loading
 
 

Сізді С.Торайғыров атындағы ПМУ-де қандай факторлар қызықтырады?










Нәтижелер
 

Жүйеге кіру үшін тіркеліңіз

Қазіргі уақытта порталда 1033 қонақтар 
 
 

“Құқықтану” кафедрасы: Профессор-оқытушылар құрамы

 

Құқықтану кафедрасының кадрлық потенциалы:

З.ғ.д., Косанов, з.ғ.к., доцент Ахмеджанова Г.Б., з.ғ.к. Иксатова С.Т., з.ғ.к. Бахралинов А.С., з.ғ.к., доцент Олжабаев Б.Х, з.ғ.к.,  доцент Жетписов С.К., з.ғ.к. Смагулов Е.Б., з.ғ.к. Дубаев Р.М., з.ғ.к. Бастемиев С.К.,  саяси ғылымдар кандидаты, аға оқытушы Воронова Т.Э., доценттер Дубовицкая Л.С., Тасбулатов М.К., Бегимтаев А.И., Шалдыбаев Ж.А. және т.б..

 

 

Дубовицкая Людмила Степановна

С.Торайғыров атындағы ПМУ доценті. Білімі: жоғары. 1969 жылы Алматы шет тілдер педагогикалық институтын тәмамдады, біліктілігі – ағылшын тілі мұғалімі. 1980 жылы -  КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебі. Біліктілігі – заңгер.

Жалпы жұмыс өтілі - 40 жыл.  1975-1997 ж.ж. ішкі істер органдарында еңбек етті. Отставкаға ҚР ІІМ Павлодар заң колледжінің аға оқытушысы лауазымында, милиция подполдковнигі шенінде шықты.

1997 жылдан бастап С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «Мемлекет және құқық тарихы мен теориясы» кафедрасының аға оқытушысы болып табылады. Қазіргі уақытта келесідей пәндерді оқытады: «Сот және сот төрелігі», «ҚР әкімшілік құқығы».

30 мақаланың, «ҚР әкімшілік құқығы» оқу құралының авторы болып табылады.

Қазіргі уақытта ҚР әкімшілік құқық саласында ғылыми-зерттеушілік жұмыстарын жүргізуде.





Олжабаев Болат Хабдуллинұлы

З.ғ.к., С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің доценті.

Білімі жоғары:

1) техникалық, Казақ политехникалық институты;

2) заңи білімі, КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебі.

ІІМ органдарындағы жұмыс өтілі – 20 жыл. Білім беру жүйесінде – 1999 жылдан бастап.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аспирантурасы, 2006 жылы 12.00.02-конституциялық құқық мамандығы бойынша диссертациясын қорғады.      Негізгі оқытылатын пәндері: мемлекет және құқық теориясы, халықаралық бұқаралық құқық,   ҚР конституциялық құқығы.

30 – дан астам мақаланың авторы болып табылады.

ҚР конституциялық құқығы пәні бойынша оқу құралының авторы болып табылады.

Қазіргі уақытта ҚР конституциялық құқығы пәні бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Еңбек етумен қатар жүйелі түрде біліктілігін арттырып отырады:

1 Жер заңнамасы бойынша

2 Кредиттік оқыту жүйесі бойынша




Шалдыбаев Жұмабек Абдрахманұлы

С.Торайғыров атындағы ПМУ доценті.

КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің құқықтану факультетін тәмамдады, біліктілігі – заңгер. Жалпы жұмыс өтілі - 40 жыл. Білім беру жүйесінде – 2002 жылдан бастап. 2008 жылдан бастап С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде еңбек етуде. Қазіргі уақытта келесідей пәндерді оқытады: ҚР конституциялық құқығы, ҚР экологиялық құқығы, ҚР жер құқығы.

18 мақаланың және «ҚР Экологиялық құқығы» атты оқу құралының авторы болып табылады.

«ҚР экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу процесіне іскерлік оқу ойынын жасап, енгізді.

 

 

 

Карибаева Жанар Кабдрашқызы

Құқықтану кафедрасының аға оқытушысы.

Білімі жоғары: “Кайнар” Университеті, мамандығы-құқықтану, біліктілігі - заңгер.

1998ж. – «Қайнар» университетінің Павлодар өкілдігінде заңи пәндердің оқытушысы.   

2002 жылдан бастап - С. Торайғыров атындағы ПМУ құқықтану кафедрасының оқытушысы.       

2008 жылдан бастап -  С. Торайғыров атындағы ПМУ мемлекет және құқық тарихы мен теориясы кафедрасының аға оқытушысы. 30 мақаланың авторы болып табылады.

Негізгі оқытылатын пәндері: ҚР азаматтық құқығы, ҚР тұрғын үй құқығы.

Қазіргі уақытта ҚР қылмыстық құқық пәні бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

 


 

Жакишева Анара Ескенқызы

Құқық магистрі – құқықтану кафедрасының аға оқытушысы.

Білімі: жоғары, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, Алматы қ., мамандығы - құқықтану.

Жұмыс өтілі: 2002-2005жж. – С. Торайғыров атындағы атындағы ПМУ.

2005-2007жж. ҚазМЗУ ПМЗИ, 2007-  С. Торайғыров атындағы атындағы ПМУ, аға оқытушы.

Қазіргі уақытта «Құқықтану» мамандығының студенттеріне келесідей пәндерді оқытады: Мемлекет және құқық теориясы, халықаралық жеке құқығы, ҚР еңбек құқығы.Жалпы жұмыс өтілі – 9 жыл, тәжірибелік қызметінен өтілі бар.

«ҚР Еңбек құқығы» атты оқу құралының авторы болып табылады және 15 ғылыми мақалалары бар.

 

 

Свидерская Ольга Семеновна

Құқықтану кафедрасының аға оқытушысы.

Білімі: жоғары. 1986ж. бастап Свердлов заң институтын тәмамдады, біліктілігі – заңгер. Жалпы жұмыс өтілі – 35 жыл.  ЖОО-ғы педагогикалық өтілі 9 жылды құрайды.

Қазіргі уақытта аға оқытушы болып табылады және келесідей пәндер бойынша дәріс сабақтарын жүргізеді: жер құқығы, кәсіпкерлік құқығы, отбасы құқығы.

Тәжірибелік кеңестер және соттық тәжірибелер негізінде жүйелі түрде заң мәселелері бойынша мақалалар жазып отырады.


 

 

Бектурсын Зарина Нұрмұханбетқызы

Құқықтану кафедрасының аға оқытушысы.

Білімі жоғары, Е. Букетов атындағы ҚарМУ тәмамдады, мамандығы – құқықтану. Біліктілігі – заңгер.

Жалпы жұмыс өтілі – 5 жыл. С. Торайғыров атындағы атындағы ПМУ 2003 жылдан бастап еңбек етеді.

Қазіргі уақытта келесідей пәндерді оқытады: ҚР отбасы құқығы, құқықтық статистика, рум құқығы, ҚР тұрғын үй құқығы.

8 мақаланың авторы.

Жүйелі түрде біліктілігін арттырады.

 


 

Дубовицкая Ольга Борисовна

Философия магистрі, құқықтану кафедрасының аға оқытушысы.

Білімі жоғары, С. Торайғыров атындағы ПМУ, мамандығы: Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі – бастауыш сыныптардың мұғалімі. 2000 ж. құқықтану мамандығы бойынша Павлодар университетін тәмамдады.      

Жалпы еңбек өтілі -14 жыл. С. Торайғыров атындағы ПМУ 2001 жылдан бастап еңбек етеді. Келесідей пәндерді оқытады: Азаматтық құқығы, Азаматтық іс жүргізу құқығы.

Тәжірибелік кеңестер және соттық тәжірибелер негізінде жүйелі түрде заң мәселелері бойынша мақалалар жазып отырады. 32 мақаланың авторы болып табылады.

 

 

 

Ахмадиева Айгүл Төлеуханқызы

Құқықтану кафедрасының аға оқытушысы.

Білімі жоғары. С. Торайғыров атындағы ПМУ, біліктілігі – заңгер.  

2006 жылдан бастап С. Торайғыров атындағы ПМУ мемлекет және құқық тарихы мен теориясы кафедрасының  оқытушысы.      

2009 жылдан бастап аға оқытушысы . Негізгі оқытылатын пәндері: Мемлекет және құқық теориясы, Мұсылман құқығы, мемлекеттік тілде шет елдердің мемлекет және құқық тарихы мен теориясы.

15 мақаланың авторы болып табылады. Жұмыс барысында жүйелі түрде біліктілігін арттырып отырады.



 

 


 

Борецкий Алексей Владимирович

Құқықтану кафедрасының аға оқытушысы

Білімі жоғарғы заңи. 2001 жылы Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын тәмамдады, «Құқықтану» мамандығы бойынша заңгер біліктілігі берілді. Ішкі істер органдарының тергеу бөлімшелерінде тәжірибелік өтілі бар. Жалпы оқытушылық өтілі – 9 жыл.

Негізгі оқытылатын пәндері: Криминалистика, ҚП ҚІЖҚ, Сот экспертологиясы.

25 мақаланың авторы болып табылады, қазіргі уақытта қылмыстардың жекелеген түрлерін тергеудің әдістемелері саласындағы мәселелерді зерттеумен айналысуда, негізінен «Адамдарды сатуды тергеудің ұйымдық-тактикалық ерекшеліктері» тақырыбындағы кандидаттық диссертациямен жұмыс істеуде.


 

Сикацкая Ольга Александровна

Құқықтану кафедрасының оқытушысы

2003 жылы күндізгі Омбы мемлекеттік университетінің күндізгі бөлімін тәмамдады, заңгер біліктілігі берілді. 2009 жылы Омбы мемлекеттік университетінің аспирантурасына түсті диссертациялық зерттеуінің тақырыбы «Ұйымдастырылан қылмыстылықпен күресудегі халықаралық ынтымақтастық» ғылыми жетекшісі з.ғ.д., профессор Клейменов К.П.

Бірқатар ғылыми мақалалары және тәжірибелік қызмет өтілі бар.


 

Исаев Марат Джанабилұлы

2009 жылы Павлодар мемлекеттік университетінің күндізгі бөлімін тәмамдады заңгер біліктілігі берілді. 2011 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистратурасын тәмамдап заң ғылымдары магистірі академиялық дәрежесі берілді.

Диссертациялық зерттеу жұмысының тақырыбы «ҚР азаматтық іс жүргізу заңнамасын қолдану және жақсарту мәселелері».

 




 

Юриспруденция саласында мамандарды даярлау процесі «Мемлекет және құқық тарихы мен теориясы» кафедрасында жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Оқыту 2 тілде жүзеге асырылады.Дәріс, тәжірибе, лабораториялық және семинар сабақтарын өткізудің нысандары мен әдістері үнемі жандандырылады. Студенттердің ЖОО, халықаралық ұйымдар мен қорлар ұйымдастыратын семинар, конференциялар мен жарыстарға қатысуға мүмкіндіктері бар. 

 
 
 

Портал бойынша іздеу


Бізбен болыңыздар: Twitter Facebook Youtube
 

Жаңалықтар, хабарландырулар

 

Іс-шаралар күнтізбесі

 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
 

Культурное наследие

 
                                       
С.Торайғыров Павлодар мемлекеттік университеті, 2009-2012, E-mail: