"Математика" кафедрасы
Кафедраның құрылу тарихы
Математика кафедрасы 2004 жылдың тамыз айында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті құрамында құрылды. Кафедра меңгерушісі — Исин Мейрам Естайұлы. Алғашқы құрамы — 10 физика-математика ғылымдарының кандидаттары-профессорлар, екі доцент, 8 аға оқытушы және 3 математика магистрі. Кафедра 1961 жылы құрылған Павлодар индустриалды институты және 1962 жылы құрылған Павлодар педагогикалық институтының математика кафедраларының ісін жалғастырушы болып есептелді. 2010 жылдың 10 шілдесінен бастап кафедра атауы «Математика кафедрасы» деп өзгертілді.
Қазір кафедрада бір ғылым докторы (Дроботун Б.Н.), алты профессор (Мұқанов Г.М., Мұхтаров М.М., Павлюк И.И., Шынтемірова Г.Б., Ахметов Г.Б., Хамитов М.Х.), үш доцент (Залюбовская Ю.А., Исин М.Е., Баяхметова Ф.), 12 аға оқытушы (Исмагулова Н.М., Бергузинова Т.М., Кульбаева Б.Ж., Мұхамедзянова Н.И., Баширова А.Н., Машрапова Г.Н., Теняева Л.И., Сембаева Н.Т., Шоманова Р.Е., Әбдірахманова А.М., Захарова О.А., Сыздыкова А.Т.Құдайберген М.К.), бір оқытушы (Макина Н.К.) еңбек етеді.
Кафедра басшылығы
Исин Мейрам Естайұлы
Ғылыми дәрежесі, атағы: п.ғ.д. (Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясы, 2010 ж., тақырыбы: Экономикалық ЖОО-ның студенттеріне математикалық пәндерді оқытудағы әдістемелік жүйесінің дамуы (орысша басылған).
Лауазымы: «Математика» кафедрасының меңгерушісі.
Ғылыми еңбектері (мақалалар, оқулықтар, монографиялар, оқу құралдары, т.б.): "Экономикалық білім беретін жоғары оқу орындарының студенттеріне математикалық пәндерді оқыту әдістемесін жетілдіру" атты монографиясы (2007ж., 225 б.), 4 оқу-әдістемелік құралы, 50-ден астам ғылыми мақала.
Наградалары: ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасы, 1997ж., кеуделі белгісі «Қазақстан Республика білімінің мәртебелі жұмыскері», 2010 ж.
Ағымдағы зерттеулер тақырыбы: экономикалық білім беретін жоғары оқу орындарында математикалық пәндерді оқыту әдістемесі: экономикалық жоғары оқу орындарында математикалық пәндерді оқытудың кәсіби бағыты, болашақ экономистерге математикалық пәндерді оқыту технологиялары.
E-mail:
Осы e-mail мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарастыру үшін Сізде Javascript қосылу керек.
Мамандықтар мен мамандандырулар туралы
Профессор-оқытушылар құрамы
Оқу-зертханалық базасы