С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің колледжі
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Республикалық мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Колледж
Тұратын орны: Павлодар қ., Толстого, 99; тел: 57-20-53
С.Торайғыров атындағы ПМУ колледжінің сайты
С. Торайғыров атындағы ПМУ колледжі 2001 жылы ректор Арын Ерлан Мұхтарұлының бастамасымен құрылды. С. Торайғыров атындағы ПМУ колледжі университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Лицензиясы, сериясы АА 0000038, 14.12.2001 жылы берілді.
С. Торайғыров атындағы ПМУ колледжінің директоры Ержанова Рымтай Қабышқызы, доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты, ағарту үздігі, Қазақстан Республикасының ОАОО арналған мемлекеттік жалпыға міндетті Стандарттарды құру бойынша жұмыс тобына қатысушы, білім жұмыскерлерінің Ш съездінің делегаты, «ҚР білімінің құрметті жұмыскері».
Колледж қызметінің негізгі мақсаты қазіргі еңбек нарығының талаптарына жауап беретін жоғары білікті мамандарын дайындау, оқу үрдісінде, ғылыми-зерттеу жұмысына белсенді қатысу негізінде тұлғаның интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыру, оқушыларды өздік оқыту әдіснамасына баулу.

ОҚУ ҚЫЗМЕТІ
Колледждің педагогикалық ұжымында оқу жұмысы – оқушылардың оқу-танымдық және өздігінен білім алумен, оқытушының оқу-тәрбие қызметінің бірлігінде іске асырылатын оқушылар мен педагогтердің өзара әрекетінің мақсатқа бағытталған процесі.
С. Торайғыров атындағы ПМУ колледжінің педагогикалық ұжымының оқу қызметінің негізгі міндеті- білікті мамандарды күрделі дайындаудың жоғары деңгейін, оқушылардың оқу жұмысындағы белсенділік бағасын қамтамасыздандыру болып табылады.
2012-2013 оқу жылында оқу 13 мамандық бойынша күндізгі және сырттай оқу түрі бойынша орыс және қазақ тілдерінде жүргізіледі.
Оқушылар үлгерімінің өсу динамикасы мамандар дайындау деңгейін арттыру туралы куәландырады, ол оқытудың тиімді технологияларын қолдану, колледж оқытушыларының университет кафедраларымен өзара әрекеті, оқытушылардың кәсіби деңгейінің өсуі, педагогикалық ұжымның шығармашылық белсенділігін арттыруда байқалады.
ПМУ колледжі – бұл білікті оқытушылық құрам. Бүгін колледжде – 65 оқытушы бар, оның ішінде: педагогика ғылымдарының кандидаты – 1; Білім үздігі - 1; ҚР құрметті жұмыскерлері – 3; жоғары санатты оқытушылар - 37, бірінші санатты - 15, магистрлер - 7, магистранттар - 5.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ


2011 жылы с. Торайғыров атындағы ПМУ колледжінде ғылым апталығы шеңберінде Омск автожол колледжінен әріптестер қатысты. Рессейден келген әріптестер «Автомобиль көлігін жөндеу, пайдалану және техникалық қызмет көрсету» мамандығының оқушыларына арналған шебер-класс берді, оларға ПМУ колледжінің әріптестерімен тәжірибе алмасу бойынша кездесу ұйымдастырылды.