Жаңалықтар, хабарландырулар

Іс-шаралар күнтізбесі

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
23 24 25 26 27 28 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Раскрутка сайта, Оптимизация сайта, Продвижение сайта, Реклама!

"Экономика және кәсіпорындағы басқару" кафедрасы

 

КАФЕДРАНЫҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ

 

Экономика және кәсіпорында басқару кафедрасы 1991 жылы құрылды. Бұл уақыт айтарлықтай көп болмағымен аймақтың басқару білмінің мәнін көрсетерлік мерзім.

Қазақстанда нарықтық қатынасты дамытуда өнідіріс саласында жаңаша ойлайтын басшылар қажеттігі туды. С.Торайғыров атындағы ПМУ даярлаған және болашақта даярлайтын техникалық мамандар басшылық қызметіне келісімен «өз» және «жалпы» істерін басқару жөнінде білімнің қажеттігін сезе бастайды. Уақыттың мұндай талабына сай С.Торайғыров атындағы ПМУ-де 1991 жылы Павлодар облысында менеджмент саласында тұңғыш қадам бастырған «Экономика және менеджмент» кафедрасы ашылды.

Кафедра ашылған тұстан бастап оның оқытушылары басқару саласы бойынша әртүрлі конкурстарға, жобаларға, бағдарламаларға қатысып, басқару саласында саналуан ғылыми-практикалық жобалар жасап, белсенді қызмет көрсетіп келеді. Осыған орай оқытудың қазіргі заманғы әдістері мен түрлері: кейстік және тестілік технология, іскерлік және рөлдік ойындарды, тұсау кесер рәсімі және модерация, баспасөз конференцияларын және пікір таластар өткізу және Интернет технологияларының мәнін зерттеп, оларды өз қызмттерінде қоладынып жүр.

Экономика және кәсіпорында басқару кафедрасы мынадай мамандықтар бойынша бакалаврлер даярлайды:

- 050506 Экономика;

- 050507 Менеджмент;

- 050511 Маркетинг.

Таяу уақытта экономика және кәсіпорында басқару кафедрасының жанынан ҚР жетекші университеттерімен және Зеленогурск университетімен (Польша) бірлесіп, «Халық шаруашылығының экономикасы және басқару» мамандығы бойынша Phd докторонтурасын ашу жоспарланды.

Қазір кафедра «Экономика», «Менеджмент», «Маркетинг» мамандықтары бойынша магистрлер даярлауды жүзеге асыруда. Экономика және кәсіпорында басқару кафедрасының түлектеріне Павлодар облысында сұраныс көп. Кейбір түлектер өздерінің ұстаздарыынң ғылыми жетістіктері жөніндегі дәстүрлерін жалғастыру үшін магистрде және аспирантурада оқуларын жалғастырып жүр.

 

 

 

 

 

 

 

КАФЕДРА БАСШЫЛЫҒЫ

 

Құниязова Сәуле Қайырбекқызы

1997 жылы Павлодар мемелекеттік университетін «Кәсіпорындағы менеджмент» (салаларда және әлеуметтік ортада) мамандығы бойынша бітірді. Университетті бітірген соң 1997 жылдан 1998 жылға дейін Павлодар мемлекеттік университетінің «Экономика және менеджмент» кафедрасында стажер-зерттеуші болып қызмет істеді. С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің 08.00.05 «Экономика және халық шаруашылығын басқару» мамандығы бойынша аспирантураны бітірді, С.Торайғыров атындаығ ПМУ-нің «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы болып қызмет істеді. 2003 жылы экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесінде диссертация қорғады, сол жылы «Экономика және кәсіпорында басқару» кафедрасыынң меңгерушісі болып тағайындалды. Бұл қызметтің алғашқы күндерінен бастап ол өзін жауапкершігі мол, адал ниетті қызметкер, бастамашыл, сөзі мен ісінің арасында алшақтығы жоқ, өзінің білімін ұдайы жетілдіріп отыратын маман ретінде көрсете білді.

Еліміздің мынадай жетекші ЖОО-да және қаланың өнеркәсіп орындарында тәжірибеден өтті:

- 1998 ж. «Өтпелі экономика», КИМЭП, Алматы қаласы, сертификат;

- 2001 ж. «Борлы» АҚ өндірістен қол үзбей тәжірибеден өтті;

- 2002 ж. «ЖОО-ның ұстаздарының педагогикалық шеберлігінің негізі», С.Торайғыров атындағы ПМУ, сертификат;

- 2002 ж. қараша «Экономист маркетологтар, экономист менеджерлер» даярлауда кейстерді пайдалану әдістемелері», Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ жанындағы МКИ, сертификат;

- 2002 ж. «Борлы» АҚ өндірістен қол үзбей тәжірибеден өтті, Қарағанды қаласы;

- 2003 ж. Кредиттік технология бойынша семинарға қатысты, Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ жанындағы МКИ, сертификат;

- 2005 ж. PCRP «Қоғамдық саясат: тұжырымдама және практика» семинарына қатысты, Алматы қаласы

С.Қ.Құниязова қазіргі уақытта 19 ғылыми-әдістемелік еңбектің авторы, оның 1-уі оқу-әдістемелік құрал, 1-уі монография.

Кәсіпорындарындағы маркетинг, еңбек нарығын зөерттеу мәселелері бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасауға белсене кіріседі. «Прометей» бағдарламасы бойынша студенттік жобалар жасауға қатысты.

«Қазақстан алюминийі» Ақ-да СНС ретінде шаруашылық келісім-шарт ғылыми-зерттеу жұмысына қатысты.

ҚР БҒМ жо,ары оқу орындарын аттестациялау жөніндегі комиссиясының жұмысына бірнеше рет қатысты.

 

 

Кафедраның орналасқан мекен-жайы

Павлодар қ, Ломов көш 64, С. Торағыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің "Экономика және өндіріс орнын басқару" кафедрасы

тел: 8(7182) 45-09-41 (ішкі. 142)

 

Мамандықтар және мамандандырулар туралы


Профессор-оқытушылар құрамы


Үздік түлектер