Саяси зерттеулер аймақтық орталығы 05.10.06 ж. № 1-02-06/747 бұйрығымен С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қарамағында ашылды. 2009 ж. орталыққа ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Т.С. Садықовтың аты берілді. Ол жоғарғы білімнің ұлттық жүйесі дамуына үлкен үлес қосқан, атақты, көрнекті қоғамдық және мемлекеттік қайраткер еді.
Түрлі кезең мен дәстүрге жататын әлемдік саяси жүйелер мен институттарды салыстыру, саяси дамудың формалары сияқты мәселелер орталықтың негізгі мақсаты болып табылады.
Орталықтың бірінші жетекшісі – Ғабит Нәжмединұлы Иренов (2007 – қаңтар 2013), саяси ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ӘҒА академигі, бұл орталықтың пайда болуына септігін тигізді. Ғ. Н. Иренов барлық білімі мен күш-жігерін аталмыш ұйымның қалыптасу ісіне салды. Оның бастауымен орталықта бірнеше монографиялар, оқулықтар мен оқу құралдары құрастырылып шықты. Ғабит Нәжмединұлының еңбектері әрдайым газеттерде, конференциялар жинақтарында, ғылыми журналдарда басылды, бұл жеңбектердің 80% қоғам консолидациясына, республиканың егемендігі мен тәуелсіздігіне, ұлттық саясат пен ұлтаралық қатынастарға, идеологияға, саяси партияларған арналған.
Әлеуметтану және саясаттану кафедрасының оқытушыларының біліктілігін арттыру елеулі еңбектерінің бірі болып табылады. Ол кандидаттық диссертацияларды қорғау бойынша ғылыми жетекшілік қызметін атқарды, орталықта кеңес пен бағыт-бағдар берілді, нәтижесінде 5 ізденуші кандидат және 1 ізденуші саяси ғылымдардың докторы болды.
Ғалым-саясаткер және облыстың жетекші идеологы бола тұра, Ғабит Нәжмединұлы аймақтың және жоғары оқу орнының қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысты. Ол Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттің және Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеттің докторлық және кандидаттық диссертацияларды қорғау бойынша Диссертациялық кеңестің мүшесі болды.
КСРО, Румыния елдерінің медальдарымен, «Белсенді жұмыс үшін» белгілерімен, Қазақстан білім беру ісінің «Құрметті қызметкері» белгісімен, КСРО, Кеңес әскерінің, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің, Қазақстанның білім және ғылым Министрлігінің, Павлодар облыстық партия, атқару комитеттерінің, Кәсіподақ басқармаларының, Павлодар облыстық, Екібастұз қалалық маслихаттарының құрмет грамоталарымен, мақтау хаттарымен, жоғарғы мамандандырылған педагогикалық кадрларды даярлау үшін (2009), С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің конкурсы бойынша «Үздік профессор» (2004), «Үздік оқытушы» (2007), «Гран-при» (2007) атақтарының иегері, С. Торайғыров атындағы Алтын медалімен (2010), «Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтына 50 жыл» медалімен (2012) марапатталды.
Орталық қызметінің басты мақсаты жаңа көзқарастарды өңдеу, яғни олар түрлі кезеңдер мен дәстүрлерге жататын әлемдік саяси жүйелер мен институттарды салыстыруға өз септігін тигізеді.
Жалпы университеттік Бағдарламалар аясында ғалымдар, саясаттанушылар мен ізденушілердің назарын кең ауқымды саяси өмірдің салыстырмалы зерттеу әдісіне, демократиялық трансформациясының бөлек жақтарына аудару қажет; жеке басымыздың аймақтық мектептебінің негізін салып, ұжымдық еңбектер мен оқу-методологиялық кешенді дайындап, ғылыми-педагогикалық кадрларды нығайту керек.
Келесі атап өтетін маңызды мәселелерінің бірі – әлемде болып жатқан жаһандану үрдісіне, бұл үрдістің қарама-қайшылықтары мен оған қатысты әлем жауабына ғылыми және саяси баға беру болып табылады. Бұл жағдай өз кезегінде ғылыми ұжымды, зерттеушілердің арасында тұрақты коммуникативті ортаны қалыптастыру, теориялық және эмпирикалық мәселелер жөнінде ақпаратпен алмасуды, бұл шараларға ғалым-қоғамтанушыларды, докторанттарды, магистранттар мен студенттерді қатыстыру қажеттілігі туып отыр.
Сондықтан да, ізденушілердің басты қызметі келесіге бағытталуы қажет:
- саяси өмірді пайда болу формасына қарай зерттеу;
- саяси қатынастардың қалыптасуы мен іске асу механизмін зерттеу;
- өзгермелі кеңістіктегі саяси үрдістерге талдау жасау;
- саяси институттарды әрекет барысында қарастыру;
- әлемдік саясатта жинақталған тәжірибені шығармашылық тұрғыдан талдау және қолдану;
- түрлі саяси жүйелерді салыстыру және талдау;
- қоғамның дамуындағы басты бағыттарындағы құбылыстар мен жағдайларды болжау;
- қоғамдық-саяси күштердің бірігу принциптерін анықтау;
- саяси көзқарастар мен идеалдарды қалыптастыруға әсер ететін саяси бағдарламалар мен платформаларды өңдеу;
- өзге әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдармен әрекеттесу;
- саяси ғылымды зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістерін өңдеу;
- саяси үрдістердің эволюциясын және қоғамның ерекше үлгілерін талдаудың теориялық базасын құру;
- тапсырыс беруші және сатып алушы мемлекеттік және қоғамдық-саяси органдар болып табылатын зерттеудің нәтижелерін практикалық қолдану;
- барлық деңгейлерде мемлекеттік және саяси көшбасшылар мен саяси шешімдерді қабылдауы үшін ұсыныс жасау;
- демократиялық саяси қатынастар және азаматтық қоғамды қалыптастыру;
- азаматтардың саяси менталитеті мен мәдениетін өзгертетін факторларды анықтау;
- саяси дәстүрлер рөлін, оның қалыптасуы мен қызмет етуі механизмін;
- консолидациялық үдерістерді қамтамасыз ету бойынша саяси жанжалдарды шешу жолдары;
- этносаяси үдерістер жэне ұлтаралық қатынастарды фундаменталды зерттеу.
Білім беру және ғылыми-зерттеу іс-әрекетін біріктіруін дамыту үшін келесі бағыттар бойынша жұмыс жүзеге асырылуы тиіс:
- орталық қызметкелерінің ғылыми жинақтар мен реферат басатын журналдарда жариялануларын қолдау;
- қосымша қаржыланатын ғылыми және білім гранттары конкурстарына қатысу («Посткеңестік кеңістіктегі этносаяси проблемалар тәуелсіздік Қазақстанның төл халқының әлеуметтік-саяси мәртебесін зерттеу контекстінде» тақырыбы бойынша № 1088 мемлекеттік бюджет ҒЗЖ бойынша зерттеу жұмысы атқарылуда;
- ЖОО, аймақтық және халықаралық деңгейдегі ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру, жүргізу және оларға қатысу;
- саясаттанушылық білім саласында қызметкерлердің ғылыми және әдіснамалық деңгейін арттыру мақсатында кафедра оқытушылары, докторанттары және магистранттарының ғылыми деңгейлерін арттыру үшін қажетті ғылыми-теориялық семинар ұйымдастыру;
- әлеуметтану және саясаттану кафедрасының профессор-оқытушылық құрамымен бірлесіп ұжымдық монографияларды дайындап, жариялау.
Орталықтың маңызды бағыты магистранттар мен студенттердің ғылыми жұмысын ұйымдастыру. Ол үшін магистранттар мен студенттерді белсенді ғылыми жұмысқа тарту, зерттеу жобалары бойынша жұмысына қатысу, студенттік конференцияларға, шығармашылық жұмыстар конкурстарына, ЖОО-аралық конференцияларында жеке зерттеулері нәтижелерінің тұсаукесеріне қатысу арқылы зерттеу және талдағыш қабілетін дамыту; студенттік ғылыми шығармашылықтың белсенді формаларын, студенттерді орталықтың ғылыми зерттеулерін орындауға тарту арқылы, ғылыми конференцияларға біріккен баяндамалар дайындау және біріккен ғылыми жұмыстарды жариялау арқылы дамыту қажет.
Т.С. Садықов атындағы СЗАО мекен-жайы: Павлодар қаласы, Ломов көшесі 64-үй, кабинет А 442, телефон: 673685(ішкі 1290).
СЗАО-да шығарылған монографиялар мен оқу құралдары:
![]() |
Саналуан көріністегі саяси шындық. Монографияда өткен ғасырдың екінші жартысы мен жаңа ғасырдың басындағы Қазақстанның саяси ғылымының әр бағытының теориялық-әдістемелік зерттеу базасын, жалпығылымдар саласындағы ғалым-саясаткерлердің шығармашылық көзқарастарын, саясаттанудың жеке ғылым болып қалыптасуын қарастырылған. «Саналуан көріністегі саяси шындық» монографиясы оқытушылар, аспиранттар, магистранттар мен студенттер үшін саяси ғылымдар пәні бойынша қосымша материалдар ретінде берілген (Павлодар: Кереку, 2008. – 305 б.).
|
![]() |
Де-и-реидеологизация саясаты. Монографияда 60 жылдардың 2 жартысынан идеологизация, 80 жылдардың ортасынан деидеологизация және реидеологизация бүгінгі күнге дейін айқындалады, идеологиялық іс-әрекеттін саласында көп жылдар бойы еңбек еткен идеологтың, теоретик-практиктің тәжірибесі жалпыланған. Автор идеологияның теоретикалық аспектілерді, оның өткен замандағы, бүгінгі таңда және келешектегі рөлін, егемендіктердің ерекшеліктерін, идеологиялық қағидалардың және кеңес билігі кезінде азаматтардың өмірінің тығыз тоғысуы, қоғамның трансфармациясын пікірлерінің үгіт-насихатын қарастырады. Еңбекте тәуелсіз Қазақстан Республикасының даму шартындағы қоғам өміріндегі дәріс үгіт – насихатының мәніне толығырақ талдау жасалады, идеологиялық қызметтерінің жаңа инфрақұрылымдарының ақпараттық-аналитикалық іс-әрекеттерінің рөлі айқындалады. Ұсынылған монография оқытушылардың, аспираттардың, магистранттардың, студенттердің және Павлодар Ертіс маңындағы идеолог-практиктердің тарихымен айналысатын барлықтардың мүддесін жақтайды. (Павлодар: Кереку, 2008 – 326б.) |
![]() |
Саяси ілімдердің әлеуеті және студенттердің өзіндік жұмыстарының белсенділігі (2-ші басылым). Оқу әдістемелік құрал саяси пікірлердің қалыптасуының кейбір әдістемелік негіздерін және студенттердің өзіндік жұмыстарының ұйымдастыру мәселелерін қарастырады. Ұсынылған жұмысында интернаттың тәрбиешісінен мектептің, педучилищенің, ЖОО-ның басқарушысына дейін ұзақ өмір жолын өткен, ПМУ профессорының, саясаттанушы-оқытушының ұсыныстары беріледі. Кітаптың мақсаты- саяси білімдерді алу және тереңдетуде, шығармашылық әрекеттерді белсендетуде, оқу үрдісінің интенсификацияда әрекеттік жәрдем көрсету. Сонымен қатар оқу құралы оқытушылар мен ұстаздарға, аспирант пен магистарттарға, іздестірушілерге, студенттерге, мектеп пен колледж оқушыларына – Батыста, Кеңестік кейінгі кеңестікте, егемен Қазақстан Республикасының даму шартында саяси ғылымның тарихының қалыптасуы мен дамуымен сонымен қатар оқу орындарында саясаттанудың оқыту әдістемелердің негіздерімен айналасатын барлықтарына ұсынылады. (Павлодар: Кереку, 2007 - 160 б.) |
![]() |
Арын Р.С., Иренов Г.Н. Этносаясаттану: оқу құралы. Ұсынылған оқу құралы этногенез теориясын зерттеудің теоретика әдістемелік негіздерін, мемлекет құрайтын таза этностың және оның эволюциясының мәселелеріне концептуалды жақындауы, тәуелсіз Қазақстан Республикасының даму шартында ұлттық саясаттың іске асыру механизмдері және Қазақстан қоғамдағы саяси тұрақтылықтың, ұлтаралық келісімдердің, бірліктің қамтамасыз ететін идеялық-консолидациялық қағидаларды қарастырады. (I,II,III,IV бөлімдерінде дайындаған Арын Р.С., V, VI, VII бөлімдерді дайындаған Иренов Г.Н.) Оқу құралы этносаяси үрдістердің жағдайларын және ұлтаралық шиеленістерді шешудің жаңа жолдарын табуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол оқу құралы мен оқу-методикалық комплексті қосады, біздің ойымызша, «саясаттану» мамандығының студенттері, оқытушылары өздерінің этногенезис және этносаясаттану мәселелерін байланыстым әселелерді қарастыруға және шешуге көмектеседі. (Павлодар: ЭКО, 2008. – 285б.). |
|
|
Арын Е.М., Айтмұхамбетов Т.К., Иренов Ғ.Н., Асқаров Б.Б. Қазіргі геосаяси негіздегі Қазақстан мен Евроодақ: монография. Монографияда геосаяси үрдістің түрлі аймақтарда көрініс табуы, олардың құқықтық біржақты және екіжақты ынтымақтастығы, психологиялық және шығармашылық атмосферасы, Қазақстан мен Еуроодақтың ұзақ мерзімді Бағдарламасы негізіндегі қарым-қатынасы, Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-да төрағалығы, әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау сияқты мәселелер қарастырылады (Павлодар «Кереку», 2010 – 202 б.).
|
|
|
Aryn E.M., Irenov G.N., Aryn R.S. Ethnopolicy: problems and searches. The offered monograph considers theoretical and methodological bases of ethnogenesis theory research, concepts about ethnopolitical science, conceptual approaches to problems of the constituent titular ethnos and its evolutionary national policy realization mechanism in the conditions of independent development of the Republic of Kazakhstan and ideologically-consolidated principles of political stability maintenance, the interethnic consent and unity in Kazakhstan society.
|
|
|
Иренов Ғ.Н., Арын Е.М., Иренов К.Н. Қазақстан мен Ресей: көпғасырлық дәстүрлер, сабақтастық және серіктестік қатынастар: монография. Монографияда Бөкей ордасының құрылғанынан бастап бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының тарихи жағдайы мен негізгі бағыттары жан-жақты қарастырылған. Саяси әлемдегі Қазақстан мен Ресей серіктестік қатынастарының жаңа үрдістері бейнеленген. Мемлекеттіліктің қалыптасуындағы белгілі мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлердің стратегиялық рөлі айқын көрсетілген. Сондай-ақ, әкімшілік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени өзгерістер, Әбілхайыр хан, Жәңгір хан және Мұхамеджан Бекмұхамедов сияқты қазақ елінің атақты тұлғалардың көзқарастарының қалыптасуы кеңінен талқылануға алынады. |
|
|
Құрастырушы Ғ. Н. Иренов Б. 1, Б. 2. «Саясаттану» пәні бойынша бакалавриаттың барлық мамандықтар студенттеріне арналған 2 бөлімнен тұратын оқу құралы. Әр тақырып бойынша қысқаша қорытынды ұсынылып, өзіндік тексеру мен бақылауға арналған сұрақтар мен тәжірибелік тапсырмалар, глоссарий берілген. Бұл оқу құралымен қоғамдық-саяси пәндерді оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен студенттер пайдалана алады.. (Павлодар: Кереку, 2013. Б. 1 – 365 б.; Б. 2 – 235 б.)
|
|
|
Иренов Г.Н., Акишев А.А. және т.б. Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның этносаясаты: монография. Ғылыми монографияда Қазақ Республикасының ұлттық саясатымен байланысты мәселелер кешені қарастырылады. Өз қатарына саясаттанушыларды, әлеуметтанушыларды, философтарды, тарихшыларды, дінтанушыларды, экономистерді қосатын авторлар ұжымымен теориялық пен тәжірибелік аспектіде көпқырлы этносаясат мәселелерінің қиын сұрақтары зерттелген. Монография ұлттық саясат міселелерімен айналасатын мамандарға, мемлекеттік қызметшілерге, оқытушыларға, докторанттарға, магистранттар мен студенттерге арналған. (Караганда: ТОО Litera, 2013. – 313 б.)
|













































