Лицей ПМУ: оқушылардың жетістіктері





Лицей жыл сайын ҰБТ-де Қазақстан Республикасының 100 үздік мектептерінің ондығына кіреді. 2011 жылы ҰБТ-дың нәтижесі бойынша облыста 2-орын, Республикада 5-орынға ие болды, орташа балл – 114,2, қазақ тілінде білім алатын сыныптарда орташа балл-110, орыс тілінде білім алатын сыныптарда орташа балл – 116,5. 4 оқушы жалпы орта білім беру аттестатын «Алтын белгіге» және 7і үздік аттестатқа үміткерлер өз бағаларын бекітті. ҰБТ-ді тапсырған 59 түлек 100 балдан жоғары жанады,бұл 97% құрады. 56 оқушы грант алды, ПМУ-ға 12-і түсті. Ең көп балл жинағандар: Асанова Альбина 125 балл алса, Хисматулина София, Аймаганов Дархан 124 балл жинады.


