- Қателік
-
- Error loading component: com_qualchar, 1
- Error loading component: com_qualchar, 1
- Error loading component: com_qualchar, 1
Біліктілік пен қызметтер тізімі
| Біліктілік пен қызметтер тізімі | 050204 - Мәдениеттану мамандығын бітірушілерге мәдениеттану бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Біліктілік және лауазымдар тізімі Қазақстан Республикасының еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылдың 22 қарашадағы № 273-П бұйрығымен бекітілген “Біліктілік анықтамасындағы жетекшілер, мамандар және де басқа да қызметкерлердің әрекетіне қойылатын біліктілік талаптарына” сәйкес жұмыс істей алады. Бітіруші келесі мамандықты қамтиды: - орташа оқу мекемелерінде (мектеп, лицей, колледж) мәдениеттану оқытушысы; - референт, эксперт, ішкі іскер органдарының және ұлттық қауіпсіздік мекемелерінің қызметшісі; - мәдени-ағартушылық мекемелердің қызметшісі, бұқаралық ақпарат құралдары жүйесіндегі мәдени процесстердің талдаушысы; - мәдени құндылықтарды бағалау эксперті; мәдени қызмет ауданындағы кеңесші; - имиджеолог; көпшілікпен байланыс қызметшісі; мәдени саясат қызметшісі және т.б. |
| Кәсіптік қызмет саласы | Маманның іс-әрекеті әртүрлі қоғамдық өрістер мен әлеуметтік институттарда көрінетін мәдениет динамикасын зерттеуге, қоғамдық ұйымдардағы мемлекеттік емес құрылымдарда мемлекеттік билікті қамтамассыз етуге және тоқтамастан оқып, жаңа білім алуға, өздігінен шешім қабылдауға және өзінің еңбегін өмірлік ынта ықыласқа айналдыра алатын жастардың білімдарлық және өнегелік қаситтерін арттыруға көзделген. |
| Кәсіптік қызмет нысандары | Бітірушілердің кәсіп қызметінің объектілері ретінде қоғамның саяси-мәдени өмірі, түрлі этномәдениеттердің қатынасу мәселелері, дүниеге көзқарас,мәдениет және ғылым саласы қызметімен байланысты саяси-мәдени институттары болып саналады; - ғылыми-зертеуші мекемелердің кез келген меншік түрлерінің орындары; - республикалық, мемлекеттік, аудандық және муниципалды органдар; - бұқаралық ақпарат құралдары; - барлық түрдегі меншік оқыту-тәрбиелеу мекемелері; - эксперттік-кеңес беруші Кеңестер; - қоғамдық және мәдени-бұқаралық ұйымдар және т.б. |
| Кәсіптік қызмет пәні | Мәдениет пен қоғам дамуының талдауы мен болжауы, мәдениетпен байланысты проблемаларды зерттеу және диагностикалау, әлеуметтік-гуманитарлық шеңберде кеңес берушілік қызмет атқару, білім беру мекемелерінде педагогикалық іс- әрекет, мәдениет саласындағы инновациялық іс әрекет. |
| Кәсіптік қызмет түрлері | 050204 - Мәдениеттану мамандығының бакалавры келесі кәсіп қызметін атқара алады. - өндіріс-басқарушылық; - ғылыми-зерттеушілік; - білім беру (педагогикалық) және мәдени-ағартушылық; - эксперт-конституциялық қызметі; - әлеуметтік-коррекциялық. |
| Кәсіптік қызмет міндеттері | 050204 - Мәдениеттану мамандығының бакалавры келесі қызмет ету міндеттерін атқаруға дайын болуы тиіс: - мемлекеттік, қоғамдық, мәдени-бұқаралық ұйымдарға көмек беру; - білім беру, ғылыми-зерттеуші, ғылыми-методикалық қызметін атқару; - орта оқу мекеме оқушыларының білімін, ептерін бағалау; - кең көзқарасты, белсенді азаматтық тұрғыдағы, жаңаша ойлайтын қызметкерлерді дайындау; - іс-әрекет шеңберіндегі жұмыс орнында істің жоғары сапасын қамтамасыз ету; - оқу-тәрбиелеу, мәдени-бұқаралық жұмыстарын ұйымдастыру. |
| Кәсіптік қызметтің типтік мәселесі | Кәсіби қызметінің типтік міндетті - мәдениет саласындағы қызметшілердің тәжірибелік іс-әрекет шеңберінде интеллектуалды және көркемдік-эстетикалық потенциалын жетілдіру; - мәдени процестің болжау мен мониторинг нәтижесін қамтамасыз ету; - адамға, қоғамға, қоршаған ортаға деген қатынасты реттейтін гуманитарлы мәдениетпен, этикалық және құқықтық нормалармен қамтамасыз ету процесін ұйымдастыру; - ғылыми негізінде қалыптасқан ақпаратты табу және түсіну дағдысы шығармашылық ақыл-ойды қалыптастыру және жетілдіру, өзіндік интеллектуалды ресурстарын нәтижелі ұйымдастыру, үнемі түрде жаңа білім игеруі; - әлеуметтік-гуманитарлық қызметке керекті тәжірибелік дағдыларды алу және жақсарту: қатынастық, төзімділік, талдамшылдық, мәдени өзгерістерді мониторингтеу; - сапалы және толық кәсіби білімнің, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдағы және қызметіндегі кәсіби компонентігін алуының тиімділігін жоғарлатуы. |
| Кәсіптік қызметтің мақсаты | Өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсетін ғасырларға созылған тарихы бар мәдениеттаным салалары күрделі тұтастығымен ұғынылады. 050204 - Мәдениеттану мамандығы, оның кәсіби қызмет бағыты қоғамның әр түрлі өмір салаларының қазіргі заманғы түсінігін қалыптастырады; мәдени құндылықтар мен нормаларды жүзеге асыруға бағытталуы саяси -әлеуметтік орбудің алғы шарты ретіндегі бастаулардың бірі болады. |
| Кәсіптік қызметтің құрамы | Кәсіби қызметінің мазмұны - ұйымдастырушы-басқарушылық - мәдениет шеңберіндегі менеджмент - ғылыми-зерттеушілік - мәдениет мәселелерін зерттеу; - білім саласы - мәдениет саласындағы білім беру жане ағартушылық іс әрекеті; - эксперт-конституциялық қызметті - мәдениет құндылықтарына сараптама жасау және мәдени іс-әрекеттеріне мониторинг өткізу. |













































