Қателік
  • Error loading component: com_qualchar, 1
  • Error loading component: com_qualchar, 1
  • Error loading component: com_qualchar, 1
Біліктілік пен қызметтер тізімі
Біліктілік пен қызметтер тізімі5В050700 – Менеджмент мамандығының түлегіне – «5В050700 – Менеджмент» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2009 жылғы 20 наурыздағы 131-од бұйрығымен бекітілген және қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының мемлекеттік классификаторына сай менеджмент бакалавры әртүрлі экономикалық құрылымдарда, әлеуметтік қызметтерде, басқару жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымдарында, салааралық кешендерде, басқару органдарында, акционерлік қоғамдарда, әртүрлі шаруашылық серіктестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарда жұмыс жасай алады және кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндігі бар.
Кәсіптік қызмет саласы5В050700 – Менеджмент мамандығы бакалаврының кәсіби қызмет саласы: - экономиканың нақты секторы; - қаржылық-банктік жүйе; - бизнес және кәсіпкерлік болып табылады.
Кәсіптік қызмет нысандары5В050700 – Менеджмент мамандығы бакалаврының кәсіби қызметінің обьектілері: бизнес-құрылымдар, өнеркәсіптік өндіріс, әртүрлі меншік формаларының ұйымдары мен фирмалары, мемлекеттік басқару органдары, қаржылық ұйымдар, жобалық және ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми-өндірістік, білім беру мекемелері болып табылады.
Кәсіптік қызмет пәні5В050700 – Менеджмент мамандығы бакалаврының кәсіби қызметінің пәні: - стратегиялық басқару шешімдерін қабылдау үшін ұйым қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша басқарушылық зерттеулер; - обьектілерде ұйымдастырушылық-экономикалық және басқарушылық қатынастардың тиімді жүйесін құру және қолдау үшін басқарушылық зерттеулер; - стратегиялық және тактикалық жоспарлау әдістері, ережелері мен процедуралары; - талдау, есептік-нормативтік, кеңес беру қызметтері; - басқарудың ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әдістемелік базасын құру; - ұйымдастырушылық жобалау және жобаларды техникалық-экономикалық негіздеу болып табылады.
Кәсіптік қызмет түрлері5В050700 – Менеджмент мамандығы бакалаврлары кәсіби қызметтің келесідей қызмет түрлерін іске асыра алады: - ғылыми-зерттеу; - ұйымдастырушылық-басқару; - өндірістік-технологиялық; - жобалау; - коммерциялық; - білім беру;
Кәсіптік қызмет міндеттері5В050700 – Менеджмент мамандығының бакалаврлары келесідей функционалдық міндеттерді орындауға дайын болуы қажет: - басқарудың негізгі мақсаттары мен міндеттерін және олардың тиімділігін анықтау; - өндірістің дамуы мен басқарудың негізгі бағыттарын жоспарлау; - өндірістік обьектің құрылымы мен басқару құрылымын қалыптастыру, өндірістік аппаратты оңтайлы құру; - өндірістің техникасы мен технологиясын жетілдіру; - өндіріс саласына инновацияларды енгізу; - персоналды ынталандыру және олардың еңбектерін мотивациялау; - басқарудың барлық қызметтерін бақылау және мониторинг жүргізу.
Кәсіптік қызметтің типтік мәселесі5В050700 – Менеджмент мамандығы бакалаврының кәсіби қызметінің типтік міндеттері: кәсіби қызмет обьектілерінің қызмет етуін қамтамасыз ету, тиімді басқару жүйесін және еңбекті ғылыми ұйымдастыруды құру, шығармашылық потенциалды, бастамашылықты, жаңашыл және креативтік ойлауды жүзеге асыру болып табылады.
Кәсіптік қызметтің мақсаты
Кәсіптік қызметтің құрамы5В050700 – Менеджмент мамандығы бакалаврының кәсіби қызметі келесілерге бағытталған: - ұйымдар мен фирмалардың экономикалық қызметтерінің мәселелерін шешу; - шаруашылық субъектілерінің анағұрлым тиімді дамуын таңдай білу; - персонал қызметін ынталандыру; - инновациялық қызметті белсендендіру; - ұйымды басқарудың оңтайлы ұйымдастырушылық құрылымын құру.
A.G.P.
Цветы и комнатные растения
TITgroup
Johnny Superb