Жаңалықтар, хабарландырулар

Іс-шаралар күнтізбесі

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
23 24 25 26 27 28 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Раскрутка сайта, Оптимизация сайта, Продвижение сайта, Реклама!

«Электрэнергетикасы» кафедрасы

Кафедраның құрылу тарихы

Кафедра өзінің тарихын 1960 жылдан, Павлодар индустриялық институтының құрылуынан бастайды. Павлодар облысы үнемі дерлік энергетика саласында жоғары білікті мамандарды даярлауда қажеттілік тудырып, ірі зауыттар мен энергетикалық нысандар орналасқан өндірістік орталық болып табылады. Кафедра көп жылдардан бері Павлодардың Ертіс өңірі үшін энергетика саласында мақсатты бағыттағы дайындық пен мамандарды даярлауды жүргізеді.

 

Кафедра басшылығы

Захаров Игорь Вячеславович — «Электрэнергеткиасы» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымының докторы, профессор.

И.В. Захаров 1958 жылы Чапаевск қаласында (Самар облысында) туған. И.В. Захаров 1981 жылы сол кездегі Павлодар индустрялық институтын бітірген соң, С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетінде құрылғаннан бері жұмыс істейді.

ЖОО-да И.В. Захаров электрмен жабдықтау кафедрасының ассистентінен электр энергетикасы кафедрасының меңгерушісіне дейін өсіп, техникалық ғылымының докторы болады.

И.В. Захаров көп жылдардан бері жоғары білікті маман-энергетиктерді дайындау ісіне көп үлес қосады. Ол оқу жүктемесінің барлық түрін: оқу және тәрбиелік жұмыстарды ғылыми қызметпен ұштастырады. 100 ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың авторы, өнертапқыштығы үшін алған авторлық куәліктері бар. Ғылыми жұмысы электртермия саласындағы зерттеумен байланысты. И.В. Захаров магистратура бойынша мамандарды даярлау мен электр энергетикасының өзекті мәселелерін белсенді жүргізеді. И.В. Захаровтың жетекшілігімен магистрант А.Д. Ижикованың «Сыйымдылық байланыспен индукциялық қыздыру құрылғыларын зерттеу» тақырыбындағы ғылыми жұмысына баяндама жасалып, 2003 жылғы «ІІІ Сәтбаев оқулары» жас ғалымдар республикалық конференциясында бірінші орын алды.

И.В. Захаров соңғы жылдары С.Торайғыров ат. ПМУ студенттерінің жиынтығын ұйымдастыруда өз қабілеттілігін көрсетіп, қабылдау комиссисяның жауапты хатшысы болады.

И.В. Захаров қоғамдық жұмыстарды жүргізіп, университеттің спорттық түріне белсенді қатысады.

И.В. Захаров зайырлы Қазақстанның рухани және әлеуметтік даму жетістіктеріне қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрметті грамотасымен марапатталды.

 

 

Кафедра жетістіктері

2008 ж. оқытушылар мынадай конкурстар мен номинацияларды ұтып алды:

- Қазақстан Республикасының ғылымы мен техникасын дамытуға ғалымдар мен мамандарға қосқан үлесі үшін 2008-2010 жж. Ғылыми мемлекеттік стипендиясының лауреаты, т.ғ.д., профессор Үтеғұлов Б.Б.

- ЖОО-ның үздік профессоры т.ғ.д., профессор Б.Б. Үтеғұлов.

- ЖОО-ның үздік аға оқытушысы А.М. Ақаев.

- Қазақстан Республикасының ғылымы мен техникасын дамытуға ғалымдар мен мамандарға қосқан үлесі үшін 2008-2010 жж. Ғылыми мемлекеттік стипендиясының лауреаттары Үтеғұлов А.Б., Уахитова А.Б., Исенов С.С.

 

Кафедраның орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64-үй, С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университеті, А корпусы, 223 кабинет, «Электр энергетикасы» кафедрасы, тел.8(7182) 45-08-27.

 

Мамандықтар және мамандандырулар туралы

 

Профессор-оқытушылар құрамы

 

Оқу-зертханалық база

 

Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстар