Жаңалықтар, хабарландырулар

Іс-шаралар күнтізбесі

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
Раскрутка сайта, Оптимизация сайта, Продвижение сайта, Реклама!

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің колледжі

Мекен-жайы: Павлодар қ., Толстой көш, 99; тел: 45-38-80, факс: 45-38-80. 

С.Торайғыров атындағы ПМУ колледжі 2001 жылы Арын Ерлан Мұхтарұлы ректорының бастамасымен құрылды және университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Лицензия сериясы АА 0000038, 14.12.2001 жылдан берілген.  

 

 

 

С.Торайғыров атындағы ПМУ колледжінің директоры Ержанова Рымтай Қабышқызы, жоғары категориялы оқытушы, білім беру үздігі, Қазақстан Республикасының ОАОО-ы үшін мемлекеттік жалпы міндетті Стандарттарын құру бойынша жұмыс тобының қатысушысы, білім беру қызметкерлер ІІІ съезінің делегаты, «ҚР білім берудің Құрметті қызметкері», педагогика ғылымдарының кандидатының ғылымы дәрежесінің ізденушісі.

С.Торайғыров атындағы ПМУ колледжі — күндізгі және сыртқы оқу нысаны бойынша мемлекеттік және орыс тілінде түрлі бағыттағы мамандарды даярлауды іске асыратын көппрофильді, орта арнайы оқу орны. 

Колледждің басты мақсаты қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарына жауап беретін жоғары білікті мамандарды даярлау, ғылыми-зерттеу жұмыстарында, оқу үрдісінде белсенді қатысу негізінде жеке тұлға интеллектуалдық потенциалын қалыптастыру. 

 

 

 

 

Колледждің материалдық-техникалық базасы

2002 жылдың 15 тамызында қайта құрудан кейін ауданы 13348 шаршы метр. колледж корпусы, оған қоса 9905кв.м оқу-тәжірибелік ғимараттары іске қосылды. Материалдық-техникалық базасының жабдықталуы Білім берудің Мемлекеттік жалпы міндетті Стандарттарының талаптарына сәйкес келетін деңгейде оқу үрдісін жүргізуге мүмкіндік береді. Күймелі спорттық құрылыстардың ауданы 6534 м2 құрайды. Спорттық залдар, ауыр атлетика және спорттық күрес залдары, футболдық өрісі, жүгіртпе жолы бар стадион. Спорттық алаңдар оқу үрдісінің талаптарын қанағаттандырады, университетте, сонымен қатар қала масштабында тиісті деңгейде жаппай және сауықтыру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Колледжде С. Бейсембаев атындағы ғылыми кітапхана ашылды. Кітапхана қоры жыл сайын артуда. Материалдың репертуары электрондық мінездемеде, сөздіктер, мамандықтар бойынша анықтамалар, түрлі арнайы журналдарға қосымшасы бар диск-кейстер: электрондық рефераттық журналдар, түрлі мамандықтар бойынша электрондық оқулықтар, қазақ, орыс, ағылшын, тілдері тілдері бойынша жаттықтырушылар бар. 

Колледжде компьютерлік орталық құрылған, барлық компьютерлер интернет желісіне қосылған, Интернетке шығуды және теледидардың 54 каналдарын 5 тілде қабылдауды қамтамасыз ететін НТВ-плюс спутник теледидарының цифрлік жүйесі және коммутацияланған линиялары бар. Мудльтимедиалық кітапхана жұмыс істейді, мұнда оқушыларды оқыту үшін 250-тен астам бейне және CD бағдарламалар бар. Бірыңғай ақпараттық-телекоммуникациялық желінің негізінде есептеуіш компьютерлік желімен барлық бөлімшелер және қызметтер қамтылған, ол үшін 3 серверді басқарумен жұмыс істейтін Интернет желісі құрылған. Internet-cafe, мультимедиалық компьютерлік сыныптар ашылған.

  
 

 

Колледждің ғылыми жұмысының негізгі бағыттары

Конференцияларды өткізу және оған қатысу

 Колледж ішіндегі ғылыми-теориялық «Қазақстан ертең – жас тайпа бүгін» конференциясын өткізу дәстүрге айналды. Жыл сайын конференция қатысушыларының саны өсуде, ал баяндамалар одан әрі көкейкесті, жетілген және мазмұнды болуда; материалды мазмұндау стилі біршама жетілуде. Ғылыми-зерттеу жұмысына қатысу оқитындарға өз перспективасына кәсіби болашақ позициясынан қарауға мүмкіндік береді, жеке даралықты күшейтеді, болашақ маманның әдістемелік мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

Колледж ішіндегі ғылыми-тәжірибелік «Қазақстан ертең – жас тайпа бүгін» конференциясы дәстүрлі түрде өткізіледі. Конференция жұмысына факультет декандары, декан орынбасарлары, С.Торайғыров атындағы ПМУ алдыңғы қатарлы ғалымдары қатысады. Конференция колледж өміріндегі маңызды шара болып табылады. Колледж ішіндегі ғылыми-тәжірибелік конференциясының жеңімпаздары халықаралық «Сатпаев оқулары» конференциясына қатыса алады.  

  
 

ЖОО-н кейінгі білім беру

 Колледждегі жоғары білікті кадрларды даярлау ізденушілік арқылы іске асырылады. 16 оқытушы ізденушілер қатарында. 44 оқытушы шетел тілі, қазақ тілі, философия бойынша кандидаттық минимум көлемінде емтихан тапсырды. 2006 жылы алдыңғы қатарлы университеттің бірі Сібір-Томск мемлекеттік университетінде тарих оқытушысы Раздыков С.З. кандидаттық диссертацияны сәтті қорғады. Ғылыми-әдістемелік қызметтің міндеттерінің бірі – қазақ және орыс тілдерінде шығарылатын оқу-әдістемелік әдебиеттің басылымы. 

Колледж оқытушылары ғылыми-зерттеу жұмысында кәсіптік шеберлікті арттырудың тиімді жолдарын көреді. 

Ғылым дәрежесін ізденушілерге сапалы және мақсатты бағытталған көмек көрсетіледі. Олар қажетті іс-сапарға және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін шығаруға материалдық көмекке ие бола алады.

Білім беру үрдісінің оқу-әдістемелік қамтуын құру

Оқытушылар дәрістер курстарын, тәжірибелік және зертханалық сабақтарды өткізудің әдістемелік нұсқауларын, пәндерді оқу, дипломдық жобалауды, бақылау және курстық жұмыстарды орындау бойынша құралдарды, тесттерді құрастырды. Біздің оқытушыларымыз басып шығарған оқу және оқу-әдістемелік құралдардың саны арттырылды. 

Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысы

Ғылыми-зерттеу жұмысының тиімділігін жоғарылату мақсатында колледжде оқушылар мен оқытушылардың үлкен санын зерттеуге қарату үшін колледжде Ғылыми қоғам және жас ғалымдар Кеңесі жұмыс жасауда. 

 

 

 

 

Оқу жұмысы

Колледждің педагогикалық ұжымының оқу жұмысы – педагог пен оқушының өзара әрекетінің мақсатты бағытталған үрдісі. Осы үрдіс барысында оқушылардың өздігінен білім беру әрекеті және оқу-танымдықпен бірлестігінде оқытушының оқу-тәрбиелік әрекеті іске асырылады. 

С.Торайғыров атындағы ПМУ колледжінің педагогикалық ұжым жұмысының негізгі міндеті білікті мамандарды фундаментальды даярлаудың жоғары дәрежесін қамту, оқу жұмысында оқушылардың белсенділігін бағалау. 

Қабылдау қазақ және орыс тілінде күндізгі және сыртқы оқу нысаны бойынша 10 мамандық бойынша іске асырылады:

0640002 — Дизайн (профиль бойынша), біліктілік: Дизайн бойынша суретші-шебер;

0705002 — Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит (салалар бойынша), біліктілік: Экономист-бухгалтер;

0712002 — Менеджмент, біліктілік: Менеджер;

2103002 — Электр станциялар мен подстанциялардың электрлік жабдықталуы, біліктілік: Техник-электрик;

2105002 — Электрмен жабдықтау (салалар бойынша), біліктілік: Техник-электрик;

2201002 — Жылу электр станцияларының жылуэнергетикалық орнатулары, біліктілік: Техник-теплотехник;

2405002 — Автомобильдік көлікті эксплуатациялау, қызмет көрсету және жөндеу, біліктілік: Техник-механик;

3704002 — Ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған жүйелері (салалар бойынша), біліктілік: Техник-программист;

4303002 — Ғимараттар мен құрылыстарды құру және эксплуатациялау, біліктілік: Техник-құрылысшы;

2405002 — Түсті металлдар металлургиясы, біліктілік: Техник-металлург;

Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» заңына сәйкес колледжде мемлекеттік тілде оқитын топтар ашылды. Мемлекеттік тілде оқыту келесі мамандықтар бойынша жүргізіледі: 

3704002 «Ақпаратты өңдеудің және басқарудың автоматтандырылған жүйелері»;

0705002 «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит»;

2103002 «Электр станциялар мен подстанциялардың электрлік жабдықталуы».

Оқушылар үлгерімінің өсуі түлектерді даярлау деңгейінің жоғарылауын куәландырады, бұл көбінде оқытудың тиімді технологияларын қолданумен, колледж оқытушыларының университет кафедраларымен өзара әрекеттесуімен, оқытушылардың кәсіптік деңгейінің өсуімен, педагогикалық ұжымның шығармашылық белсенділігінің жоғарылауымен түсіндіріледі.

ПМУ колледжі — бұл білікті оқытушылар құрамы. Оқушыларға негізгі білімді 142 оқытушы береді: жоғары категориялы — 46, бірінші — 14. 

Өз білімін оқушылар олимпиадаларда, шығармашылық сайыстарда, ғылыми-тәжірибелік конференцияларда растайды: 2007-2008 оқу жылы Махамбет оқулары республикалық сайысында — 2 орын, «Цветаевские чтения» облыстық сайысында — 5 жүлделі орын, құқықтану пәндері бойынша облыстық олимпиада 1 орын, «Тарих білгірлері» облыстық олимпиада — 3 орын.

Педагогикалық ұжым жұмысының нәтижесі мемлекеттік аттестацияда колледждің бітіруші курс оқушыларының көрсеткен жоғары білім сапасы болып табылады. 

Колледждің педагогикалық ұжымының ғылыми-әдістемелік жұмысының нәтижесі «Қазақстан Республикасының үздік ғылыми-әдістемелік қызметі» атты сайысында қатысқаны үшін 2008 жылдың қыркүйегінде берілген 2 дәрежелі диплом. 

Мәдени және спорттық өмір

Біздің колледжіміз оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Колледжде сіз шығармашылық сайыстарда, дизайнерлік өнердің көрмесінде, фотокөрмелерге қатыса аласыз. Пікір-талас клубының, колледждің КТК командалары «X-Ray», «Пресс-центр», «Ажар» жастар орталығының жұмысы ұйымдастырылды. Жыл бойы өзінің сазгерлік өнерін, би қабілеттерін көрсетуге және жалпықалалық жастар акцияларында қатысуға мүмкіндік беріледі.

Колледждегі спорттық өмір алуан түрлі және қызық. Жыл сайын «Денсаулық күні», түрлі спорттық іс-шаралар өткізіледі: мини-футбол, үстелдік теннис, баскетбол.

С.Торайғыров атындағы колледжінің командасы колледждер арасындағы VІ облыстық спартакиадасына қатысты. Оқушылар спорттың келесі түрлері бойынша жарысты: баскетбол, волейбол, «Президенттік миля», үстелдік теннис, гирдік спорт, «Президенттік күрес». Жалпы сынақта облыс колледждерінің спорттық командалары арасында колледждің ұлдар командасы 1 орынға, қыздар командасы 1 орынға ие болды.

Оқушылардың құқықтық білім беруі қазақ және орыс тіліндегі барлық бөлімдерінде құрылған құрамына 7 клуб кіретін «Фемида» құқықтық орталығында жүзеге асырылады.

Колледжде студенттік өзін-өзі басқару декадасын өткізу дәстүрге айналды. 10 күн ішінде оқушылар колледждің қожайындары болып келеді. Бұл күндерде немқұрайлы, жауапсыздар болмайды, әркім бір-біріне барша назарын аударады. Декада мақсаты – оқушының әлеуметтенуі, олардың басқару мәдениетінің жетілдірілуі, оқушылардың еркіндігін және құқығын қорғаудың мәселелерін шешу.