Қателік
  • Error loading component: com_qualchar, 1
  • Error loading component: com_qualchar, 1
  • Error loading component: com_qualchar, 1
Біліктілік пен қызметтер тізімі
Біліктілік пен қызметтер тізімі050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығын бітіруші түлекке жоғары оқу орнының Кеңесі бекіткен оқу бағдарламасына сай «радиотехника, электроника және телекоммуникациялар бакалаврың академиялық біліктілік деңгейі беріледі. Қазақстан Республикасының еңбек және бұқаралық әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылдың 22-қарашадағы № 273-П бұйрығымен бекітілген Біліктілік анықамалығындағы жетекшілер, мамандар және басқа да қызметкерлердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес бакалаврлар 1-категориялы техниктердің бастапқы қызметтерінде, кіші ғылыми қызметкерлердің, инженер-лаборанттардың, ғылыми-зерттеу мекемелерінің, конструкторлық және жобалау ұйымдарының инженерлері т.б қызметтерде, олардың еңбек стажына қарамастан, жұмыс істей алады.
Кәсіптік қызмет саласыКәсіби қызмет ету өрісі адам іс-әрекетінің информацияны қашықтықтан алмасуға, информацияны электрондық құралдар көмегімен түрлендіруге жағдайлар жасауға бағытталған технологиялар, құралдар, тәсілдер және әдістер жиынтығын қамтитын ғылым мен техниканың саласы болып табылады.
Кәсіптік қызмет нысандарыБітірушілердің кәсіби қызмет ету нысандары қатарына сым, радио, оптикалық немесе келесі басқа да жүйелер арқылы таңбаларды, сигналдарды, жазбаша мәтін, бейнелерді, дыбыстарды таратуды қамтамасыз ететін технологиялық жүйелер, техникалық құралдар және де информацияны электрондық құралдар көмегімен түрлендіру жатады, олар: - байланыс тораптары мен коммутациялау жүйелері; - көпарналы телекоммуникацилық жүйелер, оптикалық ауқымдағы жүйелерді қоса алғанда; - радиобайланыс жүйелері мен құрылғылары, жерсеріктік, радиорелейлік және жылжымалы байланыс жүйелерін қоса алғанда; - дыбыс және теледидар хабарларын таратудың, электракустика және сөздік информатиканың, мультимедиялық техниканың жүйелері мен құрылғылары; - деректерді тарату жүйелері мен құрылғылары; - нысандарды электрондық, оның ішінде компьютерлік басқару, информацияны түрлендіру; - телекоммуникациялық жүйелерде информацияны қорғау құралдары; - телекоммуникациялық жүйелер мен тораптары метрологиялық қамтамасыз ету құралдары; - телекоммуникациялардағы менеджмент пен маркетинг; - телекоммуникациялық құрылғыларды қажетке жарату мен сервистік қызметтер көрсету.
Кәсіптік қызмет пәні050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы бойынша бакалаврдың кәсіби қызмет ету салаларына мына жүйелер жатады: - телекоммуникациялар; - радиобайланыс; - теледидар; - радиохабар тарату; - радиолокация мен навигация; - радиобасқару, таратушы және қабылдаушы радиоорталықтары, телеорталықтар; - жылжымалы байланыс; - радиотехниканың арнайы құрылғылары; - электрондық және компьютерлік; - микроконтроллерлер мен микроЭВМ-дер көмегімен басқарылатын жүйелер.
Кәсіптік қызмет түрлері050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығының бакалавры келесі қызмет түрлерін орындай алады, олар: - өндірістік-технологиялық; - қызмет көрсету және пайдалану; - ұйымдастыру және басқару; - монтаждау-баптау; - есептеу-жобалау қызметтері; - тәжірибелік-зерттеушілік.
Кәсіптік қызмет міндеттері050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығының бакалавры өзінің негізгі және профилдік дайындығына байланысты келесі кәсіби қызмет функцияларын атқара алады, олар: - жобалау; - пайдалану; - қызмет көрсету; - монтаждау; - нақышына келтіру; - сүйемелдеу; - тесттен өткізу; - ақпараттарды қорғауды программалық және/немесе аппараттық қамтамасыздандыру.
Кәсіптік қызметтің типтік мәселесіЖетекші (аға) инженердің, жауапты орындаушының немесе тақырып (тапсырма) жетекшісінің басшылығымен бакалавр: - коммутациялау жүйелері, көпарналы тарату жүйелері мен байланыс тораптарын, оптикалық байланыс құралдарын, жылжымалы радиобайланыс жүйелері мен құралдарын, теледидар жүйелерін, радионавигация мен радиолокация жүйелерін, электрондық жүйелер және электрондық техника бұйымдарын, радиожүйелерді техникалық қызметтеуді және жұмысының сапасын қадағалауды, жетілдіруді, жаңартуды және олардың техника-экономикалық көрсеткіштерін жақсартуды жүзеге асырады; - коммутациялау жүйелері, көпарналы тарату жүйелерін, байланыс тораптарын мен оларды құраушы элементтерді, жылжымалы радиобайланыс жүйелері мен құралдарын, теледидар жүйелерін, радионавигация мен радиолокация жүйелерін, электрондық жүйелер және электрондық техника бұйымдарын, радиожүйелерді стандарттық және сертификациялық сынақтан өткізуді орындайды; - телекоммуникация жүйелері мен байланыс тораптарының, жылжымалы радиобайланыс жүйелері мен құралдарының, оптикалық байланыс құралдарының, теледидар жүйелерінің, радионавигация мен радиолокация жүйелерінің, электрондық жүйелер және электрондық техника бұйымдарының, радиожүйелердің негізгі өлшеу құралдарын метрологиялық тексеруді жүзеге асырады; - көпарналы тарату жүйелерінің, электрбайланыс тораптарының, жылжымалы радиобайланыс жүйелері мен құралдарының, оптикалық байланыс құралдарының, теледидар жүйелерінің, радионавигация мен радиолокация жүйелерінің, электрондық жүйелер және электрондық техника бұйымдарының, радиожүйелердің жобаларын жасап дайындауға қатысады; - телекоммуникациялық жүйелер мен электрондық техника бұйымдарына қатысты техникалық шарттар, стандарттар, техникалық мазмұндаулардың жобаларын жасап, дайындауға қатысады; - байланыс құралдары мен электрондық құрылғыларды жобалауға қатысты техникалық ұсыныстарға, техникалық тапсырмаларға және басқа да құжаттарға сараптамалық баға береді; - әр түрлі ойларды ескере отырып, ұйымдастырушылық шешімдер жасауға қатысады; - бекітілген әдістемелерге сай тақырыптың жеке бөлімдері (кезеңдері, тапсырмалары) бойынша ғылыми зерттеулерді, тәжірибелерді жүргізуге қатысады, бақылаулар мен өлшеулерді орындайды, олардың суреттемесін құрастырады және қорытындыларды тұжырымдайды.
Кәсіптік қызметтің мақсатыМеңгерілген білім бағдарламаларына сай түлектер кәсіби қызметтерінде келесі бағыттарда жобалау, өндіріске ендіру және пайдалану жұмыстарын атқарады: - телекоммуникация; - радиобайланыс; - теледидар; - радиохабар; - радиолокация мен навигация; - радиобасқару; - жылжымалы байланыс; - теледидар және дыбыс сигналдарын тарату мен қабылдау; - радиотехникалық арнайы пайдалану жүйелері; - электрондық және компьютерлік жүйелер; - микроконтроллер және микроЭЕМ негізіндегі басқару жүйелері.
Кәсіптік қызметтің құрамыӨндірістік-технологиялық қызметтер: - радиотехника, электроника және телекоммуникация жабдықтарының тиімді технологияларын жасауды жобалау және өндіріске ендіру; - материалдардың сапасын кіріс тексеруден өткізуді, технологиялық процестердің өндірістік тексеруін, дайын бұйымдардың сапасын тексеруді ұтымды ұйымдастыру және тиімді өткізу; - технологиялық процестердің параметрлерін таңдау және есептеу материалдарын, жабдықтарын, алгоритмдері тиімді пайдалану; - дайындау мен жөндеу кезінде радиотехника, электроника және телекоммуникацияның техникалық жабдықтарын стандарттау және сертификаттау. Қызмет көрсету мен пайдаланымдық жұмыстар: - радиотехника, электроника және телекоммуникация жабдықтарының тиімді технологиялық көздерін жобалау және өндіріске ендіру; - радиотехника, электроника және телекоммуникация жүйелерін, олардың техникалық, ақпараттық, математикалық және программалық қамтамаларын пайдалану; - радиотехника, электроника және телекоммуникация жабдықтарының тиімді технологиялық көздерін жобалау және өндіріске ендіру; - радиотехника, электроника және телекоммуникацияның техникалық жабдықтарын алдын ала тексеруден өткізу, жөндеу, нақыштау және қондырғыларын сынақтан өткізу. Ұйымдастыру-басқарушылық қызметтер: - кішігірім ұжым қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыра білу, адамдардың әр түрлі пікірлерін ескере отырып, тиімді шешімдерге қол жеткізу; - алыс, жақын жоспарлар құрарда, әр түрлі бір-біріне қайшы келетін талаптардың (бағасы, сапасы, қауіпсіздігі және орындау мерзімдер) тиімді шешімдерін таба білу; - бұйымдардың қажетті сапасын қамтамасыз етудегі өндірістік және қосымша шығындарды бағалау. Монтаждау, нақыштау қызметтері: - шығарылатын бұйымдардың сапа көрсеткіштерін қамтамасыз ететін негізгі өлшеу жабдықтарының метрологиялық тексеруін іске асыру; - радиотехника, электроника және телекоммуникация техникалық жабдықтарын монтаждау және нақыштау. Есептеу-жобалау қызметтері: - берілген сапа көрсеткіштері мен шектеулер ауқымында жобалау есептері мен мақсаттарын тұжырымдау; - мәселенің жалпылама түрлерін көп критериалдық жағдайлардағы шешу жұмыстарын жобалау, әр түрлі варианттарды талдау, оның келешек салдарларын болжау білу және олардың ымыралық шешімдерін табу; - радиотехника, электроника және телекоммуникация жүйелерінің энергетикалық, технологиялық, құралымдық, пайдаланымдық, эргономикалық және экономикалық көрсеткіштерін ескере отырып, жасау, құралымдау, моделдеу және жасалынған жобаларды іске асыру. Тәжірибелік-зерттеулік қызметтер: - радиотехника, электроника және телекоммуникация жүйелерінің деңгейін бағалау және тексеру үшін талдау мен бақылаудың қажетті әдістері мен жабдықтарын пайдалана отырып, аналитикалық және тәжірибелік жұмыстарды жүргізу; - радиотехника, электроника және телекоммуникация жүйелерінің математикалық және физикалық моделдерін құру; - тәжірибелік жұмыстардың нәтижелерін математикалық өңдеу әдістемелерімен жүргізу.
A.G.P.
Цветы и комнатные растения
TITgroup
Johnny Superb