Кафедра тарихы.
«Әлеуметтану және саясаттану» кафедрасы өзіндік құрамдас бөлімше ретінде 2008 жылдың шілде айында «Отандық тарих», «Философия, әлеуметтану және саясаттану», «Археология, этнология және этнография» кафедраларының қайта ұйымдастырылу арқасында қалыптасты. 050502 «Саясаттану» мамандығы бойынша студенттерді дайындау 2004 жылдан бастап, ал 2006 жылдан бастап – 050501 «Әлеуметтану»іске асып отыр. 2010 жылы 050501 «Әлеуметтану» мамандағына студенттерді қабылдау тоқтатылған. 2004 жылы кафедра саясаттану магистрлерін және әлеуметтану магистрлерін оқытуға құқығына ие болды.
Қазіргі таңда күндізгі оқу бөлімінде кафедрада «Саясаттану» мамандығында 32 студент, «Әлеуметтану» және «Саясаттану» мамандығында 5 магистрант білім алуда. Күндізгі оқу бөлімі студенттер қатарында 13 адам БҒМ мен Облыс әкімі гранттарымен тегін оқып жүр. Кафедраның қашықтық білім беру нысаны бойынша екінші жоғарғы білім алу мақсатымен студенттерді оқытуға мүмкіндігі мен құқығы бар.
Кафедра бакалавриат пен магистратура мамандықтарының Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сай әрекет етеді.Мамандықтар типтік және жұмыс оқу бағдарламаларымен, ПМУ Ғылыми Кеңесімен бекітілген жұмыс оқу бағдарламаларымен қамтамасыз етілген. Кафедра жұмысы саясаттану мен әлеуметтану теория мен методологияның негіздерін білетін, саясаттанулық және әлеуметтанулық зерттеулерді өткізе білтін, Қазақстан Республикасында және жалпы бүкіл әлемде орын алатын саяси үрдістерді талдай білетін, дүниетанымдық мінездемелі жүйелі білімге ие, ғылыми-зерттеу дағдысы бар мамандарды даярлауға бағытталған.
«Әлеуметтану және саясаттану» кафедра әрекеті жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етіледі, олардың қатарында кафедра қалыптасу мен даму барысында ғылыми және білім беруде үлкен тәжірибеге ие, ғылым докторлары мен кандидаттары, магистрлер мен аға оқытушылар бар. Білім беру үрдісін жетілдіру мақсатында оқытушылар үшін кафедралық ғылыми-методикалық семинар жұмысы ұйымдастырылған, Қазақстанның алдыңғы қатарлы университеттерінде біліктілікті арттыру курстарға қатысу мүмкіндігі ұйымдастырылған, «Болашақ» бағдарламасы шегінде ғылыми тәжірибеден өту, «Баянтау» демалыс аймағындағы жазғы мектеп ұйымдастырылған. Білім беру үрдісі мен кәсіби әрекетті жақындастыру мақсатымен кафедра «Нұр Отан» ХДП облыстық бөлімшесінде филиал ашты.
Кафедра шетел жоғары оқу орындарымен белсенді және тиімді қатынаста. Ресей Халықтар достастығы университетінің Саяси ғылымдар мен Салыстырмалы саясаттану кафедраларымен (Мәскеу қ.), Тюмень мемлекеттік университетінің «Саясаттану» кафедрасымен, Б.Н. Ельцин атындағы Уральск мемлекеттік университетінің әлеуметтік және саяси ғылымдар институтымен, Оңтүстік федералды университетінің Әлеуметтану және саясаттану факультетінің «Конфликтология» және «Теориялық пен қолданбалы саясаттану» кафедраларымен(Ростов-на-Дону қ.), Кемеров мемлекеттік университетінің Саяси ғылымы мен әлеуметтану факультетінің «Саяси ғылымдар» кафедрасымен, Бауман атындағы Мемлекеттік техникалық университетінің Әлеуметтік-гуманитарлы ғылымдар факультетінің «Саясаттану» кафедрасымен, Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің «Саясаттану» кафедрасымен тығыз шығармашылық және кәсіби байланыс орнатылған.
Кафедра ұжымы республикамыздың жоғарғы оқу орындарының туыстас кафедраларымен тығыз қатынаста, мысалы ҚР БҒМ Ғылым комитетінің философия мен саясаттану институтымен, Абай атындағы ҚазҰПУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық МУ, Е.Букетов атындағы ҚарМУ, Шәкәрім атындағы Семей МУ.
Оқу жоспарына сәйкес кафедра педагогикалық және кәсіби практиканы ұйымдастырады. Арнайы орта білім беру мекемелері, мектептер, ішкі саясат департаменті, Павлодар облысы әкімдігі, мемлекеттік мекемелер, «Нұр Отан» ХДП Павлодар облысының филиалы, С.Торайғыров атындағы ПМУ аймақтық саяси зерттеулер орталығы практиканы өтуге болатын база деп анықталған. 2007 жылдан бастап студенттер-саясаттанушылар ҚР Президентінің Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтында практиканы өте алады.
Кафедра түлектері мемлекеттік мекемелерде, соның ішінде Сыртқы істер министрлігі, Ішкі саясат департаменті, Білім департаменті, Денсаулық сақтау департаменті, Павлодар облысының әкімдігі, ХДП Павлодар облысының филиалы және ҚДП «Ақ Жол» және т.б. жұмысқа орналасқан. Көп түлектер магистратураға түсіп, оны бітіргеннен кейін университетте жұмыс істеуге қалады.
Кафедрада академиялық мобильділікті іске асыру жұмысы өтеді. «Студенттер мен магистранттар академиялық мобильділігін дамыту» бағдарламасы аясында Д. Нурпейсова, А. Бердалина деген студенттер әл-Фараби атындағы Қазазақ ұлттық университетінде бір семестр оқып шықты. Ю. Терлецкая, С. Каримова, А. Тартыкаева, М. Альжанова және А. Маймакова деген магистранттар Collegium Civitas (Варшава қ., Польша) университетінде оқыды. Магистранттар Г. Туканова, Д. Накенова, К. Жумабекова Ресей мемлекеттік әлеуметтік университетінде ғылыми машықтанудан өткен болатын. Жыл сайын кафедраға шетелден атақты ғалымдар шақырылады. Солайша, 2012 жылыдң қаңтар айында PhD докторы Ева Каспарова (экономикалық университет, Прага қ., Чехия) шақырылған, 2012 жылдың желтоқсан айында PhD докторы Хаяти Тюфечь-Оглы (Түркия, Стамбул университеті) шақырылды. Кафедра шетелдік атақты ғалымдар мен жоғары оқу орындарымен белсенді түрде қатынасты нығайту жолында.
Кафедра басшылығы

ТАЖ: Қалиев Ильдар Әбужанұлы
Қызметі: кафедра меңгерушісі
Ғылыми, академиялық дәреже: Саясат ғылымдарының кандидаты
Ақпараттану халықаралық академиясының мүше-корреспонденті (ХИА) Алматы қ.
Ғылыми атағы: ЖАК доценті
Білімі: С. Торайғыров атындағы ПМУ «Тарих» мамандығы.
Ғылыми еңбектер тізімі: 34 мақала, 2 монография, 5 оқу құралы, 3 электронды оқулық («Политические системы и режимы», «Современные международные отношения и глобальное развитие», «Политические институты и субъекты политики».
Марапаттары, дипломдар, сертификаттар: «Тесттік нысаналарды оқу үрдісінде қолдану» курс сертификаты; Казпотресоюз Қарағанды экономикалық университетінің алғыс хаты; Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының Ұлттық орталығы, қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің алғыс хаты; «Қашықтықтан оқыту технологияларын оқу үрдісінде қолдану» атты семинарға қатысушының сертификаты; «Білім беру сапасын қамтамасыз етуде ЖО ішілік жүйені жасау» семинар-тренингке қатысушы сертификаты; «Заң тілінің риторикалық негіздері» курсына қатысушы сертификаты; «Қазіргі философияның өзекті мәселелері» атты семинарға қатысушының сертификаты; «Саясаттанушылардың жазғы мектебі» сертификаты; кафедраның арнайы пәндері туралы «Саясаттану бойынша II жазғы мектеп» семинар сертификаты; «Қашықтықтан оқыту технологиясымен білім беру» курс сертификаты; Thomson Reuters ресурстары бойынша ғылыми зерттеулер үшін семинарға қатысушы сертификаты.
Оқыту пәндері: «Саясаттану», «Әлеуметтану» (фак.ара.), «Саяси технологиялар», «Саяси режимдер мен жүйелер», «ҚР ұлттық қауіпсіздігі», «Саяси билік», «Саясаттын стратегиялық анализы», «Заманауи халықаралық қатынастар мен жаһанды даму», «Саяси менеджмент», «Әлемдік саяси үрдістің өзекті мәселелері».
Ғылыми зерттеу аясы: Ұлттық (халықаралық) қауіпсіздік, Халықаралық қатынастар, Саяси технологиялар.
Еңбек өтілі: 12 жыл.
Мамандықтар мен білім беру бағдарламалары туралы
Профессор-оқытушылар құрамы
Оқу-зертханалық база
Ғылыми-зерттеу жұмысы




































