- Қателік
-
- Error loading component: com_qualchar, 1
- Error loading component: com_qualchar, 1
- Error loading component: com_qualchar, 1
| Біліктілік пен қызметтер тізімі | 050703 – Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша бітіруші түлектерге ақпараттық жүйелер бакалавры деген академиялық дәреже беріледі. Түлектердiң бiлiктiлiгi және лауазымдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 2002ж. 21.11. №273-П бұйрығымен бекiтiлген "Жетекшiлердiң, мамандардың және басқа да қызметкерлердiң бiлiктiлiк анықтамасына" сәйкес анықталады. 050703 - Ақпараттық жүйелер мамандығын бітірушілер келесі лауазымдарда қызмет істей алады: - санатсыз жоғары білікті маман; - 2-ші санатты жоғары білікті маман; - 1-ші санатты жоғары білікті маман. |
| Кәсіптік қызмет саласы | Бітірушілердің кәсіби қызмет саласы өнеркәсіп, ғылым, білім, мәдениет,ауыл шаруашылығы, мемлекеттік басқару салалары болып табылады. |
| Кәсіптік қызмет нысандары | Бітірушілердің кәсіби қызмет объектілері адамға қызмет етудің барлық салаларында ақпараттық жүйелерді жасайтын, іске қосатын және қолданатын әртүрлі меншік түрлеріне жататын кәсіпорындар мен ұйымдар болып табылады. |
| Кәсіптік қызмет пәні | Бітірушілердің кәсіптік қызмет пәні ақпараттық жүйелердің математикалық, ақпараттық, программалық, техникалық және ұйымдық-құқықтық қамтамасыз етілуі, сондай-ақ оларды жобалау, игеру, іске қосу және сүйемелдеу технологиялары болып табылады. |
| Кәсіптік қызмет түрлері | - жобалаушы-конструкторлық; - өндірістік-технологиялық; - ұйымдастыру-басқарушылық; - эксплуатациялық. |
| Кәсіптік қызмет міндеттері | - жобалау; - қолдану; - әкімшілік ету; - сүйемелдеу; - тестілеу; - бағдарламалық-аппараттық қорғалуын қамтамасыз ету. |
| Кәсіптік қызметтің типтік мәселесі | 050703 – Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша бакалаврдың кәсіби қызметтің типтік міндеттері: - ақпараттық жүйелердің әртүрлі компоненттері мен ақпараттық жүйелердің өзін жобалау мен жасау; - ақпараттық жүйелердің тораптық инфрақұрылымын инсталляциялау, конфигурациялау және басқару; - ақпараттық жүйелердің деректер базасын жобалау және басқару; - ақпараттық жүйелер мен олардың бөлшектерінің ақпараттық, программалық, техникалық және ұйымдық-құқықтық қамтамасыз етілуін сүйемелдеу. |
| Кәсіптік қызметтің мақсаты | Кәсіптік қызметтің бағыттары қатарында келесілерді қарауға болады: - ақпараттық – іздеуші жүйелерді жасау, іске қосу және пайдалану; - ақпараттық – басқарушы жүйелерді жасау, іске қосу және пайдалану; - эксперттік жүйелерді жасау, іске қосу және пайдалану; - ақпараттық – ұйымдық жүйелерді жасау, іске қосу және пайдалану. |
| Кәсіптік қызметтің құрамы | Өндірістік-технологиялық қызмет бойынша: - ақпараттық жүйелердің компоненттерін, программалар және программалық кешендер жасау; - ақпараттық жүйелердің программалық кешендерін тестілеу және жөндеу; - компьютер тораптарын инсталляциялау, конфигурациялау және торап қызметтерін басқару; - аппараттық және бағдарламалық құралдарды кешендеу, есептеу жүйелерін, кешендерін және тораптарын жинақтау; - кәсіптік қызмет объектілерін сертификациялау; Ұйымдастырушы-басқарушылық қызметі бойынша: - ақпараттық жүйелерді құру, іске қосу және сүйемелдеу жобаларын басқару; - кәсіптік қызмет объектілерін әзірлеу және іске қосу үрдісін ұйымдастыру кезінде технологияларды, инструменталды бағдарламалық жабдықтарды таңдау; - кәсіптік қызмет объектілерін әзірлеу үрдісінің әрбір кезеңдерін берілген сапамен және дер кезінде ұйымдастыру; - қызметкерді кәсіптік қызмет объектілерін әзірлеу үрдісін ұйымдастырудың бекітілген шеңберінде оқыту; Жобалау-конструкторлық қызметі бойынша: - пайдаланушылардың талаптарын талдау негізінде, пәндік аймақ моделіне және техникалық жабдықтар мүмкіндігіне негізделген кәсіптік қызметтің жеке объектісі компоненттерінің талаптарын және ерекшелігін әзірлеу; - ақпараттық жүйелер компоненттерінің архитектурасын жобалау; - аппараттық-программалық кешендердің адам-машина интерфейсін жобалау; - қазіргі замандық әдістерге, құралдарға және жобалау технологиясына негізделе отырып ақпаратты өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелерінің математикалық, лингвистикалық, ақпараттық және программалық қамтамасыз етілу элементтерін жобалау. |
С. Торайғыров атындағы ПМУ
Павлодар қ., Ломов к-сі, 46 үй, 140008
Тел.: 1(7982) 65-36-85, факс: 8(7282) 67-53-02
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2009-2017






























