Орталық тарихы
Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығы 2004 жылдың мамыр айынан бері жұмыс істейді. Бұл орталық Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің шығармашылығы мен өмірін зерттеу мақсатымен ашылған.
Бүгінгі күнге дейін ақынның 5 томдық таңдамалы шығармаcы орыс, ағылшын тілдеріне аударылып жарық көрді. 20 том шығармалар жинағы шығарылды. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларын аудару мәселесі бойынша элективті курсқа арналған оқу әдістемелік құралы дайындалуда.
Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің өмірі мен шығармашылығын зерттеп жазған еліміздің түкпір-түкпірінен шыққан атақты ғалымдар мен академиктардың мақалалары теріліп басылған «Мәшһүр тағылымы» деп аталатан жинақтың 1,2 томдары, үлкен және қысқаша энциклопедиялар, библиографиялық көрсеткіштер жарыққа шықты.
7 жыл көлемінде орталық осындай жетістіктерге ие болды: 3 томдық таңдамалы шығармалары орыс, ағылшын тілдеріне аударылып жарық көрді. 20 том шығармалар жинағы шығарылды. Мәшһүр Жүсіптен мектеп оқушылары ғылыми жоба жазып, олатрдың алды республикаға танылуда.
Орталықтың қызметкерлерінің еңбектері
Байланыс деректері:
Павлодар қ., С. Торайғыров атындағы ПМУ, Ломов көшесі, 64
БОҒ, кабинет 227.


















































