Жаңалықтар, хабарландырулар

Іс-шаралар күнтізбесі

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
23 24 25 26 27 28 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Раскрутка сайта, Оптимизация сайта, Продвижение сайта, Реклама!

Психология және педагогика кафедрасы

Кафедраның құрылу тарихы

Психология және педагогика кафедрасы 2004 жылдың сәуір айында құрылды, кафедра меңгерушісі болып Кертаева Калиябану Махметқызы тағайындалды. Қазіргі уақытта кафедра С.Торайғыров атындағы филология, журналистика және өнер факультетінің құрамына кіреді.

Алғаш құралған кезде кафедра құрамында 11 оқытушы, оның 3-еуі педагогика ғылымдарының докторлары, 1 педагогика ғылымының кандидаты, 1 философия ғылымының кандидаты, 3 аға оқытушы, 3 оқытушы жұмыс істеді. Қазір кафедра орнықтылығы 80 пайызды құрайды.

Кафедра жұмысының бірінші жылында студенттер саны 94.

2005-2006 оқу жылында студенттер маны 158.

2006-2007 оқу жылдарында 234 студент білім алды.Осы жылғы 1 қыркүйекте студенттер саны 156.

Кафедра студенттері ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді түрде араласады.

 

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары

2004 жылы

«Прометей» бағдарламасы бойынша «Становление и развитие образования в крае Кереку-Баян» п.ғ.к., доцент Е.И.Бурдинаның басқаруымен студенттердің ғылыми-зерттеу тобы: А.М.Әбелдинова, И.В.Лукьянова, В.И.Пронькина, Ю.В. Плетюхиналар бірге еңбектеніп кітап даярлап, нәтижесінде академик Ә.Х.Марғұланның 100–жылдығына арналған конференцияда кітаптың тұсаукесері өтті.

2006-2007 жылдар

БП — 32 тобының студенттері М.Магомедова, Ю.Редько, Г.Балина және топ жетекшісі п.ғ.к., доцент М.В.Семенова «Прометей» жобасының байқауына қатысып, 100000 теңге грандтты жеңіп алды.

Педагогика және психология кафедрасының студенттері психология және педагогикадан жыл сайын өтетін Республикалық олимпиадаларға қатысады. 2005, 2008 жылдары психологиядан үшінші жүлделі орын; 2008 жылы — педагогика саласы бойынша І орын және ауыспалы «Мудрая Сова» сыйлығын жеңіп алды.

Кафедраның 10 студенті түрлі арнайы стипендияларының иегерлері: ҚР Президентінің, облыс әкімдерінің, С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры және т.б. Кафедра аспиранты С.Д.Әубәкірова Қ.Сәтбаев атындағы стипендияның жеңімпазы. (2008ж)

 

 

Кафедра басшылығы

Аты-жөні: Кертаева Қалиябану Махметқызы

Лауазымы: С.Торайғыров атындағы ПМУ-гі психология және педагогика кафедрасының меңгерушісі

Ғылыми дәрежесі: педагогика ғылымының докторы., профессор

Диссертация қорғаған жері: Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіндегі диссертациялық Кеңес Д 14.05. 01

Мақалалар саны: 100 ден аса ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектері бар. Оның 2 монография, 4 оқу-әдістемелік оқу құралы, 1 — оқу құралын Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған, 3 бағдарлама.

Марапатталды: 1981 ж. «Қазақ ССР ағарту ісінің үздігі» белгісі

1991 ж. ССРО ПҒА құрмет гамотасы

1996 ж. , 1999 ж. Сорос Қорының гранттары.

2003ж. — ҚР ҒБМ құрмет грамотасы,

2005 ж. — ҚР БҒМ құрмет грамотасы.

2005 ж. — «ҚР білімінің құрметті қызметкері» белгісі.

2005 ж.педагогика саласындағы зерттеу жұмыстары бойынша Ы.Алтынсарин атындағы ІІ дәрежелі сыйлықтың иегері.

2005 ж. Жалпыуниверситеттік «С.Торайғыров атындағы ПМУ дегі Ең үздік жыл ғалымы» конкурсының жеңімпазы.

2007 ж. «ЖОО үздік оқытушы» мемлекеттік грантын иеленді.

2007 ж. Жалпыуниверситеттік «С.Торайғыров атындағы ПМУ дегі Ең үздік жыл ғалымы» конкурсының жеңімпазы.

2008 ж. Педагогтық білім берудегі шығармашылық табыстары үшін ғылыми ізденістер саласында жаңа заман талабына сай білім беруде және Академия жұмысына белсенді араласқаны үшін Халықаралық академияның дипломымен марапатталды.

Қосымша ақпарат: . Е.А.Бөкетов атындағы 14.50.05 БД біріккен докторлық Кеңес мүшесі. Педагогика саласында білім берудің Халықаралық академиясының корреспондент — мүшесі, Акмеология ғылымының Халықаралық Академиясының корреспондент-мүшесі.

 

 Кафедраның орналасқан мекен-жайы: Павлодар қ., Ломов к-сі, 46 үй, каб. 149. тел 45-12-15 (ішкі — 139).

 

 

Мамандықтар және мамандандырулар туралы

 

Профессор-оқытушылар құрамы