“Есептеу техникасы және бағдарламалау” кафедрасы: мамандықтар және мамандандырулар туралы
5В070400 — Есептеу техникасы және бағдарламалау қамсыздандыру
Мемлекеттік лицензия АА № 0000038
Аталған мамандық бойынша студенттер терең білім мен адам қызмет ететін түрлі салаларда ақпаратты өңдеудің, басқарудың компьютерлік жүйелерін жасауға және пайдалануға бағытталған құралдарды, әдістерді және тәсілдерді қолдану машықтарына ие болады.
"Есептеу техникасы мен бағдарламалау қамсыздандыру" мамандығы бойынша бітірушілердің кәсіби еңбегінің объектісі болып төменгілер саналады:
- есептеу машиналары, кешендер, жүйелер және желілер;
- есептеу техникасы құралдары мен ақпараттық жүйелерді (бағдарламалар, бағдарламалық кешендер мен жүйелерді) бағдарламалық қамсыздандыру;
- автоматтанған басқару жүйелері.
Кәсіби қызмет түрлері:
- жобалау-конструкторлық;
- өндірістік-технологиялық;
- эксперименталды-зерттеу;
- ұйымдастырушылық-басқару;
- эксплуатациялық.
Бітірушілердің академиялық дәрежесі — есептеу техникасы және бағдарламалау қамсыздандыру бакалавры. Бітіруші терең білім мен адам қызмет ететін түрлі салаларда ақпаратты өңдеудің, басқарудың есептеуіштік жүйелерін жасауға және пайдалануға бағытталған құралдарды, әдістерді және тәсілдерді қолдану машықтарына ие болады.