- Қателік
-
- Error loading component: com_qualchar, 1
- Error loading component: com_qualchar, 1
- Error loading component: com_qualchar, 1
Біліктілік пен қызметтер тізімі
| Біліктілік пен қызметтер тізімі | 5В074500 – Көлік құрылысы мамандығы бойынша бакалавриатты бітірген түлекке «Көлік құрылысы бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2002ж.21.11. №273-П бұйрығымен бекiтiлген «Жетекшiлердiң, мамандардың және басқа да қызметкерлердiң лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамасына» сәйкес, көлік құрылысы бакалавры келесі лауазымды қызметтерде жұмыс істей алады: - бригадир; - прораб, шебер; - маман (жетекші және бас); - инженер (I, II, III категориялар бойынша, жетекші және бас); - учаске (база, цех, бөлім) бастығы; - шеберхана (зертхана, қойма) меңгерушісі; - сарапшы (көлік құрылыстарын жобалау, салу және күту бойынша); - менеджер, маркетолог (көлік құрылысы бойынша); - іздестіру, жобалау, конструкторлық және өндірістік ұйымдарда (кәсіпорындарда) жетекші, ғылыми және техникалық жұмыскер |
| Кәсіптік қызмет саласы | 5В074500 – Көлік құрылысы мамандығы бойынша бакалаврдың кәсіби қызмет саласы болып, экономиканың көліктік-коммуникациялық, құрылыс, құрылыс-жол, тау-кен қазу, мұнай-газ және басқа да салалар, табылады. |
| Кәсіптік қызмет нысандары | 5В074500 – Көлік құрылысы мамандығы бойынша бакалаврдың кәсіби қызмет объектілері болып, қызметтеріне көліктік-коммуникациялық және мұнай-газ кешендерінің объектілерін іздестіру, жобалау, салу (құрылыстау), реконструкциялау және пайдалану кіретін, меншіктік формасына тәуелсіз кәсіпорындар мен ұйымдар, табылады |
| Кәсіптік қызмет пәні | 5В074500 – Көлік құрылысы мамандығы бойынша бакалаврдың кәсіби қызмет пәні болып, орындалуының жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында сәйкесті бақылау астында жобалау-іздестіру, құрылыстық-монтаждық, технологиялық, өңдеу және басқа да жұмыстардың жүргізілуін ұйымдастыру, жоспарлау және басқару, табылады |
| Кәсіптік қызмет түрлері | 5В074500 – Көлік құрылысы мамандығы бойынша бакалавр кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады: - есептік-жобалау және техникалық-экономикалық; - ұйымдастыру-басқарушылық; - өндірістік-технологиялық және пайдалану; - ғылыми, эксперименталдық-зерттеушілік; - құқықтық, сарапшылық және кеңесшілік; - білім беру (педагогикалық); Есептік-жобалау және техникалық-экономикалық қызметі: - көліктік-коммуникациялық және мұнай-газ кешендерінің ғимараттары мен құрылыстарының конструкциялық элементтерінің сәйкесті есептеулерін өндіру; - көліктік-коммуникациялық және мұнай-газ кешендерінің объектілерінің жаңаларын салудың, барларын жөндеудің, күнделікті күтудің және реконструкциялаудың жобаларын құрастыру және техникалық-экономикалық негіздеу. Ұйымдастыру-басқарушылық қызметі: - қажетті жағдайлар жасаумен орындаушылардың еңбек ұжымының жұмысын ұйымдастыру, өндірісті еңбек және материал қорларымен жабдықтау (қамтамасыз ету), өндірістің әрқилы жағдайларында тиімді басқару шешімдерін қабылдау; - штат кестесі, жұмыс ақысы, әртүрлі жұмыстарды орындаудың құны мен сапасы, тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбекті қорғау және өндіріс аймақтарында экологиялық қауіпсіздікті сақтау бойынша еңбек таластары пайда болған кезде тиімді шешімдерді табу; - құрылыстық-жөндеу өндірісінің өнімінің сапасын қамтамасыз ету үшін өндірістік және өндірістен тыс шығындарды бағалау; - көлік құрылысында техникалық бақылауды іске асыру және сапаны басқару. Өндірістік-технологиялық және пайдалану қызметі: - өндіріс процесінде кездесетін технологиялық есептерді жоспарлау және шешу; - материалдар мен шикізаттарды, құрал-жабдықтарды, техниканы, технологиялық процестердің параметрлерін есептеу мен жобалаудың осы заманғы компьютерлік бағдарламаларын ұтымды пайдалану; - шикізаттардың сапасының кірісімді бақылауды, жартылай фабрикаттар мен технологиялық процестердің параметрлерін өндірістік бақылауды, дайын өнімдердің сапасын ұйымдастыру және ұтымды іске асыру; - көліктік-коммуникациялық және мұнай-газ кешендерінің ғимараттары мен құрылыстарын инженерлік-техникалық пайдалану. Ғылыми, эксперименталдық-зерттеушілік қызметі: - көліктік-коммуникациялық және мұнай-газ кешендерінің объектілерін зерттеген кезде іргетастық және қолданылмалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру; - өндірістің жаңа технологияларын жасау; - тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың орындалуы; - осы заманғы әдістер мен тәсілдерді қолданумен қызмет объектілерінің күй-жағдайы мен динамикасына талдау жасауды өндіру; - көліктік-коммуникациялық және мұнай-газ кешендерінің объектілерінде ғылыми негізделінген эксперименталдық зерттеулерді өндіру; - материалдар мен өнімдердің стандартты және сертификатталыну сынақтарын жүргізу; - өлшеулердің негізгі құралдарын, реагенттерді, көмірсутекті шикізаттарды және ақырғы өнімдерді метрологиялық тексеруді жүзеге асыру. Құқықтық, сарапшылық және кеңесшілік қызметі: - құқықтың азаматтық, қаражаттық, коммерциялық облысында және басқа да салаларында базалық білімдерге иелік ету; - істегі заң шығаруларда бағыт ала білу және тәжірибелік қызметте жеке заңгерлік нормаларды қолдану қабілеттілігі; - әртүрлі өндіріс жағдайлары кезінде сараптама жүргізу және кеңестік көмек көрсету. Білім беру (педагогикалық) қызметі: - базалық пәндер, құрылыс өндірісінің технологиясы, ұйымдастырылуы, жоспарлануы және басқарылуы бойынша курстарды, орта және кәсіптік білім беру мекемелерінде (мектептер, гимназиялар, лицейлер, колледждер) мұғалім ретінде оқу жұмысын орындаумен, оқыту функцияларына иелік ету |
| Кәсіптік қызмет міндеттері | 5В074500 – Көлік құрылысы мамандығы бойынша бакалавр келесі функцияларды орындауға дайын болуы керек: - геодезиялық, геологиялық, гидрологиялық және гидрометриялық жұмыстарды жүргізуге; - жобалау-іздестіру жұмыстарын орындауға; - көліктік-коммуникациялық және мұнай-газ кешендерінің объектілерін салу, жөндеу және күнделікті күту технологиялық процестерін әзірлеу және жүзеге асыру; - құрылыс өндірісін ұйымдастыру, жоспарлау және басқару |
| Кәсіптік қызметтің типтік мәселесі | 5В074500 – Көлік құрылысы мамандығы бойынша бакалавр кәсіби қызметтің келесі есептерін шешуі керек: - геодезиялық, геологиялық, гидрологиялық және гидрометриялық жұмыстарды қоса отырып, темір және автомобиль жолдарын, сондай-ақ мұнай-газ құбырларын іздестіру мен жобалауды орындау; - көлік құрылыстарын салудың, жөндеудің және пайдаланудың технологиялық процестерін әзірлеу, осы процестерді басқару; - құрылыс объектілеріне түсетін материалдар мен бұйымдардың сапасын бақылау, тапсырылған технологиялық операциялардың орындалу жүрісін бақылау; - ұжымның жұмысын ұйымдастыру, жобалау, конструкторлық, технологиялық және басқару шешімдерін қабылдау; - техникалық құжаттарды әзірлеу және жүргізу; - жұмыскерлердің біліктілігін жоғарылатуды ұйымдастыру, творчестволық ынтаны, рационализациялықты, ойлап тапқыштықты дамыту, отандық және шетелдік ғылымның жетістіктерін енгізу; - темір және автомобиль жолдарының және өнеркәсіп көлігінің жолдарының, магистралдық құбырлардың, олардың жеке құрылыстары мен қондырғыларының кешенді жобаларын әзірлеу; - жол және жол шаруашылығының, автомобиль жолдарының, жасанды құрылыстардың (көпірлер, тоннелдер және т.б.), мұнай-газ құбырларының және мұнай-газ қоймаларының техникалық құралдарын жасау мен жаңартуға қатысу; - өндірістік жарақат алу мен кәсіптік ауруларды ескерту бойынша шараларды жүзеге асыру; - ғылыми-техникалық ақпараттарға ие болу, ғылыми-техникалық үрдістің жетістіктерін білу және енгізуге ықпал ету; - төтенше жағдайларда құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру |
| Кәсіптік қызметтің мақсаты | |
| Кәсіптік қызметтің құрамы | 5В074500 – Көлік құрылысы мамандығы бойынша бакалавр, көліктік-коммуникациялық және мұнай-газ кешендерінің ғимараттары мен құрылыстарының есептерінің өндірісін жүзеге асыруы, экологияның, тіршілік қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың осы заманғы талаптарын ескерумен жобалау-іздестіру, техникалық, технологиялық және техникалық-экономикалық шешімдерін өзіндігімен қабылдауы, құрылыстық-монтаждық және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруы және орындауы керек |
Байланыстар
С. Торайғыров атындағы ПМУ
Павлодар қ., Ломов к-сі, 46 үй, 140008
Тел.: 1(7982) 65-36-85, факс: 8(7282) 67-53-02
Карта
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2009-2017













































