- Қателік
-
- Error loading component: com_qualchar, 1
- Error loading component: com_qualchar, 1
- Error loading component: com_qualchar, 1
Біліктілік пен қызметтер тізімі
| Біліктілік пен қызметтер тізімі | 050502 – Саясаттану мамандығын бітіруші түлекке саясаттану бакалавры деген академиялық дәрежесі беріледі. Түлектердің біліктілігі және қызметтері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 21.11.2002 ж. № 273-II бұйрығымен бекітілген “Жетекшілердің, мамандардың және басқа да қызметкерлердің біліктілік анықтамасына” сәйкес анықталады. Түлек мынандай қызметтермен айналыса алады: - орта және кәсіби орта оқу орындарында оқытушы; - инструктор; - инспектор; - сараптамашы; - эксперт; - кеңесші; - имиджмейкер; - конфликтолог; - саяси технолог; - қоғаммен байланыс жөніндегі маман; - саяси консультант; - сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар маманы және т.б. 050502 – Саясаттану мамандығын бітіруші түлектің дәрежесі және қызметі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2002 ж. 22.11 № 273-П бұйрығымен бекітілген “Жетекшілер, мамандар және де басқа да қызметкерлердің әрекетіне қойылатын біліктілік талаптарының анықтамасына” байланысты айқындалады. |
| Кәсіптік қызмет саласы | Саясаттанушы маманның кәсіби біліктілік қызметі басқару және билік қатынасы саласында саясаттың нормалары мен ресурстары арқылы қоғамдық процестерді реттеуден көрініс табады. |
| Кәсіптік қызмет нысандары | Түлектердің кәсіби қызмет объектісі мына мекемелер мен ұйымдар бола алады: - аудандық, қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі мемлекеттік билік органдары; - аналитикалық орталықтар, қорлар; - мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер; - саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар; - бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ); - үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ). |
| Кәсіптік қызмет пәні | Кәсіби қызмет салалары мыналар болып табылады: - саяси процестер мен құбылыстар, шешім қабылдаудағы саяси қызмет,игіліктерді бөлу, мақсаттар мен бағдарламаларды алға қою, басқару мен жетекшілік ету, мемлекеттің ішкі істері мен халықаралық байланыс; - саясат саласындағы зерттеу мен практикалық іс-қызметтерді жоспарлау; адамдар, мемлекет, қоғам мен тұлға арасындағы іс-қызмет түрлері мен өзара әрекеттесу формаларын реттеу құралы ретіндегі саясатты оқу, қолдану және оңтайландыру; мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың саяси құжаттарын даярлау; қоғамның саяси мәдениетін қалыптастыру, саясаттағы мақсаттар мен жағдайларды зерделеу және проблемаларды айқындау мен болжау; қызметкерлермен кеңес беру, әдістемелік, ағарту жұмыстарын жүргізу; басқару мен жетекшілік жасау саласындағы инновациялық қызмет. |
| Кәсіптік қызмет түрлері | 050502 - Саясаттану мамандығы бойынша бакалаврлар мынандай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады: - ұйымдастыру және басқару; - өндірістік-технологиялық; - жобалық; - ғылыми зерттеу; - білім беру (педагогикалық). |
| Кәсіптік қызмет міндеттері | - саяси шындықты тану, оған тән негізгі үрдістер мен қарама-қайшылықтарды, объективті байланыстарды ашу; - мемлекеттік билік органдарының және саяси партиялардың, қоғамдық-саяси ұйымдардың стратегиялық мақсаттарын, жоспарлары мен бағдарламаларын даярлау; - саяси институттардың қызметін рацоналдандыру, саяси құрылымдарды басқарудың оңтайлы үлгісін әзірлеу; - елдегі, аймақтардағы, әлемдегі жаһандық саяси процестердің дамуын болжау; - тұрғындардың саяси мәдениетін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу; - мемлекеттік билік органдарының мақсаттары, жоспарлары мен бағдарламалары туралы азаматтарды және қоғамдық ұйымдарды ақпараттармен қамтамасыз ету. |
| Кәсіптік қызметтің типтік мәселесі | Кәсіби қызметінің типтік міндеттері - демократиялық қоғамды қалыптастыру үшін, экономикалық, әлеумет- тік, ұлттық, мәдени-идеологиялық шараларды қамтитын ішкі саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік институттардың легитимділігін қамтамасыз ету; - мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін саяси, экономикалық, мәдени-идеологиялық, дипломатиялық, мемлекетаралық- құқықтық, әскери шаралардың кешені ретіндегі сыртқы саясатты жүзеге асыру; - билік органдарының бағдарламаларын, концепцияларын, мақсаттарын қалыптастыру барысында қоғамдық мүдделер мен қажеттіліктерді ескеру; - мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа принцип- тері мен практикасын қалыптастыру; - саяси шешімдерді, саяси технологияларды әзірлеу, қабылдау және жүзе- ге асыру процесін тиімді ету; - мемлекеттік, муниципалдық басқару органдары мен азаматтар арасын- дағы өзара түсіністік пен өзара әрекет етуге қол жеткізу. |
| Кәсіптік қызметтің мақсаты | Қазақстан Республикасының жоғарғы кәсіби білім жөніндегі 050502 – Саясаттану мамандығы бойынша бакалаврлардың кәсіби қызмет бағыттары 2004 жылдың 12 наурызындағы ҚР Индустрия және сауда министрлігінің № 875 бұйрығымен, № 1 өзерістерімен бекітілген және 2005 жылдың 28 шілде сінде ҚР Индустрия және сауда министрлігінің техникалық реттеу және метрология Комитетінің № 204 бұйрығымен бекітілген бакалавриат және магистратура мамандықтары бойынша Классификаторға сәйкес келеді. 050502 – Саясаттану мамандығы бойынша бакалаврлар кәсіби қызметтің келесі бағыттағы кәсіптерін жүзеге асырады - саясат теориясы мен тарихы; - саяси институттар мен процесстер; - халықаралық қатынастар саясаттануы; - салыстырмалы саясаттану; - қоғаммен байланыс жасау; - конфликтология; - имиджеология; - элитология. |
| Кәсіптік қызметтің құрамы | Кәсіби қызметінің мазмұны - мемлекеттік жетекшілік ету мен басқарудың әр түрлі сатыларындағы ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асыруды ұйымдастыру-басқару қызметі; - саяси жүйенің қызметін, саяси-әкімшілік, саяси шешімдерді дайындау,басқару мен жүзеге асыру, сайлау кампанияларын жүргізу, мемлекеттік және аймақтық деңгейдегі қоғаммен байланыс жасау, заңға сәйкес өз өкілеттіктерін орындау мақсатында заңды және жеке тұлғалардың билік құрылымдарына ықпал ету технологияларын іске асыруын дайындайтын және қолдайтын технологиялық қызмет; - мемлекеттік басқару концепциясын, мемлекеттік басқару құрылымдары, қоғамдық ұйымдар мен партиялардың стратегиясын және тактикасын әзірлеу, ішкі және сыртқы саяси процестерді сараптау бойынша эксперттік-кеңесшілік қызмет, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдар; - зерттеу жобалары мен талдауларды, фактілерін жинақтауды, саяси өмірдің жағдайлары мен құбылыстарының құралдарын әзірлеудегі зерттеу қызметі; - білім мекемелері мен ұйымдарындағы педагогикалық қызмет. |













































