық модельдерін құру және зерттеу; - бағдарламалық-аппараттық кешендерді зерттеу жоспарларын, бағдарламаларын және әдістемелерін әзірлеу. Ұйымдастырушы-басқарушылық қызметі бойынша: - кәсіптік қызмет объектілерін әзірлеу үрдісінің жеке сатыларын зерттеу; - кәсіптік қызмет объектілерін әзірлеу үрдісін бағалау, бақылау және басқару; - кәсіптік қызмет объектілерін әзірлеу және зерттеу үрдісін ұйымдастыру кезінде технологияларды, инструментальды бағдарламалық жабдықтарды және есептеу техникасы жабдықтарын таңдау; - қызметкерді кәсіптік қызмет объектілерін әзірлеу үрдісін ұйымдастырудың бекітілген шегінде оқыту. Эксплуатациялық қызмет бойынша: - есептеу жүйелерінің және тораптарының жүйелік, инструменталдық және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етілуін орнату, жұмысқа икемдеу және қызмет көрсету; - түрлі жүйелердің бағдарламалық бұйымдарын қолдау; - кәсіптік қызмет объектісінің эксплуатациялық сипаттамаларын өлшеу әдістерін және жабдықтарын таңдау. |













































