- Қателік
-
- Error loading component: com_qualchar, 1
- Error loading component: com_qualchar, 1
- Error loading component: com_qualchar, 1
| Біліктілік пен қызметтер тізімі | 050712 – Машина жасау мамандығы бойынша бітірген түлекке машина жасау бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Түлектердің біліктілігі және лауазымдары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 21.11.2002 ж. №273-П бұйрығымен бекітіліген «Жетекшілердің, мамандардың және басқа да қызметкерлердің біліктілік анықтамасына» сәйкес анықталады |
| Кәсіптік қызмет саласы | Бакалаврдың кәсіптік қызмет саласы, өндіріс, әскери-өнеркәсіптік кешені мен бірге, барлық салалар: индустрия, транспорт және байланыс, коммуналдық және ауыл шаруашылығы, білім беру мен тұтыну салалары болып саналады |
| Кәсіптік қызмет нысандары | Бітірушілердің кәсіптік қызметінің объектісі басқару органдары, кәсіпорындар мен ұйымдар, әскери-өнеркәсіптік кешені, индустрия, ауыл және коммуналды шаруашылық, өндірістік және тұтыну салалары; мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік түріндегі ұйымдар; |
| Кәсіптік қызмет пәні | Бітірушілердің кәсіптік қызметінің пәні машина жасау кәсіпорындарының технологиялық құрал-жабдықтары, құрал-саймандар, жабдық, жобалау шешімдері, автоматтандырылған кешендер, құрал-жабдықтарды жөндеу құралдары, пайдалану құралдар, техникалық қызмет көрсету құралдары болып табылады. |
| Кәсіптік қызмет түрлері | 050712 – Машина жасау мамандығы бойынша бакалаврлар келесі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады: - ұйымдастыру және басқару; - өндірістік-технологиялық; - жобалық-конструкторлық; - есептік-жобалық; - эксперименттік-зерттеушілік. |
| Кәсіптік қызмет міндеттері | Бітірушілердің кәсіптік қызметінің функциялары: - түрлі өнім түрлерін, жабдықтарды, құралдарды дайындаудың технологиялық процестерін әзірлеу және жобалау; - нормативтік-техникалық құжатты нормабақылау; - конструкторлық, технологиялық, ұйымдастыру-техникалық, ұйымдастыру-экономикалық міндеттерді шешу; - өндіріс, өлшеу, сынау және бақылау құралдарына қызмет көрсетуді, алдын ала тексеруді, ағымдағы жөндеуді ұйымдастыру; - конструкторлық, технологиялық, пайдалану құжаттарын, жаңа технологияларды, нақты өндіріс үшін жабдықтарды сынау әдістемесін әзірлеу; - өндіріс күйіне талдам жасап, кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыру және дамыту мақсатында өнім сапасының тұрақтылығын бағалау; - эксперименттерді, өлшеулерді, баықлауларды жүргізу, зерттеу нәтижелері мен ғылыми әзірленімдерді енгізу. |
| Кәсіптік қызметтің типтік мәселесі | 050712 – Машина жасау мамандығы бойынша бітіруші түлектер кәсіптік қызметтің түрі бойынша келесі типтік міндеттерді шешуге даярланғандар: - ұйымдастыру және басқару: өндірістік процесті ұйымдастыру, орындаушылар жұмыстарын ұйымдастыру, кәсіптік функцияларды жүзеге асырумен байланысты басқару тапсырмаларын қалыптастыру және мақсат қою; өндірістік қызмет көрсетуді ұйымдастыру; техникалық, қаржылық және адам факторларын ескере отырып өндіріс процесін басқару; басқару алгоритмдерін әзірлеу; есеп беру және есепке алуды жоспарлау, кәсіпорынның бизнес-жоспарын әзірлеу; өндіріс тиімділігін арттыруды жоспарлау; - өндірістік-технологиялық: ресурс сақтау технологиясын жүйелік пайдалану және енгізуді әзірлеу; бұйымдарды өңдеу және құрастырудың технологиялық процестерін енгізу және әзірлеу; үздіксіз тасқынды өндіріс процестерін, автоматтандырылғын кешендер, иілімді автоматтандырылған өндірістерді құру; технологиялық жабдықтаудың жоғары тиімді құралдарын енгізу, машина жасау өндірісінің экологиялылығын қамтамасыз ету; - жобалық-конструкторлық: автоматтандыру жүйелерін жобалау кезінде жобалау-сызбалық жұмыстарды орындау, технологиялық жабдықтаудың жоғары тиімді құралдарын жобалау; жобалатын жүйелердің технико-экономикалық тиімділігін бағалау критерилерін негіздеу; автоматтандырылған жобалаулардың қазіргі кезеңгі әдістерін қолданумен жобалық, конструкторлық және технологиялық құжаттамаларды әзірлеу; - есептік-жобалық: жабдықтар жүйесін, жарақтарды, құралдарды жобалағанда есептік сұлбаларды әзірлеу, конструкторлық құжатта пайдалану үшін есептер орындау, есептеу әдістерін негіздеу; - эксперименттік-зерттеушілік: машина жасау өндірісіндегі процестерді зерттеу үшін қазіргі эксперименттік әдістерді қолдану; қазіргі машина жасау технологиясындағы жаңа бағыттарды зерттеу; машина жасаудағы өңдеу түрлерін зерттеу; машина жасау саласында автоматтандыру объектілерін зертету; шығарылатын бұйымдардың сапасын қамтамасыз ету әдістерін және еңбек өнімділігін арттыруды ғылыми негіздеу. |
| Кәсіптік қызметтің мақсаты | Берілген мамандықты бітірушінің кәсіби қызметінің бағыттары: - машина жасау өндірісінің технологиялық процестері; - түрлі жабдықтарды, жарақтарды, құралдарды жобалау және құрылымдау; - өндірістік жабдықтарды, жарақтарды, құралдарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету; - эксперименттік-зерттеушілік жұмыстар. |
| Кәсіптік қызметтің құрамы | Кәсіптік қызметтің мазмұнына өндірістік-технологиялық, жобалық конструкторлық, тәжірибелік-зерттеу, ұйымдастыру-экономикалық және басқару қызметі құралдары жиынтығы, тәсілдер мен әдістер, сол сияқты жобалаудың қазіргі кезеңдік әдістерін қолдану негізінде машина жасау өнімдерін бәсекелесуге қабілетті етіп дайындауға бағытталған есептік-жобалау құралдары кіреді. |
С. Торайғыров атындағы ПМУ
Павлодар қ., Ломов к-сі, 46 үй, 140008
Тел.: 1(7982) 65-36-85, факс: 8(7282) 67-53-02
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2009-2017






























