Кафедраның құрылу тарихы

«Физика және аспап жасау» кафедрасы 1961 жылы Павлодар индустриалды иститутында құрылған.

Кафедраның құрылуына еңбегі сіңгендер: т.ғ.д., профессор В.О.Волошин, п.ғ.к. Л.Я.Грабельковская, т.ғ.к. Батракова Л.М., Карабаева Н.Е., Музалевская Н.Н. 70-ші ж. басы мен ортасында кафедра құрамы Москва, Ленинград, Томск, Новосибирск, Алматының үздік университтерінің түлектерімен толықты: ф.-м.ғ.к. Омаров М.М., ф.-м.ғ.к. Румянцева В.С., ф.-м.ғ.к. Виноградов А.А. (қазіргі кезде Ангол университетінің профессоры), п.ғ.к. Алинова М.Ш., Третьякова Л.М., ф.-м.ғ.к. Биболов Ш.К., ф.-м.ғ.к. Дворецкий В.Я. (қазіргі уақытта өкіметте ҚР парламентінің арнайы өкілі), ф.-м.ғ.к. Гольман М.Б., профессор Омаров Е.С. (қазіргі уақытта Қайнар университетінің ректоры), профессор Марденов М.Ф. (қазіргі уақытта ЕИТИ ректоры), т.ғ.к. Марданов Ж.М.

Физика және аспап жасау кафедрасының зертханалары жақсы жабдықталған , оқу жоспарларына сәйкес барлық физика бөлімін қамтитын зертханалық жұмыстармен қамтамасыз етілген. Лабораторияның құрылуына меңгеруші Ульянич В.Б., Быкова С.В. үлкен үлес қосты. 1988 жылы қазақ тілінде физиканы оқыту басталды. 80-ші жылдары ПИИ студенттер командасы физика бойынша бірнеше мәрте Республикалық олимпиадаға қатысып, жүлделілер қатарынан орын алды. 2001 жылдан физика бойынша олимпиадаға ПМУ командасы қатысып, жеңіспен оралуда, команданың бұрынғы мүшелері Т.С.Досанов, Т.Г.Кисиков кафедрада сабақ береді. 1996 жылы ПМУ құрамына Педагогикалық институт енді және кафедра «Физика және математика», «Физика және информатика» мамандығы бойынша түлектер шығарды. 90-шы жылдары кафедраның дамуына ф.-м.ғ.к. Макиенко Н.Ф., ф.-м.ғ.к. И.И.Злотников, ф.-м.ғ.к. Ковтунец В.А., п.ғ.к. Еслямова У.Б., п.ғ.д. Кертаева Г.М., п.ғ.д. Нурумжанова К.А., ф.-м.ғ.к. Игонин С.И., доцент Гутенко А.Д. үлес қосты.

 

 

 

Кафедраның дамуындағы жаңа кезең 2001 жылы «Физика», 2003 жылы «Машинажасау» мамандықтары бойынша магистратура, 2002 жылы «Қатты денені деформациялау механикасы» аспиратурасының ашылуымен байланысты. 2006 жылы кафедра түлектері: Испулов Н.А., Сарымова Ш.Н. кандидаттық диссертация қорғады. Он шақты түлек магистратураны тәмамдап, факультеттің физика, математика және ақпараттық технология кафедарасында қызмет етеді, сонымен қатар ПМПИ, ИнЕУ-де қызмет жасайтындар: Ельтинова Л.А., Бектуганова Э.Ш., Пешков Е.А., Адайхан С., Курманов А.А. АҚШ-та «Болашақ» бағдарламасы бойынша Байжанов А.А. магистратурада, Науразбекоава А.С., Борсукбаева А. ЕҰУ докторантурасында оқыған. Қазіргі уақытта АҚШ-та «Болашақ» бағдарламасы бойынша Кисиков Т.Г. докторантурада оқып жүр.

Кафедра түлектері жоғары және орта оқу орындарында, ғылыми-зерттеу институтында, завод лабораториясында, өндірістің түрлі саласында қызмет жасайды.

 

Кафедра басшылығы

ФАЖ: Жүкенов Марат Қаратайұлы

Қызметі: «Физика және асапап жасау» кафедрасының меңгерушісі

Ғылыми дәрежесі: Физика-математика ғылымдарының кандидаты

Жоғары білім алған оқу орны: жоғары 1990-1995 Павлодар педагогикалық институты, мамандық: «Физика және есептеу техникасы». 2004-2008 С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің аспирантурасы, мамандық: 01.02.04 «Деформацияланатын қатты дене механикасы»

Ғылыми еңбектер тізімі: 24 ғылыми еңбек

Оқытатын пәндері: Жалпы физика, электроника негіздері, автоматика негіздері, интегралды және микропроцессорлық сызбатехника, газ және сұйықтық механикасы

Ғылыми зерттеу аясы: Магнитэлектрлік эффектімен анизотроптық ортада электромагниттік толқындардың таралуы

Байланыс телефоны: жұм.тел.: +7(7182) 673626 (ішкі 1170)

  Кафедраның мекен-жайы:

ФжАЖ кафедрасы Ломов көшесі 64, А-407 а орналасқан, телефоны: 673626 (ішкі. 1170)

 

Мамандықтар мен білім беру бағдарламалары туралы

Профессор-оқытушылар құрамы

Оқу-зертханалық базасы

 Үздік түлектер

 Кафедра жетістіктері

Ғылыми – зерттеу жұмысы

Оқу және оқу-әдістемелік жұмысы

Тәжірибелік жұмысы

Дипломдық жұмыстар/жобалар, магистрлік және докторлық диссертациялар тақырыбтары