- Қателік
-
- Error loading component: com_qualchar, 1
- Error loading component: com_qualchar, 1
- Error loading component: com_qualchar, 1
Біліктілік пен қызметтер тізімі
| Біліктілік пен қызметтер тізімі | 050713 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары мамандығы бойынша бітірген түлекке - көлік бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Түлектердің біліктілігі және қызметтері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 21.11.2002 ж. №273-П бұйрығымен бекітілген «Жетекшілердің, мамандардың және басқа да қызметкерлердің біліктілік анықтамасына» сәйкес анықталады |
| Кәсіптік қызмет саласы | Берілген профильдегі бакалавры көлік техникасын жобалаумен, пайдалану және жөндеумен, сондай-ақ көлікті пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған зерттеу қызметтерімен байланысты кешенді мәселелерді шешуге бағытталған адамзат қызметінің әдістері мен тәсілдерін, құралдарын қамтитын материалды өндіріс саласында қызмет ету тиімділігін арттыруға бағытталған зерттеу жұмыстары үшін дайындалады. |
| Кәсіптік қызмет нысандары | Көлік техникасы мен жабдықтарын жасайтын машина жасау зауыттары, көлік техникасын пайдаланатын мекемелер мен ұйымдар; құрылымдық, жобалау және технологиялық ұйымдар; машина жөндеу кәсіпорындары; машина жасау және жөндеу зауыттарының фирмалық және делдалдық орталықтары; маркетингтік және көліктік-экспедициялық қызметтері; көлікті басқару қызметтерінің материалдық-техникалық қамсыздандыру жүйелері бітірушілердің кәсіптік қызмет объектісі бола алады. |
| Кәсіптік қызмет пәні | Кәсіптік қызмет құралдары болып табылатындар: - көлік техникасы мен жабдығы; жүріс жабдығы; жұмыс жабдығы; көлік техникасының жетек жүйесі; қозғалысты басқару жүйесі; тіршілік қауіпсіздігі жүйесі; - көлік техникасын жасау, сынау және қайта өңдеу жабдықтары; - көлік техникасын техникалық күту және жөндеу жабдықтары; - көлік техникасын жасауға және пайдалануға арналған бақылау-өлшеу аспаптары; - көлік техникасының жұмыс процестерін автоматтандыруға арналған жабдықтар. |
| Кәсіптік қызмет түрлері | 050713 – Көлік, көліктік техника және технологиялары мамандығы бойынша бакалаврлар мынандай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады: Ұйымдастыру-технологиялық қызметі: - көлік техникасын жасауға және жөндеуге құрылымдық, технологи лық және жобалау-сметалық құжаттарды әзiрлеу; - орындаушы ұжым жұмысын ұйымдастыру, түрлі пікірлерді ескеру және басқару шешімдерін қабылдау; - оңтайлы шешім анықтауда және жоспарлаудың әрбір түріндегі түрлі талаптар есебімен (құндық, сапалық, орындау мерзімдері мен қауіпсіздік) ымыралық шешімдер; - сапалы өнім шығаруды қамтамасыз ету мақсатымен түрлі шығындарды есепке алу. Өндірістік-басқару қызметі: - көлік техникасы және жабдықтарын дайындау технологиясын жетілдіру; - технологиялық процестер, материалдар және дайын өнім сапасын бақылау; - өндірістік процестерді жүзеге асыру үшін материалдарды, жабдықтарды және басқа құралдарды таңдау және тиімді қолдану; - өнім сапасы көрсеткіштерінің өлшеу құралдарын метрологиялық тексеру; - көлік техникасы және жабдықтарын, оларды жасау және жөндеу технологияларын стандарттау және сертификаттау шараларын жүргізу; - көлік техникасын пайдалану және жөндеумен байланысты қызметтерді, кәсіпорындарды ұйымдастыру және басқару. Жобалау қызметі: - жобаның мақсаттарын және міндеттерін анықтау, олардың құрылымдарының өзара байланысын құруда түрлі факторларды ескеру және мәселе шешудің басым бағытын анықтау; - салдарларды болжау проблемаларын шешудің нұсқаларын әзірлеу және талдау, жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру; - технологиялық, құрылымдық, эстетикалық, экономикалық және тағы басқа параметрлерді ескеріп, машиналар мен жабдықтардың жобасын әзірлеу; - материалдарды, көлік техникасын және жабдықтарды таңдауда ақпараттық технологияларды қолдану. |
| Кәсіптік қызмет міндеттері | Бакалавр өзінің кәсіптік қызметінде төмендегі функцияларды орындайды: - бекітілген үлгі бойынша техникалық құжаттар жасау мен белгіленген есеп беру бойынша жұмыстар жүргізу; - техника қауіпсіздігі, еңбек және қоршаған ортаны қорғау бойынша оқытуды және нұсқаулықты жүргізу; - көлік техникасының сапасын басқару бойынша құжаттарды дайындау талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру. |
| Кәсіптік қызметтің типтік мәселесі | Бакалавр төмендегі типтік мәселелерді шешуге дайын болуы керек: - көлік техникасының тораптары мен бөлшектерін техникалық және жұмыстың жобалауға; - көлік техникасының, оның элементтерінің типтік әдістері бойынша сенімділігіне және сынақтар жүргізуге; - көлік техникасының дайындамасын, бөлшектерін дайындаудың, түйіндерін жинаудың типтік технологиялық процестерін әзірлеуге; - көлік кәсіпорындарының өндірістік учаскелер деңгейінде өндірісті басқаруға; - іс жүзіндегі өндірісті технологиялық жабдықтауға; - типтік шешімдер негізінде жабдықтау және автоматтық басқару құралдарын құрастыруға; - типтік әдістер бойынша автоматтандыру құралдарын сынауға; - көлік техникасын шудан оқшаулау және қорғау жүйесін әзірлеуге; - көлік техникасының сенімділігін және ұзақ мерзімділігін талдауға |
| Кәсіптік қызметтің мақсаты | - көлік техникасы мен жабдықтарының құрылымын жетілдіру; - көлік техникасы мен технологиялық процестерді кешендік механикаландыру және автоматтандыру; - көлік техникасы мен жабдықтарының оптималды жұмыс режимдерін белгілеу және қамсыздандыру. |
| Кәсіптік қызметтің құрамы | - көліктік өндіріс мекемелерінің қызметтерін ұйымдастыруға және басқаруға; - өндірістік – технологиялық, күту-пайдалану, құрастыру-баптау және жобалау бөлімшелерінің құрылымын жасауға; - көлік техникасы мен жабдықтарын жасауға және жетілдіруге; - тәжірибелік-зерттеу жұмыстарын қамсыздандыруға қатысу. |













































