- Қателік
-
- Error loading component: com_qualchar, 1
- Error loading component: com_qualchar, 1
- Error loading component: com_qualchar, 1
| Біліктілік пен қызметтер тізімі | 050207 – Аударма ісі мамандығы бойынша бітірген түлекке аударма ісі бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Аударма iсiнiњ бакалавры аудармашы – референт, гид – аудармашы, аударма редакторы және т.б. қызметті атқара алады. 050207 – Аударма ісі мамандығы бойынша бітірген түлектердің біліктілігі және лауазымдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 21.11.2002ж. №273-П бұйрығымен бекітілген «Жетекшілердің, мамандардың және басқа да қызметкерлердің біліктілік аңықтамасына» сәйкес анықталады. |
| Кәсіптік қызмет саласы | 050207- Аударма iсi мамандығы бойынша бакалавриатты бiтiрген түлек мынадай салаларда қызмет атқаруға дайындалған: - административті-басқару жүйесі саласы; - білім және ғылым саласы; - мєдениет жєне мәдениетаралық қарым-қатынас саласы; - халықаралық қатынас саласы; - баспа ісі саласы; - бұқаралық- ақпаратты құралдар саласы; - ақпараттық-сараптама саласы жєне басқа салаларда |
| Кәсіптік қызмет нысандары | Бітірушілердің кәсiптiк қызмет объектісі болып мәдениет мекемелерi, халықаралық ұйымдар, әр түрлі ақпараттық-талдау орталықтары, елшiлiктер, өкiлдiктер, министрлiктер, туризм агенттiгi, баспалар, аударма бюросы және басқа да ұйымдар мен кәсіпорындар табылады. |
| Кәсіптік қызмет пәні | Негізгі және арнайы алынған дайындыққа байланысты кәсіби қызметінің пәндеріне әр түрлі аудармадағы түрлi жанрдағы және стилдегі мәтiндер, анықтама кітаптар және ақпараттың басқа да түрлері (Интернет, электрондық сөздіктер) жатады. |
| Кәсіптік қызмет түрлері | 050207 - Аударма iсi мамандығы бакалавры мынадай кәсiби қызмет түрлерiн атқара алады: - аудармашылық (түрлi жанрдағы мәтiндер мен құжаттардың жазбаша аудармасы, келiссөздер, халықаралық кездесулер мен конференциялардың ауызша аудармасы); - ұйымдастырушылық (түрлi шараларды ұйымдастыру және өткiзу; кәсiби және қоғамдық органдар мен ұйымдарды құру); - өндiрiстiк-басқарушылық (отандық немесе шетелдiк, бiрiккен кєсiпорындардың, ұйымдардың тиiстi бөлiмшелерiнде кәсiби мiндеттi (әр түрлі аударманың түрлерi) орындау немесе басқару); - ақпаратттық-талдау (саяси әлеуметтік талдау жасау, ресми іс қағаздар жазу, есептер, шолу, жағдайларға болжау жасау, аударманы редакциялау) ; - ғылыми-зерттеу (аударматану және мәдениетаралық қарым-қатынас мәселелерi бойынша ғылыми мақалалар мен баяндамалар жасау, практикалық материалды жинау және өңдеу) |
| Кәсіптік қызмет міндеттері | 050207 Аударма iсi мамандығы бойынша бакалаврлар мынадай функционалды мiндеттердi iске асыруға дайын болуы керек: - ауызша және жазбаша аударма жасау; - тiларалық қарым-қатынаста делдалдық қызмет атқару; - аударматану және филология салаларында зерттеулер жүргізу; - оқытылатын шет тілі және оның мәдениеті туралы кеңес беру; - ақпаратты мәтіндерді редакциялау және рефераттау |
| Кәсіптік қызметтің типтік мәселесі | Кәсiби қызметiнің типтiк мiндеттерi - жазбаша аударманы жүзеге асыру; - конференцияларда, келiссөздерде, ресми кездесулерде, презентацияларда және басқа шараларда ауызша аударманы жүзеге асыру; - аударматану саласында ғылыми-практикалық шараларды жүзеге асыру; - шет тілі әдебиеттерін рефераттау және аннотациялау |
| Кәсіптік қызметтің мақсаты | Қазақстан Республикасының жоғары кәсіби білімінің 050207 – Аударма ісі мамандығы бойынша мамандар даярлау бағыты 2004 жылғы 12 наурыздағы №75 бұйрығымен бекiтiлген бакалавриат пен магистратура мамандықтарының жiктеушiсiне (классификаторына) сәйкес келедi және кең профильді аудармашы мен тілмәштәрді дайындайды. |
| Кәсіптік қызметтің құрамы | Аудармашы республикадағы өзге мемлекеттермен ғылыми-мәдени, сыртқы саяси, экономикалық байланыстарды экономиканың әр салаларында, халықаралық туризм және ақпаратты-талдау қызметтері мен агенттіктерінде жүзеге асыратын мекемелер мен ұйымдарда кәсiби жазба (толық немесе қысқаша) және ілеспелі ауызша аударма жасауға тиiс. |
С. Торайғыров атындағы ПМУ
Павлодар қ., Ломов к-сі, 46 үй, 140008
Тел.: 1(7982) 65-36-85, факс: 8(7282) 67-53-02
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2009-2017






























