Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне және COVID19 таратпау бойынша шаралар қабылдануына байланысты, жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «ХХ Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясы сырттай форматта өтеді.

Секциялық отырыстардың қорытындысы 2020 жылдың 15 мамырына дейін жарияланады.

Әрбір тіркелген қатысушы сертификат пен конференция жинағын алады, секциялық отырыс жеңімпаздарына 1, 2, 3 орындар алғаны үшін дипломдар жіберіледі.

Қатысқаныңыз және түсінгеніңіз үшін бәріңізге рахмет!