ЭжҚД директорының жоспарлы-қаржылық қызметі бойынша орынбасары – Татенова Алия Қанатқызы
Іс-әрекетінің бағыты
Экономика және қаржы департаментінің Жоспарлау-қаржы бөлімінің қызметі мына жұмыстарды атқаруға бағытталған:
- Қаржылық жылға ЖОО бюджетін жасау.
- С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың даму жоспарын жасау, бекітілген жоспарға түзетулер мен өзгерістер енгізу.
- Ағымдағы қаржылық жыл мен өткен кезеңдердегі ЖОО-ның даму жоспары мен бюджетінің орындалу мониторингін жасау.
- Қаржыландыру көздері негізінде ақша қаражатының түсуі мен қозғалысының есебін жүзеге асыру.
- Контингенттің нормативтік қатынасына сәйкес қызметкердің категориясы бойынша штаттық санды бөлу.
- ЖОО-ның құрылымына сәйкес қызметкердің категориясы бойынша штаттық кестені құру, бекітілген тәртіп бойынша өзгерістер енгізу.
- Еңбек өтілі есебінде лауазымдары бойынша қызметкерлерге тарификация жасау.
- Еңбек төлемі қорының жоспарлануы мен талдауы.
- Қызметкерлерге арнайы төлемдерді бекітуге жасалатын бұйрықтардың жобасын дайындау.
- Штаттың нақты ауыстыру есебін жүргізу.
- ЖОО қызметінің бағыттары бойынша шығыс сметасын құру.
- Білім беру және басқа да ақылы қызметтердің баға көрсеткіштерін жасау.
- Қаржыландырудың көзі мен оқу түрінің негізінде білім алушылардың контингентінің қозғалысын есепке алу.
- Шәкіртақы қорының, жол жүруге берілетін жеңілдік өтемақысын төлеудің, академиялық ұтқырлықтың, шет елдерден мамандарды тартудың қажеттіліктерінің есептерін жасау.
- ЖОО-ға шаруашылық қызмет көрсетудің келісім шарттарын жасау бойынша есеп пен тапсырыстарды дайындау, келісімшарттың орындалуын бақылауға алу.
- Жылжымайтын мүлік нысандарын қамтуға кететін шығынның есебі мен талдауы.
- Ғимаратты жалға берушілермен коммуналдық қызметтерге келісімшарт жасау, жалға берушілермен есептесудің талдауы мен есебі.
- Қаржылық-шаруашылық қызметтер мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметтеріне ақпараттық және кеңестік қолдау көрсету.
- Бөлім қызметінің салалары бойынша локальды нормативті құжаттарды дайындау.
- Бөлімнің кіріс құжаттарын қабылдау, тіркеу және орындау, шығыс құжаттарын дайындау, тіркеу және жіберу.
- Ғылыми кеңесте, ректоратта және басқа да басқару органдарының мәжілістерінде қарастыру үшін бөлім қызметінің бағыттары бойынша материалдар дайындау.
- Университет басшылығының тапсырмасы бойынша бөлім қызметінің бағыттары бойынша ақпараттар дайындау.
- Бөлім қызметінің бағыттары бойынша жұмыс нәтижелері туралы ағымдағы және жылдық есептерді дайындау.
Жоспарлау-қаржы бөлімінің негізгі міндеттері:
ЖҚБ негізгі міндеттері мыналар:
- ақша қаражатының түсуі мен шығысын жоспарлау;
- ЖОО-ның қызметінің қаржылануын ұйымдастыру;
- штаттық санды және еңбек төлемі қорын жоспарлау;
- қаржылық-шаруашылық қызметті талдау;
- құжаттар жүргізу және бөлім қызметінің бағыттары бойынша есептер дайындау.
Бөлім қызметкерлері:
309а каб. (ішкі телефон 1138, сыртқы телефон 67-36-52)
Рахметова Асель Сериковна - 1-санатты экономист (біліктілігі жоғары деңгейлі)
Айтчанова Инкара Сериковна - Экономист (біліктілігі жоғары деңгейлі)










































