Қателік
  • Error loading component: com_qualchar, 1
  • Error loading component: com_qualchar, 1
  • Error loading component: com_qualchar, 1
Біліктілік пен қызметтер тізімі
Біліктілік пен қызметтер тізімі050510 – Мемлекеттік жəне жергілікті басқару мамандығының түлегіне Мемлекеттік жəне жергілікті басқару бакалавры академиялық дəрежесі беріледі. Түлектердің біліктілігі жəне лауазымдары Қазақстан Республикасы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің 21.11.2002 ж. № 273-П бұйрығы- мен бекітілген «Жетекшілердің, мамандардың жəне басқа да қызметкерлердің біліктілік анықтамасына» сəйкес анықталады. - басқарушылық лауазымдар; - орталық жəне жергілікті басқару органдарының экономисі; - мемлекеттік кəсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, өндірістік компа- ниялардың, холдингтердің, қызмет көрсету кəсіпорындарының менеджерлері; - қаржылық-кредиттік сектордың басқарушылық құрылымының эконо- мист-менеджерлері; - əлеуметтік сфера салаларының экономикасы бойынша мамандар.
Кәсіптік қызмет саласыКəсіби қызметінің өрісі: халық шаруашылығын, əкімшілік- аумақтық таксондарды басқару, ұлттық компанияларда, елдің əртүрлі кəсіпорындарында менеджер мен экономистері
Кәсіптік қызмет нысандарыКəсіби қызметінің объектілері:бітірушілердің кəсіптік қызмет объектісі – Қазақстан Республикасы Президентінің аппараты жəне əкімшілігі; ҚР Парламенті аппараты; ҚР Үкіметінің əртүрлі құрылымдық бөлімшелері; экономика жəне қаржыны басқару органда- ры (министрліктер, ведомстволар жəне агенттіктер); жергілікті басқару органда- ры (аудан, қала, облыс əкімияттары) жəне атқарушы органдар аппараты; Ұлттық мемлекеттік жəне жеке компаниялар, концерндер, корпорациялар жəне басқалар бола алады.
Кәсіптік қызмет пәніКəсіби қызметінің пəні: басқару, экономика, менеджмент, талдау, ин- дикативті жəне стратегиялық жоспарлау, болжау, ұлттық, аймақтық, кəсіпорын деңгейлерінде қаржылық-экономикалық шешім қабылдау жəне т.б.
Кәсіптік қызмет түрлеріКəсіби қызметінің түрлері: 050510 – Мемлекеттік жəне жергілікті басқару мамандығы бойынша бакалаврлар мынандай кəсіби қызмет түрлерін атқара алады: - ұйымдастырушылық – технологиялық қызмет. Осы мамандық бакалав- ры мемлекеттік жəне жергілікті басқару органдарында, нақты кəсіпорындарда, басқару технологиясын жасау жəне қолдану аясында білікті жұмысқа қажет барлық дағдыларға ие, соның ішінде аналитикалық, есептеу-нормативтік, кеңес беру қызметтерінде, басқарудың ғылыми-методологиялық жəне ұйымдастырушылық технологиялық негізін құруға қатысады, басқа мамандармен бірлесе отырып нақты бір фирмада немесе компанияда стратегиялық жəне тактикалық жоспарлаудың, сонымен қатар менеджменттің ең тиімді əдістерін, ережелері мен процедурала- рын жасайды жəне қолданады; - өндірістік-басқарушылық қызмет. Білім алу үрдісі мемлекеттік жəне жер- гілікті басқару, оның ішінде өндірісті басқарумен байланысты барлық мəселелерді жан-жақты зерттеуді талап ететіндіктен өндірістік-басқарушылық қызмет осы мамандық бакалаврының айрықша ерекшелігі болып табылады. Осы мамандық бітірушілерінің тікелей лауазымдық міндеттері халық шаруашылығын, оның салаларын жəне аймақтарды басқарудың тиімді жүйесін құру болып табыла- ды. Практикада басқарудың барлық белгілі қағидаларын қолдану, басқарудың əзірленген ғылыми-методологиялық жəне ұйымдастырушылық-технологиялық негізін пайдалану, мемлекеттің, экономика салаларының жəне аймақтардың экономикалық стратегиясын қалыптастыру, ағымдағы қызметті стратегиялық жоспарлау, олардың орындалуының тиімділігін талдау жəне т.б. - жобалық қызмет. Аталмыш мамандықты бітірушілер бұл қызмет түрін екі бағыт бойынша іске асырады: ұйымдастырушылық жобалау жəне жобалар- ды техникалық-экономикалық негіздеу. Ұйымдастырушылық-жобалау басқа- рудың ұйымдастырушылық құрылымын жасауды, оларды енгізуді, бейімде- уді, сонымен қатар, бұл құрылымдардың тиімділігін жəне жетілдірілуін талдау. Экономикалық жобаларды талдау жаңа кəсіпорынды немесе экономикалық жоба- ны ұйымдастыруға қатысты жəне кредит, қарыз, сондай-ақ қаржылық қолдаудың барлық түрлерін алуға қажет арнаулы құжаттар (техникалық-экономикалық не- гіздеу, бизнес-жоспар жəне т.б.) мен олардың тиімділігін талдауды көздейді.- ғылыми зерттеу қызметі. Осы мамандық бойынша бакалаврдың ғылыми- зерттеу қызметі жоғары оқу орындарының зерттеу бағдарламалары шеңберінде, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттарының, өнеркəсіптік кəсіпорындар мен корпорациялардың сəйкес зерттеу топтарының құрамында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру; экономика, ұйымдастыру, басқару салаларындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастық бағдарламаларына қатысу; - білім беру немесе педагогикалық қызмет. Бакалаврдың білім беру немесе педагогикалық қызметі орта арнайы оқу орындарында жүзеге асады.
Кәсіптік қызмет міндеттеріКəсіби қызметінің функциясы Кəсіби қызметінің функциясы болып табылатындар: - əкімшілік-аумақтық бірліктердің (округтардың, аудандардың, қалалардың, облыстардың) жəне Қазақстан Республикасының əртүрлі сфераларында экономикалық жəне əлеуметтік дамуды басқару іс-əрекетін жүзеге асыру; - əкімшілік-экономикалық тетіктерді жетілдіру бойынша тұжырымдар мен ұсыныстарды қалыптастыру мақсатында аумақтардың, əкімшілік аудан- дар мен облыстардың əлеуметтік-экономикалық даму процесін сипаттайтын көрсеткіштерге салыстырмалы талдау жүргізу; - жалпымемлекеттік мүдделердің басымдылығын сақтай отырып оларды жүзеге асыратын жергілікті факторлар мен шарттарды ескеретін ғылыми негіз- делген шаруашылық шешімдер қабылдау; - экономиканың көпукладтылығы мен оның бəсекеге қабілеттілігін көтеру жағдайында тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктердің экономикалық жəне əлеуметтік даму перспективасын ғылыми дəлелдеу үшін жоспарлы-болжамдық есептеулер жүргізу; - экономиканы дамыту жəне жергілікті халықтың өмір сүру деңгейін көтеру мəселелері жөнінде заңдылыққа бастамашылық білдіруде жергілік- ті өкілетті органдардың белсенділігін ынталандыру мақсатымен аналитикалық, анықтамалық, нормативті-нұсқаулық жəне басқа да материалдарды дайындау; - еңбек құралы мен нəтижесіне меншік нысандарының əртүрлі арақатынас жағдайында тек жергілікті шаруашылықтың ғана емес, сонымен қатар, экономи- каны басқарудың жергілікті органдарының да құрылымының тиімділігін артты- ру мен жетілдіру бойынша ұсыныстарды негіздеу.
Кәсіптік қызметтің типтік мәселесіКəсіби қызметінің типтік міндеттері. Бакалавр дайындауда кəсіби білім беру бағдарламасының негізгі мін- деттері: - ел жəне оның аймақтарының экономикасы, халық шаруашылығы мен оның салаларын басқару, мемлекетті жəне оның аумақтық бірліктерін басқару саласында толықтай, сапалы жоғары білім мен кəсіптік құзірет алуы; - жоғары интеллектуалдық даму деңгейіне жету, сауатты сөйлей білу, гуманитарлық мəдениетке ие болу, жоғары адамгершілік, этикалық, құқықтық нормаларды игеру, экономикалық ойлау, басқарушылық еңбектің ғылыми тəжірибесіне қол жеткізу;- творчестволық əлеуетін, өзінің жеке ынтасын жəне жаңашылдығын да- мыту; - жоғары білім беру саласында əрі қарай оқуын жалғастыру; - мамандық бойынша жылдам жұмысқа орналасу үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз ететіндей, еңбек нарығында түлектердің бəсекеге қабілетті болуы; - студенттің жеке оқу бағдарламасын таңдауы.
Кәсіптік қызметтің мақсатыКəсіби қызметінің бағыттары: - тиісті аймақтардың (аудандардың, қалалардың, облыстардың) эконо мика- лық жəне əлеуметтік дамуын талдау; - басқару объектісі шегінде əлеуметтік-экономикалық саясатты қалып- тастыру; - селолық аумақтардың, аудандардың, қалалар мен облыстардың əлеумет- тік-экономикалық орта жəне ұзақ мерзімді даму перспективасын анықтау; - экономиканы басқару органдарының құрылымын жетілдіру бойынша тиісті деңгейде шешім қабылдау үшін мəселелерді негіздеп дайындау; - қалыптасқан жергілікті жағдайларды ескере отырып, мемлекеттік Бағ- дарламаларды, жоспарларды, шешімдерді түзету қажеттілілігін айқындау мақса- тымен экономиканы басқарудың орталық жəне жергілікті органдарының оларды орындауларына мониторинг жүргізу; - селолық елді мекендердің, округтардың, аудандардың, қалалар мен облыс- тардың экономикасы мен əлеуметтік өмір сүру сферасын басқару.
Кәсіптік қызметтің құрамыКəсіби қызметінің мазмұны - экономикалық талдау жүргізу; - салалық жəне аймақтық деңгейде басқару объектілерінің əлсіз жəне күшті тұстарын анықтау; - басқару объектісінің даму стратегиясын жүзеге асырудың сыртқы қауіптері мен мүмкіндіктерін анықтау; - басқару объектісінің стратегиялық мақсаттарына жету үшін жобалық шешімдерді дайындау.
A.G.P.
Цветы и комнатные растения
TITgroup
Johnny Superb