- Қателік
-
- Error loading component: com_qualchar, 1
- Error loading component: com_qualchar, 1
- Error loading component: com_qualchar, 1
Біліктілік пен қызметтер тізімі
| Біліктілік пен қызметтер тізімі | Бітірушінің біліктілігі мен қызметі Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2002 ж. №2073-П бұйрығымен бекітілген «Жетекшілер, мамандар және басқа қызметкерлердің қызметтерінің біліктілік анықтамалығына» сәйкес анықталады. 050205 – Филология: шетел филологиясы мамандығы бойынша бакалавриат білім бағдарламасын игерген маманға филология бакалавры академиялық дәрежесі беріледі Бітіруші бакалавриат фундаментальды лингвист және әдебиеттанушылық білімдерді шетел тілдерін практикалық меңгеру негізінде талап ететін: филолог (герман, роман, славян, шығыс, т.б. филология); гуманитарлық бағыттағы орта профильді және кәсіби, орта мектептен кейінгі кәсіби оқу орындарының, мамандандырылған орта мектептердің, лицей, колледж, гимназиялардың шетел тілі мен әдебиеті оқытушысы; аудармашы; оқу жұмыстарын ұйымдастырушысы; редактор; корректор; референт және т.б. қызмет атқара алады. |
| Кәсіптік қызмет саласы | Бакалавр-филолог филологиялық білім саласында гуманитарлық бағыттағы орта профильді және кәсіби, орта мектептен кейінгі кәсіби оқу орындарында шетел тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы ретінде белгіленген тәртіпте өзінің кәсіптік қызметін атқара алады. Сондай-ақ, кіші звеноның филолог-зерттеушісі ретінде профильге сай ғылыми мекемелерде жұмыс істей алады. |
| Кәсіптік қызмет нысандары | Түлектің кәсіби қызмет объектісі: - гуманитарлық бағыттағы орта профильді (гимназия, лицей) мен орта мектептен кейінгі кәсіби (колледж) оқу орындары; - аудармашы қажет ететін мекемелер; - баспа, радио және теледидар, газет және журнал редакциялары; - профильді ғылыми мекемелер, кітапханалар; - мамандықтың профилімен сәйкес келетін басқа нысаналар бола алады. |
| Кәсіптік қызмет пәні | Оқу орындарында шетел тілі (практика мен теория) мен әдебиетінен дәріс беру, орта оқу орындарында (оның ішінде арнайы), ғылыми-зерттеу мекемелерінде және жоғары оқу орындарында ғылыми тақырыптар жасау, газет пен журнал редакцияларында, радио мен теледидарда, баспаларда және де басқа қызыққан мекемелерде әдеби қызметкерлердің және/немесе аудармашылардың міндеттерін атқару. |
| Кәсіптік қызмет түрлері | 050205 - Филология: шетел филологиясы мамандығы бойынша бакалаврлар төмендегідей кәсіптік қызмет түрлерін атқара алады: - білім беру (педагогикалық); - ұйымдастыру-басқарушылық; - ғылыми-зерттеушілік; -шетел тілін практикалық тұрғыдан білу базасында фундаментальды лингвистикалық және әдебиеттанулық біліктілікті қажет ететін кәсіптік қызметтің басқа да түрлері. |
| Кәсіптік қызмет міндеттері | 050205 - Филология: шетел филологиясы мамандығы бойынша бакалаврлар гуманитарлық бағыттағы орта профильді және кәсіби, орта мектептен кейінгі кәсіби оқу орындарында шет тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы міндетін, орта оқу жүйесін басқарушы және кіші филолог-зерттеуші қызметтерін атқара алады. |
| Кәсіптік қызметтің типтік мәселесі | 050205 - Филология: шетел филологиясы мамандығы бойынша бакалавр шет тілін және әдебиетін оқытудың лингво-дидактикалық өзекті мәселелерін шешуге; шетел тілі және әдебиеті бойынша оқу процесін жоспарлауға; әдістемелік тапсырмаларды өз бетінше жүзеге асыруға; инновациялық технология; оқу процесіне қажетті оқу-әдістемелік құжаттарды әзірлеп, қамтамасыз етуге; оқытудың дәстүрлі үлгілері мен әдістерін де қолдануға; әдебиет пен лингвистика саласында филологиялық зерттеулер жүргізуге теориялық және практикалық жағынан дайын болуы керек. |
| Кәсіптік қызметтің мақсаты | 050205 - Филология: шетел филологиясы мамандығы бойынша бакалаврдың кәсіби қызметінің негізгі бағыты оқытудың және ұйымдастыру-құқықтық үлгілер мен ведомостық бағынуға қарамастан, гуманитарлық бағыттағы орта профильді және кәсіби, орта мектептен кейінгі кәсіби оқу орындарында оқу-педагогикалық жұмыс болып табылады. Сондай-ақ, филология бакалавры ғылыми мекемелерде филолог-ізденуші ретінде қызмет істей алады, БАҚ (СМИ), басқа да әлеуметтік-гуманитарлық қызмет салаларында, мәдени мекемелерде филология саласы бойынша біліктілікті қажет ететін практикалық қызмет атқара алады. |
| Кәсіптік қызметтің құрамы | 050205 - Филология: шетел филологиясы мамандығы бойынша бакалавр жаңа лингводидактикалық бағыттары, принциптері мен әдістеріне сай орта гуманитарлық бағыттағы орта профильді және кәсіби, орта мектептен кейінгі кәсіби оқу орындарында шетел тілі мен әдебиетін оқыту бойынша педагогикалық жүйенің барлық заңдылықтарын, шетел тілі мен әдебиетін оқыту жүйесінің психологиялық негізін, оқытудың әртүрлі сатыларында шет тілдерін үйрену психологиясын меңгере біледі. |













































