Қателік
  • Error loading component: com_qualchar, 1
  • Error loading component: com_qualchar, 1
  • Error loading component: com_qualchar, 1
Біліктілік пен қызметтер тізімі
Біліктілік пен қызметтер тізіміОқу мерзімі біткен соң 5В060100-Математика мамандығын бітірушіге математика бакалавры дәрежесі - Математик; - Математик. Математик-оқытушы; - Математик. Математик-қолданушы; - Математик. Математик-экономист; - Математик. Математик-актуарий; - Математик. Математик-жүйелік программист (математика салалары бойынша) біліктіліктерімен қоса беріледі. Математика бакалавры төмендегі қызметтерді атқара алады: - ұйымдық-басқару құрылымдарында маман, жетекші маман, жетекші математик-инженер, математик-программист, математик-экономист, математик- актуарий; - ғылыми–зерттеу орталықтары мен институттарындағы кіші ғылыми қызметкер; - жүйелік программист, компьютерлік желілердің жүйелік басқарушысы; - орта-арнаулы және орта мектептердегі, лицейлер мен гимназиялардағы математика, информатика, математика және информатика пәндерінің оқытушысы және басқа да білім мекемелерінде. Бұларға қосымша түлектердің біліктілігі және қызметтері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 21.11.2002ж. №273-П бұйрығымен бекітілген “Жетекшілердің, мамандардың және басқа да қызметкерлердің біліктілік анықтамасына”сәйкес анықталады.
Кәсіптік қызмет саласыАталған мамандықты бітірушілердің кәсіби қызмет салалары мыналар: - математика; - математика және қолданбалы математика; - математика және жүйелік программалау; - математикалық және компьютерлік модельдеу; - экономикадағы математика; - актуарлық математика.
Кәсіптік қызмет нысандары5В060100 – Математика мамандығының түлектерінің кәсіптік қызметтерінің объектілері мыналар: - ғылыми-зерттеу мекемелері; - білім беру мекемелері; - банк жүйесі; - сақтандыру компаниялары; - қаржылық құрылымдар.
Кәсіптік қызмет пәні5В060100– Математика мамандығының бакалавриатын бітіруші түлектердің кәсіби қызмет пәндеріне мыналар жатады: - жаратылыстану ғылымдарындағы, техникадағы, экономикадағы математикалық модельдерді теориялық түрде жасап шығару; - есептеу процестерінің практикалық эксперименттері; - компьютерлік және есептеу технологиясы; - желілік технология; - математикалық экономика; - актуарлық математика.
Кәсіптік қызмет түрлері5В060100 – Математика мамандығының бакалаврлары келесідей кәсіби қызметтерді атқара алады: - ғылыми–зерттеушілік; - жобалаушылық; - ұйымдастырушылық–технологиялық және өндірістік-басқарушылық; - эксперименталдық; - ағартушылық (педагогикалық); - болжаушылық; - математикалық-экономикалық; - математикалық- актуарлылық; Аталған мамандықты бітірушілер басқа да, жоғары кәсіби білімді қажет ететін кәсіби қызметтерді, ҚР заңдарына сәйкес, атқара алады.
Кәсіптік қызмет міндеттері5В060100 – Математика мамандығының бакалаврлары келесідей кәсіби функцияларды атќара алады: - жаратылыстану ғылымдары, техника және экономика салаларындағы құбылыстар мен процестердің математикалық модельдерін жасау; - программалық кешендерді жасап шығару; - білім беру жүйелеріндегі оқыту; - математиканы пайдаланумен байланысты салалардағы ғылыми-зерттеу жұмыстары.
Кәсіптік қызметтің типтік мәселесіТүлектердің кәсіби қызметі аясының типтік мәселелері мыналар: - жаратылыстану ғылымдарының есептерін шешудің математикалық модельдері мен программалық кешендерін жасау; - экономиканың есептерін шешудің математикалық модельдері мен программалық кешендерін жасау; - ғылыми–техникалық есептерді шешудің математикалық модельдері мен программалық кешендерін жасау. - теориялық және қолданбалы математиканың есептерін қою және шешу.
Кәсіптік қызметтің мақсатыҚазақстан Республикасындағы жоғары кәсіби білімнің 5В060100-Математика мамандығы бойынша мамандарды дайындау бағыты 2005 жылдың 28-шілдесінде Қазақстан Республикасының индустрия және сауда Министрлігінің техникалық реттеу және метрология Комитетінің №204 бұйрығымен бекітілген, 12.03.2004 жылы индустрия және сауда Министрлігінің стандарттау, метрология және сертификаттау Комитеті №1 өзгертулерімен қоса бекіткен Қазақстан Республикасындағы білімнің бакалавр және магистратура мамандықтары Классификаторына сәйкес келеді.
Кәсіптік қызметтің құрамыТүлектердің кєсіптік қызмет мазмұны: - жаратылыстану ғылымдарындағы процестер мен құбылыстардың математикалық модельдерін ойлап табу; - ғылыми–техникалық есептерді шешудің сандық әдістерін табу; - процестер мен құбылыстардың ықтималдықтық-статистикалық модельдерін жасау; - тиімділеу әдістерін және басқару алгоритмдерін жасап шығару; - экономикалық процестердің математикалық-экономикалық модельдерін жасау. - математика мен жүйелік программалау әдістерін пайдаланатын салалардағы зерттеушілік қызмет; - ғылымның, техниканың, экономиканың және басқарудың есептерін шешудің заманға сай математикалық әдістері мен программалық жабдықтарын жасап шығару және қолдану; - жобалаушылық-конструкторлық, басқару және қаржылық қызметтерге ақпараттық технологияларды қолдану; - математика мен информатикадан сабақ беру.
A.G.P.
Цветы и комнатные растения
TITgroup
Johnny Superb