- Қателік
-
- Error loading component: com_qualchar, 1
- Error loading component: com_qualchar, 1
- Error loading component: com_qualchar, 1
Біліктілік пен қызметтер тізімі
| Біліктілік пен қызметтер тізімі | 050718 – Электр энергетикасы мамандығы бойынша бітіруші түлекке электр энергетикасы бакалавры академиялық дəрежесі беріледі. Қазақстан Республикасы Халықты еңбек жəне əлеуметтік қорғау ми нис- т рлігінің 2002 жылы 22 қарашадағы № 273–II бұйрығымен бекітілген «Бас шы- лық, мамандар жəне басқа да қызметкерлер лауазымының біліктілік анық тама- сына» сəйкес біліктілігі жəне лауазымдары анықталады. Бакалаврлар 1 санатты техник, кіші ғылыми қызметкер, инженер-лабо- рант, ғылыми-зерттеу мекемесінде, конструкторлық жəне жобалау ұйымдарында жұмыс өтіліне жəне басқа қызыметтеріне талаптар қойылмай, лауазымды қыз- меттер атқаруына болады. |
| Кәсіптік қызмет саласы | Кəсіби қызымет ауқымы ғылым мен техника саласы болып табылады, ол электрэнергияны өндіру, жеткізу, тарату жəне тұтыну үшін жағдайлар жасауға бағытталған технологиялар, құралдар, тəсілдер жəне адам қызмет əдістері жиын- тығын құрайды. |
| Кәсіптік қызмет нысандары | Бітірушілердің кəсіби қызмет нысандары электрэнергиясын өндіру, жеткі- зу, тарату жəне тұтыну бойынша кəсіпорындар болып табылады. |
| Кәсіптік қызмет пәні | 050718 – Электр энергетикасы мамандығы бакалаврының кəсіби қызымет пəндері төмендегілер болып табылады: - электр станциялары жəне қосалқы станциялар; - электр жүйелері жəне тораптары; - электр энергетикалық жүйелердің релелік қорғанысы жəне автоматтанды- рылуы; - өнеркəсіптің əр түрлі салалы кəсіпорындарын электрмен жабдықтау; - ауыл шаруашылық кəсіпорындарын электрмен жабдықтау жəне автомат- тандыру; - дəстүрлі емес жəне қайта жаңғыртылатын энергия көздері; - электр механикасы; - электр оқшамалау жəне кабельдік техника; - электр технологиялық қондырғылар жəне жүйелер; - жарық техникасы жəне жарық көздері; - электр көлігі; - көлік құралдарының электр құрылғылары; - технологиялық кешендердің электр жетегі жəне автоматтандырылуы. |
| Кәсіптік қызмет түрлері | 050718 – Электр энергетикасы мамандығының бакалавры төмендегі кəсіби қызмет түрлерін атқара алады: - өндірістік – технологиялық; - экспериментті зерттеу; - сервистік пайдалану; - ұйымдастыру басқару; - монтаждық жөндеу; - есептік жобалау. |
| Кәсіптік қызмет міндеттері | Жетекші (аға) инженер жауапты атқарушы немесе тақырып (тапсырма) же- текшісі басшылығымен бакалавр келесілерді атқарады: - электр станцияларының жəне қосалқы станцияларының, электр жүйелері мен тораптарының техникалық – экономикалық көрсеткіштерін, өнеркəсіптің түрлі салалық кəсіпорындарын электрмен жабдықтау, электр энергетикалық жүйелерінің релелік қорғаныс жəне автоматтандырылуы, ауылшаруашылық кəсіпорындарын электрмен жабдықтау, электр көлігінің, технологиялық кешен- дердің электр жетегі жəне автоматтандырылуы, жарық техникасы жəне жарық көздері, электр технологиялық қондырғылар мен жүйелердің, электр оқшамалау жəне кабельдік техниканың, электромеханиканың дəстүрлі емес жəне энергияның қайта жаңғыртылатын техникалық қызметін жəне қызмет ету сапасын бақылау, жетілдіру, жаңғырту жəне жақсарту жүргізеді. - электр станцияларын жəне қосалқы станцияларының, электр көлігінің, технологиялық кешендерді электр жетегі жəне автоматтандырылуын, жарық техникасын жəне жарық көздерінің, электр техникалық қондырғылар мен жүйелердің, электр оқшауламалық жəне кабельдік техниканың, электр меха- никасының, энергияның дəстүрлі емес жəне қайта жаңғыртылатын көздерін, ауыл шаруашылық кəсіпорындарын электрмен жабдықтаудың, өнеркəсіптің түрлі салалық кəсіпорындарын электрмен жабдықтауын, электр энергетикалық жүйелердің релелік қорғанысын жəне автоматтандырылуын, электр жүйелері мен тораптарын негізгі құралдырының параметрлік өлшемдерін метрологиялық тексеруін іске асырады. |
| Кәсіптік қызметтің типтік мәселесі | Жетекші (аға) инженер, жауапты атқарушы немесе тақырып (тапсырма) жетекшісі басшылығымен бакалавр: - электр станцияларын жəне қосалқы станцияларының, электр көлігінің, технологиялық кешендердің электр жетегі жəне автоматтандырылуын, жарық техникасын жəне жарық көздерінің, электр техникалық қондырғылар мен жүйелердің, электр оқшауламалық жəне кабельдік техниканың, электр меха- никасының, энергияның дəстүрлі емес жəне қайта жаңғыртылатын көздерін, ауыл шаруашылық кəсіпорындарын электрмен жабдықтаудың, өнеркəсіптің түрлі салалық кəсіпорындарын электрмен жабдықтауын, электр энергетикалық жүйелердің релелік қорғанысын жəне автоматтандырылуын, электр жүйелері мен тораптарының жобаларын əзірлеуді іске асырады. - өндірістік-технологиялық əрекеттерге қатыса алады: қондырғы жұмысы- ның оптималды режимінің параметрлерін қоюға; электр қондырғылардың құрамын жəне оның параметрлерін, электр энергетикалық нысандардың сұлба сын анықтауға; технологиялық үрдістің барлық параметрлерінің жəне өндірі луші өнімнің сапасы сақталуын қамтамасыз етуге; қондырғылар жəне жүйелер дің экологиялық жəне технико-экономикалық талдауын өткізуге. - зерттеу əрекеттеріне қатыса алады: іс-əрекет нысандарының динами- касын жəне күйін талдауға; іс-əрекет нысандарының əрекетін жəне қасиетін болжауға мүмкіндік беретін, теоретикалық модель құруға; технологиялық жүйелер жəне электрқондырғыларға сынақ жүргізу əдістемесі жəне бағдар- ламасын, жоспарларын жасауға; эксперименталды жəне теоретикалық зерт- теулер нəтижесін өңдеу үшін компьютерлік технологияны қолдануға; энерге- тикалық тиімді электр технологиялық құралдар, қондырғылар жəне кешендер ойлап табуға. - монтаждау-жөндеу əрекеттерінде іске асыра алады: монтаждау, жөндеу жəне ремонттық құжаттарды құруға; қондырғыны пайдалануға енгізу бойын- ша жұмысты жоспарлауға; электр қондырғыларды монтаждау, пайдалану жəне жөндеуге; нормативті құжаттарға сəйкес монтаждау-жөндеу жұмыстарына қатысуға; қондырғыны қабылдау-өткізу сынағына; қондырғыны пайдалануға қабылдағанда. - ұйымдастыру-басқару əрекеттеріне қатыса алады: жұмысты орын- даушы ұжымды ұйымдастыруға; əртүрлі талаптарды қанағаттандыратын (бағасы, сапасы, қауіпсіздік жəне орындау мерзімі) ұзақ жəне қысқа уақытты жоспарлау кезінде, шешім шығаруға; өнімнің сапа деңгейін қамтамасыз ету- ге кететін өндірістік жəне өндірістік емес шығынды бағалауға; өндірістік үрдістің техникалық бақылауын, сынағын жəне сапаны басқаруды іске асы- руда. |
| Кәсіптік қызметтің мақсаты | Кəсіби қызметтер электр техникалық объектілерді, атап айтсақ: электр стан- циялары жəне қосалқы станцияларды, электр көлігін, технологиялық кешендердің электр жетегі жəне автоматтандырылуын, жарық техникасы жəне жарық көздерін, электр техникалық қондырғылар мен жүйелерді, электр оқшауламалық жəне ка- бельдік техниканы, электр механикасын, энергияның дəстүрлі емес жəне қайта жаңғыртылатын көздерін, ауыл шаруашылық кəсіпорындарын электрмен жаб- дықтауды, өнеркəсіптің түрлі салалық кəсіпорындарын электрмен жабдықтауды, электр энергетикалық жүйелердің релелік қорғанысы жəне автоматтандыры- луын, электр жүйелері мен тораптарын пайдалану, жобалау жəне жаңартуға бағытталған. |
| Кәсіптік қызметтің құрамы | Бакалавр: - электр энергетика жүйелеріне қолданылатын техникалық жағдайлар, стан- дарттар, техникалық жазбалар əзірлеуге қатысады; - электр энергетика кəсіпорындарын жобалаумен байланысты техникалық тапсырмалардың, ұсыныстардың жəне басқа құжаттардың сараптық бағасын жүргізеді; - əр түрлі пікірлерді ескере отырып, ұйымдастырушылық шешімдерге қатысады; - бекітілген əдістемеліктерге сəйкес тақырыптың жекелеген бөлімдері (ке зеңдері, тапсырмалары) бойынша əзірлемелік жəне ғылыми зерттеулер жүр гізуге қатысады, сараптаулар жүргізуге қатысады, бақылаулар жəне өлше- улер жүргі зеді, олардың жазбаларын құрайды жəне қорытындыларын əспет- тейді. |













































