Құрметті студенттер!

«Білім алушылардың Академиялық ұтқырлық бағдарламасы» аясында Томск политехникалық университеті 2020-2021 оқу жылының күзгі семестрінде оқу үшін "Физика", "Экология", "Информатика", "Есептеу техникасы", "Аспап жасау", "Жылу энергетикасы", "Электроэнергетика", "Машина жасау", "Химиялық технологиялар", "Биотехнология", "Мұнай-газ ісі", "Экономика", "Менеджмент", "Дизайн" мамандықтары бойынша 1, 2 курс студенттерін және 1 курс магистранттарын шақырады.

Өтініштер 2020 жылдың 31 мамырға дейін қабылданады.

Бағдарламаға қатысу үшін Томск политехникалық университетінің сайтында https://portal.tpu.ru/ciap_eng/apply/ алмасу бағдарламасын таңдап, өтінішті толтыру қажет.

Қажетті құжаттар: паспорттың көшірмесі, транскрипт, 3*4 фото, мотивациялық хат.

Толық ақпаратты Академиялық ұтқырлық орталығынан (260 каб), электронды поштасынан немесе тел.: +7-7182-67-36-65 (1205) біле аласыз.