"Математика" кафедрасы: профессор-оқытушылар құрамы
Исин Мейрам Естайұлы
Ғылыми дәрежесі, атағы:
п.ғ.д. (Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясы, 2010 ж.,
тақырыбы: Экономикалық ЖОО-ның студенттеріне математикалық пәндерді
оқытудағы әдістемелік жүйесінің дамуы (орысша басылған).
Лауазымы: «Математика» кафедрасының меңгерушісі.
Ғылыми еңбектері (мақалалар, оқулықтар, монографиялар, оқу құралдары, т.б.):
"Экономикалық білім беретін жоғары оқу орындарының студенттеріне
математикалық пәндерді оқыту әдістемесін жетілдіру" атты монографиясы
(2007 ж., 225 б.), 4 оқу-әдістемелік құралы, 50-ден астам ғылыми
мақала.
Наградалары:
ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасы, 1997 ж., кеуделі
белгісі «Қазақстан Республика білімінің мәртебелі жұмыскері», 2010 ж.
Ағымдағы зерттеулер тақырыбы:
экономикалық білім беретін жоғары оқу орындарында математикалық
пәндерді оқыту әдістемесі: экономикалық жоғары оқу орындарында
математикалық пәндерді оқытудың кәсіби бағыты, болашақ экономистерге
математикалық пәндерді оқыту технологиялары.
E-mail:
Осы e-mail мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарастыру үшін Сізде Javascript қосылу керек.
Ахметов Галым Бейсенович
Ғылыми дәрежесі, атағы: ф-м.ғ.к., ЖАК доценті, ПМУ профессоры, мәртебелі кафедра меңгерушісі
1975
ж. Москвадағы АН КСРО Есептеу орталығында «Кеңістіктік денгейдегі
(сопл) жоғарғы дыбыстық ағымдарды есептеу» тақырыбында диссертация
қорғады.
Лауазымы: С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың «Математика» кафедрасының профессоры.
Ғылыми
еңбектері (мақалалар, оқулықтар, монографиялар, оқу құралдары, т.б.):
барлығы 80 аса ғылыми еңбектері бар: Олардың ішінде: «Математика пәнінен олимпиада тапсырмалар жинағы», 2000 ж.; «Логика: Тапсырмалар -СӨЖ-Межелік бақылау», 2002 ж.; «Экономикалық теориялар курсы бойынша есептер жинағы» 2003 ж.; «Заң ЖОО-ның студенттеріне арналған гуманитарлық математика», 2005 ж., монография «Заң статистикасы аясында қылмыс жағдайын зерттеу, болжау, моделдеулерде математикалық әдістерді қолдану», 2006 ж.; «Мұсылман құқығы» 2009 ж., «Римдік құқық», 2009 ж., «Инвестициялардың математикалық негіздері», 2011 ж.; «Актуарлы есептеулер», 2013 ж. Оқушылардың ғылыми жобаларына, рецензиясы бар ғылыми жұмыстарға, дисертациялырға жетекшілік етеді.
Марапаттаулары:1987 ж. –Еңбек ардагері; 2007 ж. – Қазақстан Республикасының білім беруінде құрметті қызметкері; 2007 ж. –Павлодар облыстық маслихатының құрмет граматасы.
Ағымдағы зерттеулердің тақырыбы:«Криминология мен криминалистикада математиканы қолдану» оқу құралын 2011 ж. мемлекеттік және орыс тілінде баспаға жіберуге дайындауда. Юриспреденция саласында зерттеулерге математикалық әдістерді енгізу бойынша әзірлеме жүргізіледі.
Дроботун Борис Николаевич
Ғылыми
дәрежесі, атағы: Ф-м.ғ.к., п.ғ.д, ЖАК доценті, С.Торайғыров атындағы
ПМУ профессоры, ҚР ККСОН ҚР-ның педагогика ғылымның Академия мүше-корреспонденті.
Лауазымы: С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың «Математика» кафедрасының профессоры
Ғылыми еңбектері (мақалалар, оқулықтар, монографиялар, оқу құралдары, т.б.):
барлығы 84 ғылыми еңбетері халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларда жарияланды, оның ішінде 3 монография (2007 ж., 250 б.; 2008 ж., 221 б.; 2008 ж., 370 б.), 1 оқулық (2004 ж., 300 б.), жоғары оқу орындары үшін логика-алгебралық циклды пәндері бойынша 1 оқу және 2 оқу-әдістемелік құралдары.
Марапаттаулары:
Ы. Алтынсарин ат. медаль (1992 ж.), Қазақстан Республикасының ғылым
және білім Министрлігінің құрмет грамотасы (2001 ж.), С.Торайғыров
атындағы ПМУ ректорының алғыс хаты(2005 ж.), «Қазақстан Республикасының ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» кеуде медалі.
Ағымдағы зерттеулер тақырыбы:
1. Алгебра және математикалық логика
2. ЖОО-да логика-алгебралық пәндерді оқытудағы методологиясы
Ғылыми
жұмыстардың бірінші бағыты бойынша логико-алгебралық құрылымында
алгебралық және алгоритмдік қасиеттері, алгебралық алгоритмдік құрылым
қиындығын табу бағасымен және Ершов иерархиясындағы модельдерімен
байланысты оқытылады.
Дроботун Б.Н. 140-тан аса ғылыми жұмыс жазды, олардың ішінде: 5 монография, 1 оқулық, 4 оқу құралы, 2 оқу-әдістемелік құралдары Ресей және Қазақстан Республикасының ғылыми баспаханаларында басып шығарылды.
Ғылыми жұмыстардың екінші бағыты бойынша қазіргі гуманитарлық философия білім ұстанымымен ЖОО-да логико-алгебралық жүйелер пәндерін (алгебра, сандар теориясы, математикалық логика, алгоритм теориясы, дискретті математика, жиындар теориясы) оқытудағы эдістемелік концепция құрайтын негізделер дайындалады.
Мұқанов Ғафур Мұқанұлы
Ғылыми дәрежесі, атағы: ф-м.ғ.к., ЖАК доценті
Лауазымы: С. Торайғыров атындағы ПМУ-ның «Математика» кафедрасының профессоры
Ғылыми
еңбектері (мақалалар, оқулықтар, монографиялар, оқу құралдары, т.б.):
барлығы 50 ғылыми еңбек, соның ішінде бір монография (1995 ж., 190 б.), 17
оқу-әдістемелік құрал .
Марапаттаулары: КСРО-ның жоғары мектеп үздігі (1974 ж.), "ҚР ағарту ісінің үздігі"
(1992 ж.), Ы. Алтынсарин атындағы медаль (1990 ж.), "Еңбек ардагері"
медалі (1983 ж.), "ҚР білім саласының құрметті еңбеккері" (1991 ж.),
"Қазақстан конституциясына 10 жыл" (2005 ж.), "Облыс алдында сіңірген
еңбегі үшін" (2002 ж.), облыстық білім басқармасының және кәсіби одақ
обкомының, ҚазКСРО-ның жоғары және арнайы орта білім министрлігінің,
ағарту ісі, жоғары мектеп және ғылыми мекемелер қызметкерлерінің кәсіби
одағы Республикалық Комитетінің, СОКП ОК мен КСРО-ның Министрліктер
Кеңесі, т.б. құрмет грамоталары, тың және тыңайған жерлерді игергені үшін
медаль, Ұлы Отан соғыс жылдардағы тыл еңбектерінің мәртебесі.
Ағымдағы
зерттеулер тақырыбы: жоғары мектепте математиканы оқыту әдістемесі,
бірнеше пән бойынша оқу материалының логикалық құрылымы мен модульды
құрылысы әзірленді.
Мұхтаров Мағзұм Мұхтарұлы
Ғылыми дәрежесі, атағы: ф-м.ғ.к., ЖАК доценті. Диссертация Свердловск
(Екатеринбург) қаласында Уральск мемлекеттік университетінде 1984 ж.
қорғалды.
Тақырыбы: Кейбір квазилинейді ойындарда оңтайлы бағдарламалық басқаруды жүйелеудің итерационды әдістері.
Лауазымы: С.Торайғыров атындағы ПМУ-ның «Математика» кафедрасының профессоры
Ғылыми
еңбектері (мақалалар, оқулықтар, монографиялар, оқу құралдары және
т.б.):Математикалық физика теңдеулері бойынша, дифференциалдық теңдеулер
курсы бойынша, вариациялық есептеулер бойынша оқу құралдары, сонымен
қатар жоғары математиканың арнайы бөлімдері бойынша әдістемелік
нұсқаулықтар, ғылыми мақалалар, С.Торайғыров атындағы ПМУ жинақтары, 52 ғылыми еңбектер.
Марапаттаулары: алғыс хаттар (И.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, С. Торайғыров атындағы ПМУ).
Ағымдағы зерттеулер тақырыбы: арнайы пәндерді оқыту әдістемесі, иерархиялық дифференциалды ойындар теориясы бойынша зерттеулер.
Павлюк Иван Иванович
Ғылыми дәрежесі, атағы: ф-м. ғ. к. (Новосибирск мемлекеттік университеті, 1982ж., тақырыбы: примарлы миималдық шартында локалды-соңғы топтар), ЖАК доценті.
Лауазымы: С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың «Математика» кафедрасының профессоры
Ғылыми еңбектері(мақалалар, оқулықтар, монографиялар, оқу құралдары және
т.б.): топтар теориясы бойынша барлығы 160 астам ғылыми еңбектер. Теориялық математика бойынша бір монография (жалпы топтар теориясы, 2002 ж., 222б.), математика бойынша екі оқу-әдістемелік құрал (2006 ж., 2007 ж.). Магистрлік диссертацияларға (15), университет бітіруші студенттердің дипломдық жобаларына (20), мектеп оқушыларының ғылыми жұмыстарына жетекшілік (10); ғылыми жұмыстарға рецензенттік, кандидаттық диссертацияларға оппоненттік. Ғылыми жоба бойынша жұмыс.
Наградалары: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, Павлодар
облысы әкімінің грамоталары, КСРО-ның екі медалі, Қазақстан
Республикасының білім беруінде құрметті қызметкер, «ППМИ 50 жыл» медалі.
Ағымдағы зерттеулердің тақырыбы: Топтар теорияларындағы және алгебрадағы жаңа
бағыттарды қарастыру - топтардағы салыстыру теориясы (80-тан астам
мақала, халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар). Теорияның
10-нан астам жаңа базалық түсінігі анықталып, ғылыми қолданысқа
енгізілді: топтық салыстыру, топтық салыстыруға шешім табу, эквивалентті
салыстыру, орталық және орталыққа бағындырылған салыстырмалар
арақатынасы, индексті салыстырма арақатынасы, Черников салыстыруларының қатынасы, (сәйкестендірілген) салыстырма модуляторы түсінігі, (сәйкестендірілген) салыстырма
централизаторы, т.б. Топтарды зерттеудің модуляторлық әдісі анықталды
(монография, 2002 ж.), салыстырулар теориясы мен модуляторлық әдісті
қолдана отырып Коуров дәптеріндегі топтар (10-нан артық) теориясының
белгілі мәселелері шешілді (Новосибирск мемлекеттік университетінің
басылымы, 2002 ж.) "Топтардағы салыстырулар теориясы" аты монография
басылымға дайындалу үстінде (2011ж.).

Тихомиров Юрий Валерьевич
Ғылыми
дәрежесі, атағы: ф-м. ғ. к.. Физика-математика ғылымдарының ғылыми
дәрежесіне іздеуіне кандидаттық диссертация 1995 ж. Новосібір қаласында
РҒА СБ М.А. Лавреньтев атындағы гидродинамика институтында қорғалды.
Оның тақырыбы: Сызат төбесіндегі атомаралық өзара әрекеттесуді ескеріп,
сызаты бар денелердің морт қирауы.
Лауазымы: Математика кафедрасының доценті.
Ғылыми еңбектері (мақалалар, оқулықтар, монографиялар, оқу құралдары және т.б.): 9 ғылыми мақала (автормен бірге).
Ағымдағы зерттеулердің тақырыптары: Тең салмақты қалыптардың орнықтылығы. Тең салмақтылықтың теңдеулер шешімдерін тармақтау.
Хамитов Мейрам Хамитович
Ғылыми дәрежесі, атағы: ф.-м.ғ.к. 1973ж., ЖАК доценті 1977ж., АСН кор. мүшесі
1998 ж., әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі (АСН) 2007 ж.
Лауазымы: Математика кафедрасының профессоры
Ғылыми
еңбектері (мақалалар, оқулықтар, монографиялар, оқу құралдары және
т.б.):103 ғылыми еңбек шығарылған (бір монография, 1997 ж., Алматы
«Ғылым», екі оқу құралы, екі есептер жинағы (кафедраның авторлар ұжымы),
бір қазақ тіліндегі оқулық (2005 ж. Ықтималдықтар теориясы оқулығын, екінші басылым 2007 ж.) «Бірінші математика» 2011 ж., «Екінші математика» 2011 ж.;
магистрлік диссертацияларға (2), университтер бітіруші студенттердің
дипломдық жұмыстарына (2) жетекшілік; қазақша оқулықтарға рецензиялау.
50 жыл ЖОО-дағы жұмыс өтілімі.
Марапаттаулар: «Кәсіподақтар обкомның» Құрмет грамоталары, ақшалай сыйақылар, спорт
комитетінің грамоталары, «Еңбек ардагері» медалі, «Аққу ауданының
құрметті азаматы» медалі.
Ағымдағы зерттеулер тақырыбы: қазақ тіліндегі әдістемелік құралдар.
Шынтемірова Гүлжихан Бейсембайқызы
Ғылыми
дәрежесі, атағы: ф.-м.ғ.к., ЖАК(жоғарғы аттестациялық
комиссия)доценті, Диссертация Мәскеу қаласында КСРО ҒА Есептеу
Орталығында орындалған және 1977 ж. «Екідеңгейлі ирархиялық басқару
жүйесінің теориялық ойын талдауы» тақырыбы бойынша қорғалған.
Атқаратын қызметі: С.Торайғыров атындағы ПМУ «Математика» кафедрасының профессоры.
Ғылыми
еңбектері(мақалалар, оқулықтар, монографиялар, оқу құралдары және
т.б.): барлығы 64 ғылыми еңбектер, олардың ішінде – 4 оқу құралы:
«Жоғары математика. 1 бөлім», «Жоғары математика. 2 бөлім» -
инженерлік-техникалық және физика-математикалық мамандықтарға арналған
орыс тіліндегі дәріс конспект, «Жоғары математика бойынша есептер
жинағы» инженерлік-техникалық мамандықарға арналған мемлекеттік тілде
1- кітап, 3- кітап; 22 оқу-әдістемелік құралы; бір«Математика бойынша
электрондыоқу курсы» электронды оқулығы, қалғандары ғылыми мақалалар мен
конференциялардағы баяндамалар.
Марапаттаулар: С.Торайғыров атындағы ПМУ басқармасынан 6 алғыс хаттарымен және облыс әкімінің Алғыс хатымен (2012 қыркүйек) марапатталды.
Ағымдағы
зерттеулердің тақырыптары: физика-математика және
инженерлік-техникалық мамандықтар үшін «Математикалық талдау» пәнін
оқыту әдістемесі және күрделі екідеңгейлі динамикалық басқару жүйелерді
шешуге теориялық-ойын шешімін табу, күрделі жүйелерді моделдеу үшін
интеллектуалды оқытуға әдістер қолдану.
|
|
|
|
|
Баяхметова Фарида Қастайқызы ПМУ доцент
|
Теняева Лилия Ивановна Аға оқытушы
|
Шоманова Раиса Елтайқызы Аға оқытушы
|
|
|
|
|
|
Машрапова Гүлнара Нариманқызы Аға оқытушы
|
Бергузинова Тлектес Мусабекқызы Аға оқытушы
|
Баширова Анар Набиқызы Аға оқытушы
|
|
|
|
|
|
Сембаева Нұргүл Темірболатқызы Аға оқытушы
|
Кұдайберген Маржан Аға оқытушы
|
Абдрахманова Әсел Маратқызы Аға оқытушы
|
|
|
|
|
|
Мухамедзянова Нина Ивановна Аға оқытушы
|
Исмағулова Нұрсұлу Муқашқызы Аға оқытушы
|
Сыздықова Айжан Төлегенқызы Аға оқытушы
|
|
|
|
Захарова Ольга Александровна Аға оқытушы
|