Назар салыңыздар
Құрметті студенттер!
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті сіздерді 2018 жылғы 10.01 -20.01 аралығында «Қысқы мектеп-2018» жұмысына қатысуға шақырады. Ұсынылатын курстар.
Қатысушыларға тегін жатақхана беріледі.
Бағдарламада қатысу үшін қойылатын талаптар: «А», «А-», «В+», «В», «В-» академиялық көрсеткіштеріне ие болуы міндетті.
Қатысу үшін төменде көрсетілген құжаттарды Академиялық ұтқырлық орталығына (260 каб.) тапсыру қажет: Өтініш пен Оқу Келісімі таңдаған пәндер тізімімен, транскрипт.
Толық ақпаратты академиялық ұтқырлық орталығынан ала аласыздар (А-260).












































