“Әлеуметтану және саясаттану” кафедрасы: Оқу-зертханалық база
Кафедраға «Саясаттану» және «Әлеуметтану» кабинеттері бекітілген. Олар көрнекілікпен ғылыми және оқу әдебиетімен қамтылған.
Кафедрада оқытушылардың , магистранттардың, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы ұйымдастырылған. Саясаттану және әлеуметтану бойынша түсіндірмелі сөздік шығарылды, ұжымдық монография «Түрлі жақтарынан қарастырылған саяси болмыс», профессор Г.Н Иреновтың «Де-и-редеилогизация» монографиясы, саясаттанушы және әлеуметтанушы студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар шығарылды. Кафедра оқытушылары студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына белсенді жұмылдырады. Олар жыл сайын «Сатпаев оқулары» атты халықаралық конференцияға қатысады, түрлі кафедраішілік, жоғары оқу орындары арасындағы және халықаралық деңгейдегі конференцияларға баяндама жасайды. Барлық студенттердің десе де болады, оқудың аяғына қарай 3-5 мақалалары жарық көреді. Бұл жағдай олардың магистратураға түсуіне мүмкіндік береді.