- Қателік
-
- Error loading component: com_qualchar, 1
- Error loading component: com_qualchar, 1
- Error loading component: com_qualchar, 1
Біліктілік пен қызметтер тізімі
| Біліктілік пен қызметтер тізімі | 050709 - Металлургия мамандығы бойынша бітіруші түлекке металлургия бакалавры академиялық дәріжесі беріледі. Түлектердің біліктігі және лауазымдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігiнiң 21.11.2002 ж. № 273-П бұйры- ғымен бекiтiлген «Жетекшілердің, мамандардың және басқа да қызметкерлер- дiң бiлiктiлiк анықтамасына» сәйкес анықталады |
| Кәсіптік қызмет саласы | Бакалавриатты бітірушы мамандар өнеркәсіптерде өндірістік-технология- лық және ұйымдастырушылық жұмыстарын, сонымен қатар байытылған, қара, түсті, сирек кездесетін және радиоактивті металдарды, құймаларды және ар- найы материалдар алу; металдар мен құймаларды өңдеу бағытында ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізеді; металдар мен қорытпаларды термиялық өңдеу. |
| Кәсіптік қызмет нысандары | Оқу бітіруші түлектердің кәсіби қызмет ету объектілеріне қара және түсті металлургия, химиялық, кен-байыту, машина жасау өндірісі кәсіпорандары, са- лалық ғылыми-зерттеу және жобалау институттары, заводтық лабораториялар, жоғары және орта техникалық оқу орындары жатады. |
| Кәсіптік қызмет пәні | Кәсіби қызметінің пәні болып металлургиялық өндірістің технологиялық процестері, алғашқы шикізатты өндеу және тұтыну қасиеттері жоғары металл өнімдерін өндіру; металдар мен материалдарды алу және өңдеу технология- лары, құрылымын және қасиеттерін зерттеу, тау-кен металлургия өндірісінің жабдықтары, металлургиялық өндірісті және ақырғы өнімнің сапасын автоматты басқару мен бақылау жүйесі есептелінеді |
| Кәсіптік қызмет түрлері | 050709 - Металлургия мамандығын бітіруші бакалавр төмендегідей кәсі- би қызмет түрлерін атқара алады: - өңдірістік-технологиялық; - ұйымдастыру; - есептеу-жобалау; - экспериментік-зерттеу. |
| Кәсіптік қызмет міндеттері | - кәсіби қызметтің атқару функциялары; - еңбек қорғау ережелерінің сақталуын бақылау; - кішігірім атқару ұжымдарының жұмысын ұйымдастыру; - төменгі өндірістік бөлімшелердің оперативті жоспарларын жасау; - техникалық құжаттарды жасау, төменгі өндірістік бөлімшелердің жұмысының жедел жоспарларын жасау; - жүргізілетін зерттеулердің сипатын беру, деректерді дайындап есеп беруді шолу және ғылыми басылымдарды дайындау; - ғылыми-техникалық ақпаратты меңгеру, автоматтандырылған жобалар мен зерттеулердің стандартты пакеттерінің негізінде процестер және объекті- лердің математикалық моделін жасау; - белгілі әдіс бойынша тәжірибелер жүргізу және нәтижелерге талдау жасау; - өлшеу және бақылау жүргізу, талдау, есеп беруге және ғылыми басылымдарға қажет деректерді жинау. |
| Кәсіптік қызметтің типтік мәселесі | - технологиялық процеске және жабдық жұмысына бақылау жүргізу; - металлургиялық қайта өндеудің бастапқы және соңғы өнімдеріне талдау жасау; - жұмыс сызбаларын орындау; - ауысым, бригада, лаборанттар жұмысын ұйымдастыру; - экологиялық және технологиялық мониторинг. |
| Кәсіптік қызметтің мақсаты | - өндірістік-технологиялық жұмысы; - ғылыми-зерттеу жұмысы; - есептеу-жобалау жұмысы. |
| Кәсіптік қызметтің құрамы | - алынатын өнімнің сапасын және технологиялық процесстің регламентін сақталуды қамтамасыз ету; - технологиялық процестер мен жабдық жұмысына бақылау жүргізу; - химиялық, физика-химиялық, гранулометриялық және басқа талдау түр- лері; - жаңа технологиялар мен жабыдқтарды енгізуге қатысу; - техникалық және өндірістік есеп беруді құрастыру;техникалық әдебиеттермен жұмыс істеу; - процестерді жүргізуде прогрессивті әдістерді қолдану; - қазіргі кезгі еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін және аспаптар мен қоңдырғыларда жұмыс істеуді игеру |













































