loading
 
 

«Білік» газеті

1. Қазақстан халқы үшін Тұңғыш Президент күнінің маңызы қандай?

2. Астананың ЕХРО-2017 көрме иесі атану тарихи жағдай болып табылады. Бұл халықаралық көрме Қазақстанға не береді?

  Құрметті оқырмандар, аталмыш сұрақтарға өз ой-пікірлеріңізді адресіне жолдай аласыздар, үздік авторларды «Білік» газетіне жариялап, Елбасының «Стратегия Независимости», «На пороге XXI века» атты кітаптарын сыйға тартамыз.

  Сонымен қатар, «Білік» газетінде қандай мақалалар оқығыңыз келетіні жайлы ойыңызбен бөліссеңіз болады.


 

Жүйеге кіру үшін тіркеліңіз

Қазіргі уақытта порталда 268 қонақтар 
 
 
 

Аударма және мәдениетаралық коммуникация ғылыми-практикалық орталығы

Аударма және мәдениетаралық коммуникация ғылыми-практикалық орталығы аударма жасау арқылы Қазақстан Республикасы мен Ертістің Павлодар өңірінің тарихын, мәдениетін, әдебиеті мен өнерін насихаттап тарату, жоғары білікті аудармашы кадрларды дайындау, ғылыми зерттеулерді үйлестіру мақсатында 2004 жылы университеттің ғылыми-практикалық буыны ретінде Қазақстан Республикасының  жоғары оқу орындарындағы ғылыми орталықтар туралы ереженің негізінде шет тілдері факультетінің жанынан құрылды. Орталық қызметін өз атынан университет мүддесінде жүргізеді.

Қазақ, орыс, неміс, араб және ағылшын тілдерінен (тура және кері) аудару, аталған тілдерден аударманың ғылыми негіздерін жетілдіру және оларды практикаға енгізу мақсатында аудармашылық сәйкестіктерді өңдеп, жүйелендіру Орталықтың негізгі қызметі болып табылады.

Орталық қызметкерлері, орыс-ағылшын аудармасы саласының мамандары университеттің түрлі байланыстар орнатуына көмектеседі, шарттардың, келісімдердің, хаттардың мәтіндерін аударады.

Республикада жоғары оқу орны дайындығының көптеген бағыттары бойынша қазақ аудиториясына арналған оқулықтардың тапшы екені құпия емес. Республикада танылған және қабылданған оқулықтарды орыс тілінен қазақшаға аудару орталық міндеттерінің бірі болып табылады.

  Аударма және мәдениетаралық коммуникация ғылыми-практикалық орталығының мақсаттары, қызметтік міндеттері

1. Қазақ, орыс, неміс, араб және ағылшын тілдерінен (тура және кері) аудару, аталған тілдерден аударманың ғылыми негіздерін жетілдіру және оларды практикаға енгізу мақсатында аудармашылық сәйкестіктерді өңдеп, жүйелендіру Орталықтың негізгі қызметі болып табылады.

1.1 Орталықтың ғылыми-зерттеу қызметіндегі  басым бағыттары:

  • Қазақстан мәдениетін мемлекеттен тыс  жерлерге тарату және қазақстандық ғылымды әлемдік ғылымның озат идеяларымен байыту  мақсатында қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы іргелі ғылыми еңбектерді, ұлттық және әлемдік ой, мәдениет пен әдебиет басылымдарын (қазақ, орыс, неміс, араб және ағылшын тілдерінен және кері)  аудару қызметін жүзеге асыру;
  • өзге тілдерді оқыту мен аударма теориясы мен практикасын жетілдіру деңгейін арттыру (соның ішінде шетелдік ғалымдармен бірлесіп) мақсатында функционалдық және коммуникативтік аспектілерде қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін салыстырып зерделеу; тіл иелерінің мәдениетаралық коммуникациясы жетілдіру мақсатында қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерінің лингвомәдениеттанымдық аспектісін зерделеу;
  • жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтың нақты ақиқаттың көркемдік бейнесін табу (соның ішінде шетелдік ғалымдармен бірге) мақсатында қазақ және шығыс, қазақ және орыс, қазақ және батыс әдебиетін салыстыра-салғыстыра зерттеу.  

1.2. Орталықтың ұйымдық қызметінде негізгі жұмыстары: 

  • С.Торайғыров атындағы ПМУ ғалымдарының ғылыми жетістіктерін насихаттау үшін бірінші кезекте шетелде жариялануға тиіс зерттеулерді іріктеу мақсатында С.Торайғыров атындағы ПМУ ғалымдарының зерттеулерін жүйелеуден;
  • қазақ тілінде оқитын студенттерді кәсіби дайындауға мемлекеттік тіл қызметінің мониторингінен, осы саладағы проблемаларды тауып, оны шешуден;
  • аталып өткен зерттеу бағыттарының шеңберінде Қазақстанның, таяу және алыс шетелдердің жетекші жоғары оқу орындарымен әр деңгейлі ғылыми қатынастар орнатудан;
  • С.Торайғыров атындағы ПМУ профессор-оқытушы құрамының аударма, салыстырмалы-салғыстырмалы тіл білімі, әдебиеттану жөніндегі республикалық және халықаралық конференцияларға қатысуын (алдын ала Орталықтың мәжілісінде талқылап) белсендендіруден;
  • С.Торайғыров атындағы профессор-оқытушы  құрамының шет тілдерде халықаралық ғылыми еңбектер жинақтары мен конференцияларды дайындап, қатысуын көмектесуден;
  • С.Торайғыров  атындағы ПМУ тіл мамандықтары студенттерінің, магистранттарының зерттеу қызметін үйлестіруден тұрады;
  • Магистранттар  мен аспиранттар үшін оларды лингвистикалық терминологияның жүйелік, лексикографиялық және коммуникативтік-прагматикалық аспектілерімен, лингвистикалық зерттеудің әдістемелігімен таныстыру мақсатында  металингвистикадан курс ұйымдастыру;
  • Орталықтың қызмет бағыттары бойынша жееткші ғалымдарды шақыру;
  • Орталықтың ғылыми қызметін ғылыми қызметкердің шығармалары түрінде «ПМУ жаршысы»: «Филология сериясы»-нда жариялау;
  • Орталықтың ғылыми қызметкерлері мен басқа қыхметкерлерінің атқарған жұмысы туралы есептерін мерзімді тыңдау;
  • Орталықтың қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, ғылыми-зерттеу жұмысының тәжірибесімен алмасу мақсатында дипломдық, магистрлік, кандидаттық, докторлық диссертацияларды орталықтандырылған талқылауды ұйымдастыру.

Орталық жоғарыда аталған бағыттар шеңберінде келесі міндеттерді өткереді:

  • С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың орта мерзімдік бағдарламасы шеңберінде жазылған материалдарды Орталықтың жұмыс тілдеріне аударып, сайтына орналастыру;
  • «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жазылған материалдарды Орталықтың жұмыс тілдеріне аударып, сайтына орналастыру;
  • Алыс шетелдер конференцияларына  қатысып, ғылыми еңбектер жинағына енгізу үшін С.Торайғыров атындағы ПМУ ғалымдарының еңбектерін Орталықтың жұмыс тілдеріне аудару;
  • Белгілі сала бойынша толық ұғымдық сөздіктер құрастыру мақсатында Павлодар облысының өндірістік және іскерлік қызметі және С.Торайғыров атндағы ПМУ-дың ғылыми-зерттеу жұмысы салалары бойынша тезаурусқа мәліметтер банкін жасау;
  • Тіл мамандықтары студенттері, магистранттары, аспиранттары үшін арнаулы әдебиетті аудару жөніндегі арнайы курстар мен арнайы семинарлардың бағдарламаларын жасау;
  • Тіл мамандықтары бойынша дипломдық және магистранттық жұмыстардың тақырыптарын (тематикасын) жасау;
  • Тіл мамандықтары студенттері үшін оқу-өндірістік практикаға арналған база жасау;
  • Орталықтың жыл сайынғы есептік шараларын ұйымдастыру.

Орталық қызметкерлері

Араб тілінде Ертістің Павлодар өңірінің танымал адамдары туралы брошюралар дайындау (Араб тілді елдерді Қазақстан туралы хабардар ету жөніндегі жұмыс)

 
 
 
 

Портал бойынша іздеу


Бізбен болыңыздар: Twitter Facebook Youtube
 

Жаңалықтар, хабарландырулар

 

Іс-шаралар күнтізбесі

 2013
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
 

Мәдени мұра

 
                                           
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2009-2012, E-mail: