Қателік
  • Error loading component: com_qualchar, 1
  • Error loading component: com_qualchar, 1
  • Error loading component: com_qualchar, 1
Біліктілік пен қызметтер тізімі
Біліктілік пен қызметтер тізімі050120 – Кәсіптік білім мамандығы бойынша бакалавриат мамандығын бітіруші кәсіптік оқыту ұстазы, еңбек технологиясы және кәсіпкерлік мұғалімі, орта және кәсіби мектептерде, колледждерде, лицейлерде кешенді жұмысшы кәсіптерінен жалпытехникалық пәндердің арнайы технологиясы оқытушысы, орта және жоғары кәсіби білім беру жүйесінде олардың ведомостволық бағыныштылығы мен меншік түріне қарамастан өндірісті оқыту шебері, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 21.11.2002ж. №273-П бұйрығымен бекітілген “Жетекшілердің, мамандардың және басқа да қызметкерлердң біліктілік анықтамасының” біліктілік талаптарына сәйкес бакалаврлар бірінші категориялы техниктің алғашқы қызметіне, кіші ғылыми қызметкер, инженер-лаборант, және инженер ғылыми-зерттеу мекемелеріне, конструкторлық және жобалау ұйымдарына еңбек өтілін талап етпестен жұмысқа қабылданады. 050120 – Кәсіптік білім мамандығы бойынша бакалавриат мамандығын бітірушілерге мамандануына байланысты біліктілік беріледі. 1. Мамандануы - еңбек технологиясы және кәсіпкерлік. Біліктілігі - жалпытехникалық пәндердің арнайы технологиясы оқытушысы, еңбек технологиясы және кәсіпкерлік мұғалімі. 2. Мамандануы - Өндірістік кәсіпорын (сала бойынша): Біліктілігі – Кәсіби оқыту ұстазы (сала бойынша). - Машина жасау өндірісі; - Металлургия өндірісі; - Құрылыс; - Газ және мұнайөндіру өндірісі; - Химиялық және мұнайөңдеу өндірісі; - Тауөндіру өндірісі; - Мата және тігін өндірісі; - Былғары және аяқ киім өндірісі; - Ағаш өңдеу және жиһаз өндірісі; - Тамақ өнімдері өндірісі; - Өнеркәсіп өндірісі және қоршаған ортаны қорғау; 3. Мамандануы - Ауылшаруашылығы өндірісі: Біліктілігі – Кәсіптік оқыту ұстазы (сала бойынша). - Ауылшаруашылығы техникасы және агрономия; - Мал шаруашылығы және егіншілік; - Ауылшаруашылығы өндірісін механикаландыру және автоматтандыру; - Ветеринария; - Орман шаруашылығы жұмыстары. Мамандануы – Қызмет көрсету өндірісі: Біліктілігі - Кәсіптік оқыту ұстазы (сала бойынша) - Тұрмыстық шаруашылыққа қызмет көрсету және сервис; - Қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру; - Автокөлік құралдарын тұтыну және жөндеу; - Тігін бұйымдарын конструкциялау және моделдеу; - Байланыс және телекоммуникация; - Ақпараттық технологиялар; - Электротехника және радиоэлектроника. 5. Мамандануы – Сәндік-қолданбалы және көркемдік өндірісі Біліктілігі - Кәсіптік оқыту ұстазы (сала бойынша) 6. Мамандануы – Киім дизайны Біліктілігі – Кәсіптік оқыту дизайнер-ұстазы 7. Мамандануы – Шаруашылық субъектілерінің экономика және менеджменті Біліктілігі – Кәсіптік оқыту менеджер-ұстазы
Кәсіптік қызмет саласы050120 - «Кәсіптік оқыту» мамандығының кәсіптік қызмет орны: - кәсіпке оқыту бойынша оқу-тәрбиелеу мекемелері мен оқу орнындарындағы психологиялық - педагогикалық қызметі; - бастауыш, ортаңғы және қосымша кәсіптік оқыту мекемелерінде, ғылыми-зерттеу мекемелерінде және жобалау ұйымдарында және өндірісте техникалық, технологиялық, өндірістік, экономикалық саласы бойынша кәсіби іс-әрекет; - мамандануына байланысты жұмысшылардың біліктілігін жоғарылату үшін, білім беру және өндіріс саласында ғылыми-зерттеу қызметі; - кәсіптік оқыту бакалавры біліктілігіне сәйкес мәдени-ағартушылық, басқару және жоспарлау іс-әрекеті; - еңбек өтілін талап етпестен бірінші категориялы техниктің алғашқы қызметіне, кіші ғылыми қызметкер, инженер-лаборант және инженер
Кәсіптік қызмет нысандарыБітірушілердің кәсіптік қызмет объектісі: - оқу-өндірістік комбинаттар (бірлестіктер), оқу- курстық желілерінде; - тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз ететін қызметтің жұмысшылар мен мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін жетілдіру орталықтары; - кәсіби техникалық мектептер, училищелер; - орта арнайы оқу орындары, колледждер; - жоғары оқу орындары; - конструкторлық бюролар; - зауыт лабораториялары; - ғылыми-зерттеу мекемелері; - кончструкторлық және жобалау ұйымдары бола алады
Кәсіптік қызмет пәніЖұмыс орынында маман төмендегілерді орындауға бағытталған: - сала бойынша білім беру мекемелерінде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру және жүргізу; - өнеркәсіптік мекемелердегі оқу-тәрбиелік және өндірістік үрдісті ұйымдастыру; - оқитындардың қатысуымен олардың ғылыми зерттеу қызметтерін ұйымдастыру
Кәсіптік қызмет түрлері050120 - ''Кәсіптік оқыту'' мамандығы бакалавры төмендегідей кәсіби қызмет түрлерін іске асыра алады: - білім беру (оқу-тәрбиелеу, педагогикалық); - ұйымдастыру - технологиялық; - өндірістік - басқарушылық; - жобалау; - ғылыми – зерттеу
Кәсіптік қызмет міндеттеріКәсіби қызмет функциялары: - тәрбиелік; - білім беру; - ұйымдастырушылық; - конструктивті; - коммуникативті; - ақпараттық; - дамытушылық; - бағдарлы; - жұмылдыру; - ізденушілік; - өндірістік-технологиялық; - жобалау; - болжамдау; - шығармашылық; - кәсіпкерлік; - дизайнерлік
Кәсіптік қызметтің типтік мәселесіКәсіби қызметтің типтік міндеттері мыналарды шешуге бағытталған: - нақты үлгі болатын және үлгі емес мәселелері; - мектеп, лицей, гимназия, оқу өндірістік комбинаттар (бірлестіктер), мектептен тыс мекемелерде еңбек технологиясы мен кәсіпке оқытуда оқушыларды тәрбиелеу және кәсіпке даярлауға; - мектеп мұғалімі және оқытушылар, оқу өндірістік комбинат шеберлері, ата-аналар, өндіріс басшылары және өкілдерінің ұжымдық қызметімен байланысты туындайтын оқушыларды еңбекке баулу, өндірістік оқыту, тәрбиелеу мен кәсіби даярлауды ұйымдастырудағы мәселелерді; - өзінің кәсіби біліктілігік деңгейін көтеруге және жетілдіруге байланысты міндеттерді
Кәсіптік қызметтің мақсатыКәсіптік оқыту ұстазының қызметінің негізгі бағыттары еңбек және кәсіби қызмет профилі бойынша болашақ маманды теориялық және практикалық тұрғыда даярлау болып табылады. Кәсіби оқыту ұстазы ұстаздық қызметте де, кәсіби оқыту мекемесінде кадрларды дайындайтын салалары халық шаруашылығының салалары бойынша да құзырлы болып табылады. Кәсіби қызметінің негізгі бағыттары: - Кәсіптік оқыту ұстазы (сала бойынша); - Кәсіптік оқыту ұстаз-менеджері; - Кәсіптік оқыту ұстаз-дизайнері; - Жалпытехникалық пәндер оқытушысы, еңбек технологиясы және кәсіпкерлік мұғалімі
Кәсіптік қызметтің құрамыКәсіптік қызмет мазмұны төмендегілерді қамтиды: - мұғалімнің кәсіби қызметінде 12 жылдық профилді білім беру жағдайында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру; - ғылыми-іздену жұмыстары; - басқару қызметі; - өндірістік-технологиялық қызмет; - педагогикалық үрдістегі инновациялық қызмет; - ақпараттық және жобалық қызметтер
A.G.P.
Цветы и комнатные растения
TITgroup
Johnny Superb