"Математика" кафедрасы: мамандықтар мен мамандандырулар туралы
Математика кафедрасы "Актуарды математика" мамандандырумен 5В060100 — Математика бакалавриаты мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Оқыту мерзімі — 4 жыл. Оқыту мерзімі аяқталғаннан соң кафедраның түлектеріне "математик-актуарий" мамандандыруы және "математика бакалавры" деген академиялық дәреже беріледі. Олар математик, математик-оқытушы, математик-қолданбалушы , математик-экономист, математик-актуарий, математик-жүйе программист біліктілігін иеленеді.
Математика бакалавры төмендегідей лауазымда еңбек ете алады: колледж, орта мектеп, гимназия және лицейлердегі математика және информатика оқытушысы; банкілерде, сақтандыру компанияларында, зейнетақы және инвестициялық қорларда математик-программист, математик-экономист, математик-актуарий; ғылыми-зерттеу орталықтарында кіші ғылыми қызметкер ретінде жұмыс атқара алады.
Математика бакалаврының кәсіби жұмысының нысаны: жаратылыстану ғылымдарында, техникада, экономикада және қаржы жұмысы аймағында математикалық модельдердің теориялық жобаларын жасау, есептеу процесіне қатысты эксперименттермен айналысу математикалық экономика, актуарлық экономика (қаржыға қатысты мәселелерді басқару).
Математика бакалаврының кәсіби жұмысының түрлері: ғылыми-зерттеу, өндірістік-басқарушылық, эксперименталды, болжау, математикалық-экономикалық, математикалық-актуарлық.
Математика бакалаврларының кәсіби қызметтері: кәсіби еңбегінің түрлері бойынша математикалық модельдерді әзірлеу, білім беру жүйесінде оқытушылық қызмет атқару, математиканы пайдаланатын салаларда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.
6М060100 — Математика мамандығының магистратурасы туралы жарнамалық материал
Математика кафедрасы 6М060100 — Математика мамандығы бойынша магистрлік білім беру бағдарламасын жүзеге асырады. 6М060100 — Математика мамандығы бойынша магистратураға түсу үшін төмендегідей мамандықтардың бірінен жоғары базалық білімі (бакалавриат) болуы керек: 5В060100 — Математика, 5В060900 — Математика, 5В060300 — Механика, 5В060200 — Информатика, 5В060400 — Физика, 5В070400 — Есептеу техникасы және программалық қамсыздандыру, 5В070300 — Ақпараттық жүйелер және басқа; шет тілінен және математикадан бакалавриат (5В060100 — Математика) базасының көлемінде емтихан тапсыру (тестілеу), сұрыптау конкурсынан өту керек.
Оқыту мерзімі ғылыми-педагогикалық магистратурада екі жыл, ал бағыт
бойыншада бір жыл.
Магистрлік бағдарламаның мақсаты — математикалық
модельдерді (ғылыми және әкімшілік, зейнеткерлік қорлар, сақтандыру
компаниялары, қаржы мекемелері мен банкілер, бизнес мекемелерінде,
т.б.) қолдану салаларындағы ғылымның, білім берудің, өндірістің және
басқару ісінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған ғылыми және
ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау болып табылады.
Математика магистрлері жоғары оқу орындарында оқытушылық қызметте, ғылыми-зерттеу институтында топ басшысы немесе қаржы мекемелері мен компанияларының аналитикалық орталықтарында еңбек ете алады. Математика магистрінің мамандандыру докторантурасында (phD) Республиканың орталық ЖОО-да білімін жалғастыруға мүмкіндігі бар.
Математика магистрінің кәсіби еңбегінің нысаны: ғылыми-зерттеу және жоғары ғылым мен білім беру мекемелері, мемлекеттік басқару органдары, бақылау-талдау қызметінің ұйымдары, стандарттау және сертификаттау орталықтары, табиғи байлықтар мен қоршаған ортаны қорғау органдары.
Кәсіби еңбек түрлері: білім беру, әдістемелік, ғылыми-зерттеу, аналитикалық және өндірістік-басқару.
Магистратураның білім бағдарламасын аяқтаудың негізгі көрсеткіші болып магистрлердің кемінде 60 кредитті игеруі есептеледі.