Жаңалықтар, хабарландырулар

Іс-шаралар күнтізбесі

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
23 24 25 26 27 28 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Раскрутка сайта, Оптимизация сайта, Продвижение сайта, Реклама!

"Орындаушылық өнер" кафедрасы

Кафедраның құрылу тарихы

С. Торайғыров атындағы ПМУ-не қарасты Филология, журналистика және өнер факультетінде 2004 жылдан «Орындаушылық өнер» кафедрасы жұмыс істейді. Кафедра меңгерушісі п.ғ.к., ПМУ доценті Сметова Алмагүл Амантайқызы, С.Торайғыров атындағы ПМУ-де ПОҚ басшылық қызметте 20 жыл жұмыс істейді.

 

 

Кафедра басшылығы

Аты-жөні: Дүкебай Назымбек Сәбитұлы.

Лауазымы: «Орындаушылық өнер» кафедра меңгерушісі.

Ғылыми дәрежесі: ПМУ доценті.

Жоғары білім беретін білім мекемесі: С.Сейфуллин атындағы Целиноград педагогикалық институты.

Ғылыми еңбектері:

- 1-4 казақ сыныптарына арналған музыка бағдарламасы;

- 2 сынып үшін бағдарлама; - 2 сынып үшін оқу құралы (178 бет.);

- 2 сынып үшін оқулық (суреттер, 120 бет.); - 3 сынып оқу құралы (150 бет.);

- Балаларға арналған әндер ОӘК жинаққа ұсыныс (суреттер, 82 бет.);

- 2 сынып үшін фонотека (72 шығарма, бейнелер, эпизодтар);

- ЖОО-ы үшін авторлықпен ф.ғ.к., А.Амреновамен бірге «Музыкалық білім» мамандығы бойынша «Музыкалық білім беру теориясы» (120 бет.);

- Астананың 10 жылдығына арналған Г.Жұматов ақынмен бірігіп «Астана асқақ - әсем ән» ән жинағы және компакт-диск шығарды;

- Павлодар облысына 70 жылдығын арналған Қ.Смагуловпен «Жырлайды жүрек» атты ән жинағын шығарды (80 бет.);

- «Жастар және патриоттық тәрбие» атты жастарды патриоттық тәрбиеге арналған ән және музыкасының авторлық әндер жинағы жарияланды;

- ЖОО-ы үшін ф.ғ.к., С.Торайғыров атындағы ПМУ доценті Г.Дүкебаймен бірігіп «Музыкалық білім» мамандығына арналған «Музыкалық психология, музыкалық білім беру психологиясы, музыкалық іс-әрекет психологиясы» (104 бет) атты оқулық жазды.

Еңбек өтілі: 35 жыл.

Байланыс телефон: 45-09-41, үй: 67-05-41, 8 701 142 53 54.

 

Кафедраның орналасқан мекен-жайы БУК, 26 ауд.

Байланыс телефоны: 45-09-41 (143)

 

 

Кафедраның жетістіктері

Кафедра ұжымының шығармашылық жұмыс: 2006 жылы «Халық» атағын алған Естай атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің дирижоры С.Торайғыров ПМУ доценті, ҚР мәдениет қызметкері Каримов Талғат Баритович басшылығымен Құрманғазы (Алматы) атындағы академикалық оркестрімен бірлесе отырып қызмет жасайды, Республика, облыс және қала деңгейінде қоғамдық жұмыстарға қатысып, өнер көрсетеді.

 

 
 
 
 

Кафедрада 450 орынға арналған концерттік зал бар. Онда халықаралық конкурс-фестивальдар, концерттер, конференциялар өткізіледі. 2008 ж. 5-ші Республикалық «Үздік музыка мұғалімі — 2008» атты конкурс-фестиваль өткізілді.

 

 
 
 

Аралас хор – басшысы және дирижері, кафедраның аға оқытушысы Анишева Гүлжан Мағауияновна, хор байқауларының лауреаты (Павлодар қаласында, С.Торайғыров атындағы ПМУ өткен және ҚР ЖОО-ы арасында «Үздік музыка мұғалімі – 2008» фестивал-байқауының лауреаты).

 

 

Хор репертуарында қазақ, шетел классиктерінің шығармалары, «Ертіс жұлдыздар» эстрадалы Республикалық «Дос Мұқасан» ән байқаулардың лауреаты және т.б.

 

 

 

 

Мамандықтар және мамандандырулар туралы

 

Профессор-оқытушылар құрамы

 

Оқу-зертханалық база