Жаңалықтар, хабарландырулар

Іс-шаралар күнтізбесі

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
23 24 25 26 27 28 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Раскрутка сайта, Оптимизация сайта, Продвижение сайта, Реклама!
Сұрақ қою ::: Сұрақтар: [1..30] 

Анар Құсайынова (15.03.2009)
Құрметті, Ерлан Мұхтарұлы! ПМУ - Қазақстанда бетке ұстар білім ордаларының бірі. Бұл универсиеттің жетістіктеріне қарап көп мақтаулар айтуға болады. Өзім Сұлтанмахмұт атындағы қарашаңырақтың түлегі болғанымды мақтан тұтам. Бұл ретте, білім беру порталының ашылғанына қуаныштымын. Бір ғана өтінішім бар еді - порталдың атауына зер салсаңыздар: С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті дегенде "мемлекеттік университеті" тіркесі кіші қаріппен жазылу керек. Рахмет!

(18.03.2009)
Құрметті Анар Құсайынова, біздің жоғары оқу орнымыздың білім беру порталына және жұмысына ықыласты көңіл бөлгеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Біз Сіздің ескертпеңізді есепке алдық. Алдағы уақытта беретін барлық пікірлеріңізге, ескертпелеріңізге және ұсыныстарыңызға ризашылық білдіреміз.



(24.01.2009)
- ПМУ-да қандай атаулы стипендиялар бар?

(24.01.2009)
-Бізде алты атаулы стипендиялар бар – Мәшһүр-Жүсіп атындағы, А.Марғұлан, Қ. Сәтпаев, К. Бектұров, Ш. Шокин атындағы және біздің университетіміздің бірінші ректоры – Е. Эликтетова атындағы стипендиялары. Олар бір жыл уақытына арналған конкурс негігінде 3-5 курс студенттеріне беріледі. Оған мемлекеттік стипендияларды, Әкімдерден немесе кәсіпорындардан сыйақыларды қосыңыз – нәтижесінде ақысыз оқу мүмкіндігі туады. ПМУ-да ақы негізінде оқитын студенттердің әр түрлі санаттарына жеңілдіктер мен шегерімдер жүйесі жұмыс істейді. Сондықтан, біріншіден студенттің өзіне байланысты болады. Жеңілдіктер мен шегерімдер жақсы оқу үшін, отбасында бірге тұратын екі немесе одан да көп мүшелеріне, қызметкерлер және қызметкерлердің баларына, әлеуметтік жастарға (мүгедектерге, жетімдерге, көп балалы отбасы студенттеріне, мүгедек ата-аналардың балаларына) беріледі. Персональдық гранттар мен стипендиялар – басшылықтың немесе грант берушінің шешімі бойынша беріледі. Студенттің үздік оқыса оқу шегерімдерін, стипендия және әлеуметтік гранттар алуына мүмкіндік деген сөз. Бәрі студенттің қолында.



(24.01.2009)
-Университет ата-ананың қомқорысыз қалған балалар мен жетім-балалар үшін қандай жеңілдіктер ұсынады?

(24.01.2009)
-Жоғары оқу орында студенттердің үш категориясы бар, оларға біздің жоғары оқу орынымызда мәнді әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Бұл мүгедек-балалар, ата-ана қамқорысыз қалған балалар, жетім балалар. Оқу бойын шегерім 50%-ға дейін. «Болашақ» Президенттік стипендия конкурсына қатысу кезінде ПМУ-да әлеуметтік қорғаусыз факторы ескеріледі. Павлодар облысының Әкімінің 1000 гранттары бар, өздеріңіздің аудандарыңызда бөліну мүмкіндіктері туралы біліңіздер.



(24.01.2009)
-Жоғары оқуға түсерде өткен жылдардың түлектері мен колледж түлектері кешенді тест тапсырады. Бұл қалай жүзеге асырылады?

(24.01.2009)
-Кешенді тестілеу ҚР білім және ғылым Министрлігінің жарғысымен бекітілген тізбеге сәйкес тест өткізу пунктерінің базасында өткізіледі. ҚР жоғары оқу орындарына қабылдаудың Типтік ережелеріне сәйкес кешенді тестілеу азаматтардың қазақ немесе орыс тілдерінде тапсыру тілегі ескеріле отыра, орта білім берудің оқу бағдарламаларының көлеміндегі мынадай төрт пән бойынша өткізіледі: қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні бойынша, әр пән бойынша тестілеу тапсырмаларының саны таңдалған мамандығына қарай өткен жылмен салыстарғанда баллдың шекті саны 25-ке азайды, абитуриент 100 шекті баллын, төменгі 45 балл жинай алады. Тестілеу уақыты 2 сағат 30 минут созылады.



(24.01.2009)
- Егер абитуриенттер бірдей балл санын жинаса, кімге грант беріледі.

(24.01.2009)
-Бірдей балл санын жинаған кезде грант алуға артықшылық жетім-балалар және ата-ананың қамқорысыз қалған балалар; 1 және 2 топтағы мүгедектер; үздік бітіру туралы құжаты бар балалар; өте жоғары бал жинаған аттестаты немесе дипломы бар абитуриенттер алады.



(24.01.2009)
- «Болашақ» Президенттік стипендиясын алу сайысына қалай қатысуға болады?

(24.01.2009)
Біздің жоғары оқу орнымыздың халықаралық ынтымақтастық Департаментіне 45-08-87 телефоны бойынша хабарласыңыздар. 30 мамырды ПМУ-да Халықаралық Президенттік «Болашақ» стипендиясының жаңа тәртіптерін түсіндіру бойынша «Халықаралық бағдарламалардың Орталық АҚ» өкілдерімен кездесу болды. Осындай кездесулер ПМУ-да жиі болады. Қазір де конкурс жарияланды.



(24.01.2009)
- Басқа жоғары оқу орнынан ПМУ-ға қалай ауысуға болады?

(24.01.2009)
- Біріншіден, мемлекеттік тапсырысы бойынша оқитын студенттерді ауыстыру кезінде олардың гранттары сақталады. Екіншіден, біз басқа жоғары оқу орындарынан ПМУ-да дайындық жүргізілетін бакалавриаттың барлық мамандықтары бойынша барлық студенттерді қабылдаймыз. Күндізгі оқытудағы студенттер үшін жазғы және қысқы каникулдар уақытында, сыртқы оқытудағы – сессия аралық кезеңінде ауыса алады. Сондықтан тездету керек. Ауысу сұрақтары бойынша сіздің мамандығыңыз оқытылатын факультеттің деканына жолығыңыз. Және екіншіден – ауысу кезінде ешқандай жоғары оқу орны кедергі жасамау керек, бұл заңға қайшы. Студенттің өзінің тілегі бар, тұрмыс жағдайына байланысты ауысады. Ауысу үдерісін ұзартуға тырысатын жоғары оқу орындарына осыны басшылыққа алу керек.



(24.01.2009)
-ПМУ-да жоғары педагогикалық білім алуға бола ма?

(24.01.2009)
-ПМУ-да педагогикалық пәндердің көптеген түрлері бар. Өте күшті психология және педагогика кафедрасы, профессор педагогикалық ғылымдар докторы Г.М. Кертаева басшылық жасайды, бес педагогикалық ғылымдар докторлары жұмыс істейді. Жаңа педагогикалық мамандықтар бар – «Бейнелеу өнері мен сызу», «Кәсіптік білім», «Педагогика және психология», «Шетел филологиясы».



(24.01.2009)
- Білім беру грантын алуда абитуриенттің қандай басымдық құқығы бар?

(24.01.2009)
- Білім грантын алуда басымдық құқықты «Алтын белгісінің» иегері, жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық олимпиада мен ғылыми сайыстардың, республикалық және халықаралық конкурстарының жеңімпаздары, соңғы үш жылда спорттық жарыстардың орындаушылары сондай-ақ жалпы білім беертін пәндер бойынша республикалық және ғылыми сайыстардың ағымдағы жылғы жеңімпаздары, егер де олардың таңдаған мамандығы олимпиада пәнініне сәйкес болғанда, ғылыми сайыстарда конкурстар мен спорттық жарыстардың жүлдегерлері болып табылатындар ала алады.



(24.01.2009)
-Мемлекет биылғы жылы студенттерді оқытуға қанша грант бөледі?

(24.01.2009)
-2008-2009 оқу жылдарына арналған жоғары білімі бар мамандарды дайындауға мемлекеттік білім беру тапсырысының жобасы бар, осыған сәйкес мемлекеттік тапсырыс былтырғы жылмен салыстырғанда 550 грантқа өсті. Осы жылы Республикада 33490 грант, соның ішінде 1000 – сырттай оқутуға бөлінеді. Былтырғы жылмен қарағанда техникалық, ауыл шаруашылық, әлеуметтік өріс пен бизнес мамандықтарына көбірек бөлінеді. Сонымен қатар, биылғы жылы былтырғы жылға қарағанда білім беру грантын ұтып алу оңай болады. Себебі, мектеп түлектерінің демографиялық кемуі. Былтырғы жылға қарағанда түлектер аз – грант көбірек бөлінеді. Сонымен мамандық түрлеріне өту баллы былтырғы жылға қарағанда төмен болады. Республикалық комиссия конкурстық негізде грантты тамыз айының басында бөледі. Төменгі балл саны – 45.



Сұрақ қою ::: Сұрақтар: [1..30]